Белгілі Massaget.kz порталына Ұлттық Тестілеу Орталығының басшысы Қали Сейілбекұлы Әбдиевпен онлай-конферанция болды.
Сонда Massaget.kz порталының қолданушысы Кәусәр Мұң: Ел арасында келер жылы ҰБТ жойылады екен деген әңгіме көп айтылып жүр, осы қаншалықты рас? -деп сұрақ қойды..
Сонда Қали Әбдиев мырза:
ҰБТ-ны өзгерту жолдары қазіргі кезде талқылануда. Әлі ешқандай құжат бекітілген жоқ. Менің ойымша, өзгерістер 2016-дан бастап енгізілетін шығар. Келесі жылы тек қана пилоттық режимде, кейбір мектептерде болуы мүмкін. Жалпы, өзгерістер жоспары биылғы жылы күзде жарияланатын болады. -деп жауап берді....