0 дауыс
728 көрілді
Мұрагерлікке иелену үшін қандай құжаттар қажет?

1 жауап

0 дауыс
Азамат кодексінің 1059 бабы бойынша . Өсиет қалдырушы өсиеттi орындауды мұрагер болып табылмайтын, өсиетте өзi көрсеткен адамға (өсиеттi орындаушыға, өсиет жүктелген өкiлге) тапсыра алады. Бұл адамның өсиеттi орындаушы болуға келiсiмi оның не өсиеттiң өзiне өз қолымен жазған жазбада не өсиетке қоса берiлген өтiнiште көрсетiлуге тиiс. Егер өсиетте оның орындаушысы көрсетiлмесе, мұрагерлер өзара келiсiм бойынша өсиеттi орындауды мұрагерлердiң бiрiне не басқа адамға тапсыруға құқылы. Мұндай келiсiмге қол жетпеген жағдайда бiр немесе бiрнеше мұрагердiң талап етуiмен өсиеттi орындаушыны сот тағайындауы мүмкiн. Өсиеттi орындаушы өсиет бойынша мұрагерлердi бұл жөнiнде күнi бұрын хабардар етiп, өзiне өсиет қалдырушы жүктеген мiндеттердi атқарудан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Өсиеттi орындаушы өз мiндеттерiнен мұрагерлердiң арызымен соттың шешiмi бойынша да босатылуы мүмкiн. 2. Өсиеттi орындаушы: 1) мұраны қорғауды және оны басқаруды жүзеге асыруға; 2) мұраның өз пайдасына ашылуы туралы барлық мұрагерлер мен бас тартылушыларды хабардар ету үшiн мүмкiн болған барлық шараларды қолдануға; 3) мұра қалдырушыға тиесiлi ақша сомасын алуға; 4) мұра қалдырушының еркi мен заң актiлерiне сәйкес мұрагерлерге өздерiне тиесiлi мүлiктi беруге; 5) мұрагерлердiң оларға жүктелген өсиеттiк бас тартуды орындауын қамтамасыз етуге (осы Кодекстiң 1057-бабы); 6) өсиеттiк жүктеудi атқаруға не өсиет бойынша мұрагерлерден өсиеттiк жүктеудi атқаруды талап етуге (осы Кодекстiң 1058-бабы); 7) мұраны борыштардан тазартуға тиiс. 3. Өсиеттi орындаушы өз атынан сот iстерiне және мұраны басқару мен өсиеттi орындауға байланысты басқа iстерге араласуға құқылы, сондай-ақ мұндай iстерге қатысуға тартылуы мүмкiн. 4. Өсиеттi орындаушы мұраны борыштардан тазарту, мұра қалдырушыға тиесiлi сомаларды өндiрiп алу және барлық мұрагерлердiң мұраны иеленуге кiрiсуi үшiн қажеттi қисынды мерзiм iшiнде өз қызметiн жүзеге асырады. 5. Өсиеттi орындаушының мұраны басқару мен өсиеттi орындау жөнiндегi қажеттi шығындарды мұраның есебiнен өтеуге құқығы бар. Өсиетте өсиеттi орындаушыға мұраның есебiнен сыйақы төлеу көзделуi мүмкiн. 6. Өсиет орындалғаннан кейiн өсиеттi орындаушы мұрагерлерге олардың талап етуi бойынша есеп беруге мiндеттi.
...