0 дауыс
1.1k көрілді
Осы өзіміз тұтынып жүрген раххат деген конфет, шоколадтар өзімізден шығама, қай қаладан шығады, шетелге экспортқа шығама? Жалпы толық жауап күтем! Рахмет!

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған. 

Біздің өніміміз отандық нарықта ғана емес, таяу және алыс шет елдер нарығында да танымал. «Рахат» АҚ өз өнімдерінің ішкі нарықта ең жоғары деңгейдегі қол жетімділік саясатын жүзеге асыруда. «Рахат» АҚ сатылым географиясы Қазақстанның бүкіл аумағын қамтиды, себебі компания 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесін жолға қойған. Алматы қаласы бойынша өнім тарату ірі көтерме саудамен сатып алушылар, сондай-ақ фирмалық бөлшек сауда дүкендері арқылы іске асырылады. Республиканың басқа өңірлерінде «Рахат» АҚ өнімдерінің қол жетімділігі фирмалық сапалы өнім сатумен айналысатын дистрибьюторлық желі (еншілес кәсіпорын) құрумен қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде «РАХАТ» АҚ өнімі қазақстан нарығында ғана емес, республикадан шеткері аймақтарда – Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Германия, Қытай, Ауғанстан аумағына да тараған. ТМД-ның басқа республикалары мен алыс шет елдер тарапынан «Рахат» АҚ өнімдеріне деген қызығушылықтың болуына орай, компания келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды және экспорт көлемін арттыру жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда.

Толығырақ

0 дауыс
жок,Казакстаннан шыгад))
0 дауыс
"Рахат" кондитерлік фабрикасының тәттілері Алматыдан шығады. ТМД-ның кейбір елдеріне экспортқа шығарады.
0 дауыс
«Рахат» акционерлік қоғамы - 70 жылдық дара тарихы бар, Қазақстандағы кондитерлік өнім өндіретін ірі өндіріс орындарының бірі. Кондитерлік өнімдер алғаш рет 1942 жылы арақ - ликер зауыты алаңында соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтан көшіріліп әкелінген жабдықтармен шығарылды. «Рахат» АҚ-нда 3500-ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған. Өндірістің жан-жақтылық сипаты, оның ауқымы мен какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша дербес желінің болуы компания үшін отандық өндірушілер арасында кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын иеленуге мүмкіндік береді.Толық мәлімет осы жерде http://www.rakhat.kz/index.php?p=data&lang=3&sct=1
0 дауыс
Рахаттың акцияларын қазір бір Корейлік компания сатып алып жатыр,олар Рахатты одан ары дамыта бермек
...