0 дауыс
407 көрілді
Жан тебірентетін жағдайлар деп нені айтуға болады? өз ойларынды айтыңдар.

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Жан тебіренткен сәт

Мына бір оқиға шетелдік басылымдарда көп жазылды және куә болған адамдар әлі күнге дейін ұмытпай айтып жүр. Соған қарағанда, шынында да адамдардың көкейінде терең қонақтаған болса керек. Сонымен... оқиғаны бір-бірлеп баяндасақ: біршама жылдың алдында АҚШ-тың Сиэтл қаласында ізгі ниет ойындары өтіп жатады. Дүбірлі додаға дүниежүзінің көптеген мемлекеттерінен мыңдаған жарымжан, мүгедек спортшылар да келіп қатысады.

Әлем тарихында екінші рет өткізіліп отырған  аталмыш ойын 20 шілде күні басталып, 5 тамызда жалауын түсіргенін білеміз. Оған дүниежүзінің 54 елінен 2600-ге тарта спортшылар қатысып, спорттың 21 түрі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Мұндағы ізгі ниет ойынының тағы бір ерекшелігі – музыкалық фестивальдар, бейбітшілікті насихаттайтын көрме, конференциялар қоса ұйымдастырылған.

Енді елдің есінде қалған оқиғаға келейік. 100 метр қашықтыққа жүгіретін тоғыз желаяқ жарыс жолына шығады. Бір қызығы тоғызы бірдей жарымжан-мүгедек. Бәрінің аяғында жасанды түрде отырғызылған құрал бар. Осылай жарыс сызығына жайғасқан жігіттер төрешінің «баста» деген белгісі берілген сәтте, темір аяқтарын тарсылдатып тұра жүгіреді.  Зымырап келеді десек артықтау болар, шамаларынша шапшаңдығын қосып, шапқылайды.

Желаяқтар жолдың жартысын жүгіріп өтіп, ептеп екпін ала бастаған  тұста, арт жақтан шар еткен дауыс шығады. Жанұшыра шырылдаған үнге  елең етіп, жарыс жолына шыққан жүйріктер еріксіз артына бұрылып қараса, бір жүйрік аяғы тайып құлап жатыр. Көзінде өкініштің оты ұшқындайды. Қатарынан қалып барады. Тағдырдың салған қиындығы аз болғандай, адам қатарлы аяғын басып, айтулы додаға қатыстым-ау дегенде, жарты жолда сүрініп кеткенін қарамайсыз ба. Неткен өкініш! Еңкілдеп жылап жатыр.

Тайып жығылып, зар жылап жатқан мүгедек мұңдасын зулап келе жатқан жүйріктер тастап кетпеді. Бәрі бір сәт тоқтап, айналып артына қарады. Темір аяқтарын тарсылдатып, мәреге қарай емес, артқа қарай айнала шапты. Барлығы жабылып келіп жығылған жүйрікті қолынан тартып тік тұрғызды. Көзінің жасын сүртіп жұбатты. Басынан сипап байырқалады. Топтасып тұрып, иық тірестірді. Бірін-бірі сүйемелдей қолтықтап, қаз-қатар тізілген тоғыз жүйрік жұп жазбай жүгірген күйі мәре сызығын бірдей кесіп өтті.

Мұндайда жарыс тәртібі бұзылды деп, бұрқылдайтын төрешілерде үн жоқ. Ал, сонау төрт қапталда иін тіресіп, қайқы орындықтарда қасқайып, жарысты тамашалап отырған жүз мың көрермен бір сәт тік тұрып, тоғыз желаяқтың ізгі ниетіне ұ-з-ақ қол соқты.

http://islam.kz/kk/articles/gibrat-hikaya/jan-tebirentken-sat-90/

0 дауыс
Мынаны айта алам

0 дауыс
Жан тебиренетин жагдай деп сен арманына жете берген кезде жетпей каламбба деп корыкканын жане корка тура соган кол жеткизгенин!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
9 жауап
Белгісіз 10.04.2014 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
...