0 дауыс
6.2k көрілді
Қаржылық құралдардың түрлері және олардың жіктелінуі?

1 жауап

0 дауыс

Қаржы құралдары - нарықта сатуға және сатып алуға болатын қаржы активтері мен пассивтері, жасалган капитал осы активтер мен пассивтер арқылы бөлінеді және қайта бөлінеді. Қаржы құралдары белгілі бір келісімшарттық өзара қатынастарды көрсететін немесе белгілі бір құқықтарды білдіретін заңи құжат болып табылады. Айналысқа түсетін, ұсынылатын құрал басқа тұлғаға сатуға немесе беруге арналған (чек, вексель, т. б.). Валюталық (бір ақша өлшемін екінші ақша өлшеміне айырбастау), пайыздық (тұрақты, өзгермелі немесе қайта қаралатын мөлшерлеме бойьшша табыс әкелетін активтер), бағалық (акциялар, асыл металдар, шикізат, тауарлар) құралдар түрлеріне бөлінеді. Қаржы құралдары спотгық (кассалық), мерзімді және опциондық (ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаган) нарықтарда айналысқа түседі. Қаржы нарығының дамуьша байланысты қаржы құралдары жиыны жаңа құралдармен толығуы мүмкін

Қаржы құралдары кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберілді, яғни оларды нарық жүйесіндегіең өміршең субъектілер ғана ала алады.

Өзінің ұйымдық және құрыламдық ерекшелігіне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұдай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-жылдардың басында құрыла бастады.

90-жылдардың экономикалық тәжрибесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы – бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншік акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері – халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының мемлекеті қаржы құралдары  нарығын құру және оны одан әрі өрістеу мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы  бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең тиімді механизмдерінің бірі – акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен айналысады.

Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақшалай қорлар түріндегі олардың материалдық іске асуын баса көрсетеді. Бұл қорлар қаржылық қатынастардың тұрақты иелері болып келеді. Олардың қалыптасу көздері жəне қорлардың өздері (бұл көздерді біріктіруші) ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржылық ресурстары болып табылады. Демек, қаржылық ресурстар – бұл жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу жəне қайта бөлу кезінде қаржылық əдістердің көмегімен экономикалық субъектілер мен мемлекет жасайтын ақшалай қорланымдар мен ақшалай қорлар. Қаржылық ресурстарда негізгі орынды құнның мына элементтері: таза табыс (пайда), қосылған құн салығы, ақциздер, кедендік төлемдер, əлеуметтік мұқтаждарға төленетін жарналар жəне амортизациялық аударымдар алады.Қаржылық ресурстардың қаржылық қорлардан айырмашылығы бар. Қаржылық қор (қорланым, босалқы қор) – қаржылық əдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақшалай қаражаттары, ал қаржылық ресурстар болса, ол – мемлекеттің (оның органдары арқылы) жəне шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері. Біріншіден, қаржылық ресурстар деп ақшалай қаражаттардың көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржылық ресурстар – бұл қорлардағы, яғни ақшалай қаражаттардың мақсатты босалқы қорларындағы «байланған» қаражаттар, сондай-ақ əлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақшалай қаражаттар.Қаржылық ресурстарды өсірудің маңызды факторы қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру болып табылады, бұл ұдайы өндіріс үдерісінде ұлттық табыстың артуын білдіреді, сондай-ақ экономикалық қызметтің қаржылық нəтижесінің өсуіне алып барады. Еңбек өнімділігі мен қоғамдық өндіріс тиімділігінің басқа көрсеткіші – қор қайтарымы (капитал қайтарымы) тығыз байланысты. Қор қайтарымын арттыру қаржылық ресурстарды қалыптастыруға, атап айтқанда, олардың негізгі көзі – таза табыстың өсіміне сөзсіз əсер етеді, ол өнім өндіру ауқымы өсімінің, сондай-ақ ағымдағы шығындарды (ең алдымен жалақы мен амортизациялық аударымдарды) үнемдеудің нəтижесінде артады. Жəне, керісінше, қор қайтарымының төмендеуі қаржылық ресурстарды азайтады.Екінші фактор – бұл материалдық шығындардың орнын толтыру қоры мен өндірілген ұлттық табысқа жалпы қоғамдық өнімнің бөліну үйлесімдері. Жиынтық қоғамдық өнімдегі материалдық шығындардың үлесін – материал сиымдылығын – төмендету өндірілген ұлттық табысты – қаржылық ресурстардың негізгі көзін – арттыруға мүмкіндік беретін фактор болып табылады. Қаржылық ресурстардың өсуіне сонымен қатар жалпы алғанда қоғамдық өндірістің, сондай-ақ өнеркəсіп өндірісінің материалдық заттай құрылымы да əсер етеді.

...