0 дауыс
6.2k көрілді
Мемлекеттік қызметкерге үміткерлерге арналған тест сұрақтарымен көмектесіндерші? Шұғыл керек боп тұрғаны?

1 жауап

0 дауыс
Мемлекеттік қызметшілерді тестілеу бағдарламалары

 

1. Аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді тестілеу бағдарламалары:

1) А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін:

мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);

логикалық тест (10 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттiк органның жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, осы мемлекеттiк органмен әзiрленетiн (және ұсынылатын) нормативтiк құқықтық актiлердi (15 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;

2) басқа санаттар үшін:

мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);

логикалық тест (10 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттiк органның жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, осы мемлекеттiк органмен әзiрленетiн (және ұсынылатын) нормативтiк құқықтық актiлердi (15 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

 

Мемлекеттік қызметшілерді

және бос мемлекеттік әкімшілік

лауазымдарға орналасуға үміткер

азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру

ережесіне

2-қосымша

 

Тестілеу нәтижелерінің шекті мәндері

 

1. алынып тасталған.

2. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест бойынша шекті мәндер:

1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 10 жауаптан кем дегенде 7 дұрыс жауап;

2) аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге:

«Б» корпусының А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды;

басқа санаттар үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 8 дұрыс жауапты құрайды;

3) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін:

«Б» корпусының А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2 санаттары үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды;

басқа санаттар үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 8 дұрыс жауапты құрайды.

http://kyzmet.gov.kz/kzm/page/index.html?pageId=3520
...