Вегетативтік көбею - көп жасушалы ағзалардың жыныссыз көбеюдің бір түрі: жаңа дарақтың ата-анасының бір бөлігінен пайда болу.
Вегетативтік көбею төм. сатыдағы өсімдіктерге және барлық өсімдіктерге тән. Вегетативтік көбею жануарлардабүршіктену (губкалар, ішек қуыстылар, мшанкалар) немесе бөліну (қарапайымдар) арқылы жүреді. Бір клеткалы өсімдіктер (балдырлар, саңырауқұлақтар) бөліну, кейде бүршіктену жолымен, ал төм. сатыдағы көп клеткалы өсімдіктер – денесінің бөлшектенуі арқылы көбейеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктер тамыр атпалары (қара өрік, алма, шие, тал, жеке, қандағаш, т.б.), тамыр сабақтары (жыланқияқ, қырыққұлақ, селеу, қамыс, жатаған бидайық, адыраспан, т.б.), жуашықтары (жуа, қызғалдақ, картоп, т.б.), мұртшалары (бүлдірген, жатаған сарғалдақ, т.б.) арқылы көбейеді. Өсімдік ш-нда, негізінен, қалемшелеу әдісі қолданылады. Вегетативтік көбею кезінде жыныстық көбеюге қарағанда ұрпақта сорттың қасиеттері, белгілері жақсы сақталады. Вегетативтік көбею өсімдік өсіруде, бақ және орман ш-нда кеңінен қолданылады.