0 дауыс
2.2k көрілді
Мен өз махаббатымды сақтап қалғым келеді? оның маған деген сүйіспеншілігіне көңілім толады бірақ өзіме көңілім толмайды. Мен өтте қатты қызғаншақпын әрі тек жігітіме кқп ренжимін тек соның жынына тигенді ұнататындай. Жігітімді тез жалықтырып  алмас үшін нестеу керек және өзімді есіне көп алу үшін нестесем болады? Жігіттерге не ұнайды өзі? қалай қызғанбауға болады?

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер жігітің шын сүйсе, сен не істесең де, сені кешіреді және сенен жалықпайды. Мысалы менің де жігітім бар, мен де, ол да қызғаншақ. мен оның, ол менің айтқанымды істейді. барма деген жеріне бармаймын, тағы сол сияқты ғой. ешқашан артық шектен шыққан емес. Ең бастысы сүйіктіңе деген сенім, махаббат!!!
0 дауыс
Сен бөтен адамдардан коретин шыгарсын кызы бар жігіт басқа кыздармен сойлесіп жүргенін, болмаса өзің сөйлесіп жүрсің содан күмән пайда болады қызғаныш деген. Қалай бар солай жүр. Болмаса үйленіңдер біраз болса жүргендеріңе 2,3 жыл  журерсіндер ари карай  кызғаныш урыс көбейіп кетеді
+1 дауыс
Жігітімді жалықтырмау үшін не істесем болады дегеніңе келіспеймін. Сүйген адам ешқашан жалықпайды. Махаббат деген қәзіргі ХХІ ғасырда жай бір сөз болып қалған десем артық айтпаймын. Бұл көпке тгопырақ шашқаным емес, шынымен бір-бірін сүйетін жандар бар бірақ ондай адамдардың аз екенін айтпасақ та белгілі. Қызғанбау үшін жігітіңе сене біл. Сенім болған жерде қызғанышқа орын жоқ. Сен дегенде де орнымен екенін ұмытпа жігітіңнің қандай адам екенін білмейміз сондықтан нақты бірдеңе деу қиын.
0 дауыс
мен көп еркелеимін, аитканымды істетем, қатты қызғанам, қалай жалықпасқа деген ой келеді. Дәл осылаи жүргеніме 2 жыл болды. ия неше түрлі адамдарды көрем 5-6 қызбен жүретін, тіпті достары да аитады қызың мінезі тым ерке деп. бәрін көтерген әрине маған жақсы сондада өзғергім келеді, сақтыұта қорлық жоқ
0 дауыс
Ең бірінші өзгеруге не кедергі екенін біліп алыңыз. Сол кедергіні жоюға тырысыңыз. Ешқандай кедергі болмаса өзгеріңіз. Қайдан білесіз, жігітіңізге осы еркелігіңіз, қызғаншақтығыңыз ұнайтын шығар, не де болса жігітіңізден жайлап сұрап көріңіз. Артық қылам деп, тыртық қылмаңыз, өзгеремін деп жігітіңізден айырылып қалмаңыз.
0 дауыс
есіңде болсын, ер адамды көбіне салмақтылықтан қарағанда еркелік көбірек өзіне тартады. бірақ бұл тым еркелеп кету деген сөз емес, кез келген жағдайда оған қолдау крсетіп, түсіністікпен қарап, дер кезінде еркелей де білу керек. Қажет болғанда ақыл қосып, қиындықта әрдайым жжанында болуға тырыс. Сонымен қатар ер адамды тергей беру жалықтырады. Оған мейлінше сенім білдір, өзің де адал бол, оның ойына күмән салатын әрекеттерден аулақ бол, тіпті қызғанатын жағдай болған күнде де бірден ашуға салма. Сонда ғана егер шын сүйетін болса, ат айналып қазығын табады дегендей, өзіңнен ұзап кетпейді

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
+4 дауыс
6 жауап
0 дауыс
8 жауап
...