+1 дауыс
36.0k көрілді
Өмір жайлы өлеңдер қажет, оны қайдан табуға болады?

Өлең өрнектері - өмір өткелдері
10:07
Өлеңмен өрнектелген өмірбаян
Жақсы ісіне жаршы болып жастардың,
Жетеледім шыңына арман-асқардың.
Алты жылдай ұстаз болып ауданда,
Он жыл бойы мектебімді басқардым.
Кітап оқып, жазам аздап өлеңді,
Ұнатамын шахмат, футбол дегенді.
Бес жыл бойы жұмыс жасап жатырмын
Ұстаздарға ұстаз болып мен енді.
Өмірлік өнеге-ұстанымдарыңыз қандай?
Күмән деймін көрмегенді көзбенен,
Өмірде көп өнеге алам өзгеден.
Парқын айқын түсінетін болғасын,
Қатты тиед көңіліме сөз деген.
Өз ортамда бар едәуір салмағым,
Тым жоғары азаматтық талғамым.
Өтелмеген парызым көп өмірде
Көп болғасын бергенімнен алғаным.
Қызметтегі басты бағыт-бағдарыңыздың мәні неде?
Жиі шомам қиял дейтін теңізге,
Арман қуып түсем кейде көп ізге.
Бірақ барлық ойларым мен ісімде
Сүйенуге тырысамын негізге.
Ұмтыламын қатарымнан қалмауға,
Істің мәнін, сөз аңысын аңдауға.
Қисынды ойды ұнатамын, сондықтан
Дайын тұрам бәрін жіктеп, талдауға.
Жақсы қасиеттеріңіз жайында айтсаңыз?
Түйсігім зор, қалам айқын қауіп ап,
Жақсы сөзден көңілім тез сауығад.
Берген істе, тапқырлық қып ұмтылам
Орындауға оңай жолын тауып ап.
Білгім келед жайларды ешкім білмеген,
Түйіндерді шешкім келед тілменен.
Ақылдымен сырласқанды жөн көрем,
Қара сөзді қатар қойып жырменен.
Кедергі болар кемшіліктеріңіз көп пе?
Тез түңілтіп өмірдің кей өткелі,
Болмас іске болам жиі өкпелі.
Тәуекелге бармағаннан болады
Кей ісімнің қырын қарап кеткені.
Кейде орынсыз сабырлылық сақтаймын,
Жөн болсам да жағаласып жатпаймын.
Сәтін салса, бұйырғаны болар деп
Асықпастан алға қарай аттаймын.
Алдағы армандарыңыз бен айтар тілектеріңіз?
Талапты жан жету керек мұратқа,
Ұмтылғасын қызмет атты қыратқа.
Өткім келед сан сынақтан сүрінбей
Өтпей қалсам өкінбеймін бірақта.
Сыртым емес, тек ішімнен жүдеймін,
Демес едім қолымды айға білеймін.
Әріптес пен бәсекелес бар жанға
Шын жүректен жол болсын деп тілеймін!
 
Бес белес
 
Барлаймын деп пәлсапаның өңірін,
Бір нәрсеге ауды кеше көңілім:
Болғанымен бәрі бірдей сияқты
Бес белестен тұрады екен өмірім.
Тербеткеннен әуез бесік, жыр бесік
Ойнағанша құрбылармен бірлесіп,
Жаралғаннан жеткенімше үш жасқа
Жүреді екем сұхбаттасып, тілдесіп.
Қысқан кезде түрлі нәрсе қойынға,
Басқа міндет мінеді екен мойынға:
Сол үш жастан алты жасқа жеткенше
Беріледі екем қызық ойынға.
Тиіс адам құпияға қануға,
Үйреніп те, ұғынып та алуға
Келер кезең: алты-он екі арасын
Арнайды екем оқуға һәм тануға.
Жақсыны алып, ұнағанда киюге,
Сұлулыққа бар істе бас июге,
Он екі мен он сегіздің арасын
Бөледі екем бағалау мен сүюге.
Құрық салып сосын көңіл-асауға,
Қызықтыдан қажеттіні қашауға,
Жұмсалады екен қалған өмірім
Жақсылық пен жақсы затты жасауға.
Бірақ бір жай бар бұл жерде алаңдар:
Жөндей алмас уақыт пенен замандар,
Өте алмастан келесі бір кезеңге
Бір белесте қап қояды адамдар.
Біреу аспай сөйлесу мен тойлаудан,
Келесісі зат жинау мен ойнаудан,
Енді бірі біле алмай не сүйе алмай,
Өзгені емес өз тірлігін ойлаудан.
Бір-бірінен аулақ салып іргені,
Күнделікті күйбең тірлік білгені
Өзгелерге таң қалған боп, бірақ та
Өзін-өзі түсіне алмай жүргені.
Өзімнің де парызым аз өтелген,
Өмір бойы жетілумен өтем мен.
Өзіме-өзім өкпелесем, ойланам:
Қай белесте қалып қойдым екем мен?!
  
Он сегіз жас
 
Он сегіз жас! Жырлайды оны бар ақын,
Көкке өрлетіп қиялының қанатын.
Керемет кез мадақтауға, мақтауға,
Шешеннің де тілі жетпей қалатын.
Он сегіз жас! Жұлдыз болып жанатын,
Қорқынышсыз оған тіпті қара түн.
Арманының биіктігі соншалық,
Заңғар көк те аласа боп қалатын.
Он сегіз жас! Ерліктерге шөлдеген,
Қиындықтан беті қайтып көрмеген.
Қызу жалын лапылдаған қанында,
Тұла бойды қажыр-қайрат кернеген.
Он сегіз жас! Тылсым әлем, көк аспан,
Батыл басып, болашаққа жол ашқан.
Ол – күрескер, бақыт үшін бас тігіп,
Әділет пен шындық үшін таласқан.
Он сегіз жас! Жамандыққа сенбейтін,
Сенім-жолдас, үміт оты сөнбейтін.
Ол-шаттықтың, қуаныштың ең шыңы,
Жастық көктем, қайта айналып келмейтін.
Он сегіз жас! Махаббаттың мекені,
Қуанышты, қайғылы да етеді.
Үлбіреген әсем гүлдер жайқалған,
Асқар таудың мәңгі жасыл етегі.
 
Ауыл туралы айтарым
 
Нұр септі деп есептейтін жауынын,
Күн шуаққа балайтұғын дауылын,
“Екпінді” деп аталады бұрыннан,
Мына менің туып-өскен ауылым.
Бала кезден бірге ойнаған досым да,
Мекен еткен құт-шаңырақ қосым да,
Жора-жолдас, құрбы-құрдас, ағалар
Бәрі-бәрі туып өскен осында.
Мейлі, өзгенің қайбіріне жағасың,
Әр түрлі етіп береді жұрт бағасын
Үш кандидат, қос профессор, қос доктор
Түп тамырын осы жерден табасың.
Ен даланың мекен еткен қақ төрін,
Шежіреден алған қазір нақты орын.
Азамат қып шығарған да осы жер
Ең кейінгі елтаңбаның авторын.
Мықты-мықты тұлғаларды сомдатып,
Ері еңбектен тапқан әркез мол бақыт
Менің ауылым – алыптардың анасы,
Ұлыларға жатыр тағы толғатып …

4 жауап

+4 дауыс
Өмір бірде мәз қылып күлдіреді
Бірде өкінтіп көңіліңді бүлдіреді.
Өмір деген сонысымен қызықты,
Қуанышы мен қиындығы,бір жүреді.

Өмірімізде ешбір қайғы болмасын,
Қуаныштар таба берсін жалғасын.
Бақытты боп орындалсын армандар,
Бір Құдайым,бәрімізді қолдасын.

Өмір бізді сарсаңдарға салмасын,
Өмір гүлі ешуақытта солмасын.
Әр қашанда ашық болып жолдарың,
Қыран құстай қанаттарың талмасын.
авторы кім екен
+2 дауыс
Өмір деген - театр ,
Адам оның әртісі.
Өмір деген - бір кеме ,
Алға жүзіп өрлеген .
Өмір деген - найзағай
Жарқ етіп тұрған жұлдыздай.
Былай тұрып қарасан,
Бір ғанибет қой келгенің
Бұр өмірге келгенің...
+1 дауыс
Сәкен Майғазиев пен Меломен айтқан өмір атты өлеңі бар, осы сайтта сілтемелер көп сол өлеңге!!!
+1 дауыс
{ Бернияз Кулеев}


Өлім - құрдым, өмір - өзен, жоғалат,  
 Өсер өзен тұрмыс жасын сорғалап.
 Тағдыр желі еркіні қоймай айдаса,
 Сорлы қу бас қайда кетпес домалап.
 Өмір - өзен, күні - түні ағады,
 Үстеп оны тұрмыс уы тамады.
 Өмір у ғой, ішпеген жан арманда,
 Ішкен адам қандай ләззат алады!..
 Тағдыр желі домалатқан мен қу бас,
 Жоғалған соң жайым бар ма қаңғымас,
 Кім көреді, өлсе жагым алыста,
 Көреді кім жалғыз жүріп төксем жас!?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Нариман 26.09.2023 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
+1 дауыс
3 жауап
+1 дауыс
5 жауап
0 дауыс
2 жауап
...