0 дауыс
7.8k көрілді

1) 26,5 кПа қысымдағы сутегі молекуласының орташа жылдамдығы  2400 м/с,   көлемі    1 м3  сутегі     молекуласының санын анықта.

2) Көлемі 0,04 м3 газдың қысымы 200 кПа, ал температурасы 240К . Ондағы зат мөлшері қандай?

3) Массасы 10-8 г тозаң түйіршігі 5000 В кернеу түсірілген жазық конденсатор астарларының арасында тепе- теңдікте тұр. Астарлардың ара қашықтығы 5 см. Тозаң түйіршігінің зарядын анықта.

4) Зарядтары 2*10-8 Кл және 3*10-8 Кл болатын бірдей екі шар бір-бірінен 6 см ара қашықтықта тұр. Олардың арасындағы тартылыс күшін анықта

5) ЭҚК-і 12 В-қа тең және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне кедергісі 5 Ом-ға тең кедергі қосылған. Тізбектегі ток күшін және ток көзінің қысқыштарындағы кернеуді табыңдар.

6) 6,4*10-2 Кл зардяты өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне көшіргенде 9,6 Дж жұмыс істеледі. Осы нүктелердің арасындағы потенциалдар айырымын есепте

7) Кедергісі 0,5  кОмнан және әрқайсысы 120 В кернеуге есептелген қосылған он шам реостат арқылы кернеуі 220 В желіден қоректенеді. Реостаттағы электр тогының қуаты қандай?

8) ЭҚК-і 12 В-қа тең және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне кедергісі 5 Ом-ға тең кедергі қосылған. Тізбектегі ток күшін және ток көзінің қысқыштарындағы кернеуді табыңдар

9) Батареяның ЭҚК-і 6В. Тізбектің сыртқы кедергісі 11,5 Ом, ал ішкі кедергісі 0,5 Ом. Тізбектегі ток күшін, батарея қысқыштарындағы кернеуді және батарея ішіндегі кернеуді анықта.

10) Өзара параллель қосылған кедергілері 10 Ом, 20 Ом екі өткізгіш кернеуі 100 В электр тогына жалғанған. Электр тогының әр өткізгіште 10 мин жасайтын жұмысы неге тең?

11) ЭҚК-і 2 В, ішкі кедергісі 0,8 Ом ток көзі ұзындығы 2,1 м, ал қима ауданы 0,21мм2 никель сыммен тұйықталған. Тізбектегі ток күшін тап. Батарея қысқыштарындағы кернеу неге тең?

12) Кедергілері 10 Ом және 23 Ом өзара параллель жалғанған екі өткізгіш керннеуі 100 В болатын электр торабына қосылған. Секунд сайын әр өткізгіште қанша жылу мөлшері бөлінеді?

13) Кедергісі 84 Ом-ға тең реостаттың орамы көлденең қимасының ауданы 1мм2 болатын никель сымнан жасалған. Сымның ұзындығы қандай?

14) Ток күші 1 А болғанда қимасы 1,4 мм2 алюминий өткізгіштегі өрістің кернеулігі қандай?

15) Әрқайсысы 6 кОм үш реостат арқылы қандай кедергі алуға болады?

16) ЭҚК-і 12 В-қа тең және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне кедергісі 5 Ом-ға тең кедергі қосылған. Тізбектегі ток күшін және ток көзінің қысқыштарындағы кернеуді табыңдар

17) Кедергісі 0,5  кОмнан және әрқайсысы 120 В кернеуге есептелген қосылған он шам реостат арқылы кернеуі 220 В желіден қоректенеді. Реостаттағы электр тогының қуаты қандай? 

18) Массасы 2 кг азот көлемі 2 м3 ыдыста тұр. Азот ыдыс қабырғасына 1,5*105 Н/м2 қысым түсіреді. Ыдыстағы газ молекуласының орташа кинетикалық энергиясын анықта

19) 56 г азотта неше молекула бар?

20) Газдың қысымы 0,2 МПа және температурасы 15о С болғандағы көлемі 5 л осындай массасы бар газдың қалыпты жағдайлардағы көлемі неге тең?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
1:4*10^24

2:4 моль

3:10^ - 12 Кл

4:3*10^ - 3 Н

5:2А мен 10В

6:150В

9:0,5А , 5,75В , 6В

10:3*10^5В,  6*10^5В
формулалары барма
...