Бюджеттік құралдардың қалыптасуы, бөлісуі және пайдалану процесінбасқару бюджетті жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджетті жоспарлау рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарға, әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустралды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар – бюджетті құрғанда көрінеді.
Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы табылады.
Мемлекеттің жалпы қаржылық жоспарлаудың және оның маңызды құрамалы буыны – бюджеттік жоспарлау, яғни барлық халықшаруашылығын жоспарлаудың органикалық бөлшегі болып табылады. Сонымен қатар, қаржы ресурстары басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың рөлі өте зор, себебі ол тек қана бюджеттің кірістері мен шығындарының жоспарын құруы және оларды атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттемелер тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржы жоспарлар ішінде алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпымемлакеттік мән береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті орталықсыздандырудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар арасындағы қаржылық және бюджетаралық қатынастырды жетілдіру байланысында және мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін ұтымдылауда білінеді.
Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаумен, бюджеттік арнаулардың мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлағымен және кірістер мен шығындардың теңгерушіліктерімен өзара байланыс талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты – ол төлемдердің әрбір түрі бойынша салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың тиісті өкілетті органдардың мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін болжамдау, талдау мен бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету, бюджеттік құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады.
Мемлекеттік бюджетті жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:
Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау;
Бюджеттік процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;
Қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бойынша бөлу;
Салалар, іс-әркет салалары мен экономика секторларының қаржы жоспарлары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен әр түрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;
Бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау.
Бюджетті жоспарлау процесінде осы мақсаттарды шешу бөлек бюджеттер арасында мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын тиімді бөлуді, әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін, жыл бойы кірістердің бірқалыпты түсуін және қарастырылған шараларды уақытында қаржыландырудың қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекеттік материалды және қаржы резервтер, жоспарларды орындау мен бюджетті атқару барысына қаржылық бақылық қарастырылады.