0 дауыс
670 көрілді
Мені осы сайттың қолданушылары қызықтырады. Егер жұмыс істейтін болсаңыздар қандай оқу орнын бітіргенсіздер? Қандай мамандықта оқыдыңыздар? Диплом бойынша жұмыс істейсіздер ме? Егер өзім секілді студент болса, қандай оқу орнында, қандай мамандықта оқып жатырсыздар?

13 жауап

0 дауыс
ҚАУ-інде оқимын! Факультет: Инжиниррр!!!
+1 дауыс
ҚазҰУ-да оқыдым, қазір өзім оқыған мектепте физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаймын.
Медди , қойш ?
Шын.............
Мұғалім болу  арманым ? Ғалым болуды арманда оданда  Эйнштейн секілді )
Чатта Медди ҰБТ тапсыруда и тут Мұғалім!))
Ахаххаахах соны айтам. Арқам қышып кетті ғой))
Медди, өтірік жазбасай.
Інішек, есіңді жина, көзіңді аш, заман өзгерген.....)
Сенің тұратын жеріңде ауырухана бар ма? Саған кеңес берейін, сол ауыруханаға бар, сосын психиатрға көрін.
БриллИант, осы сайттағы бір қолданушының жеке бетінде мына жазбаны оқып қалып бұл жауапты жазған едім: «Армандардың барлығы да орындала бермейді. Мысалы, Роман Абрамович мамасы сияқты мұғалім болуды армандаған. Амал қанша, орындалмады.» Роман Абрамович қазір кім екенін білсең, менің жазғанымды түсінесің..
Бұл - ZhomART2014 профилінен.
0 дауыс
Қызылорда облысындағы "Болашақ" университеті, Факультет: Ақпараттық жүйе, қазір өз ауылымдағы "Ақ үй"- де мамандығым бойынша жұмыс жасайым. тағы 2-ші жоғарғы дипломым бар
0 дауыс
Мен ОҚМУ-дың химия пәні ммұғалімі мамандығында 3-курс оқимын. Күйеуге шыққаныма 9 айдан асты. Болашақта жеке бизнес ашу ойымызда бар. Мұғалім болғым-ақ келеді, дегенмен қазіргі қоғамның жағдайын ойласам, ол тиімсіз секілді, себебі қазір мұғалімнің айлығын түкке жеткізу мүмкін емес, оған қоса "қағазбастылық" та үй шаруасына уақытты аз қалдырады.
0 дауыс
Мен кинологпын.Ресей мемлекеттік аграрлық университеті МСХА . К. А. Тимирязев атындағы университетті бітіремін.Өз мамандығымды сүйемін.
Деп армандап қояйыншы бір сәт )))))Осы арманыма да жетермін.
0 дауыс
Салем есими Кулпынай Алматы каласынан боламын али мектеп кабыргасында окыймын 9 сынып казир каникул жумыс истеп журмин машиналарга страховка жасаймын!Болашакта октриса болсам деген арманым бар Темирбек Жургенов атындагы казак улттык университетине тапсырайын деп журмин 11 битиргенсон!
+3 дауыс
мен шахтер болып істеймін жұмыс ауыр

+1 дауыс
Бітірген соң міндетті түрде жауап беремін, мына сайт тірі болса.
Мен соны күтем ал....
+1 дауыс
Осы жылы ҰБТ-дан құлаған соң, колледжге грантқа түстім, қай қалада оқитыным, оқитын колледжім және мамандығым құпия бола тұрсын..
0 дауыс
Мен 1998 жылы Қызылорда облысында дүниеге келгем.Қазір 11-шы сынып оқушысымын.ҰБТ-ке дайындалып жатырмын.
0 дауыс
Мен азірге оқушымын болашақта заңгер боламын
0 дауыс

Ақтөбеде, Баишев колледжінде 3 курс оқимын. Программистпін)

0 дауыс
Мен, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Жаратылыстану және Аграрлық техника факультетінің Агроинженерия және көлікті пайдалану кафедрасы Аграрлық техника және технология мамандығының 1-курс студентімін. Бұл мамандық өзіме ұнайды.
...