0 дауыс
35.1k көрілді
Витаминдер және олардың маңызы?

2 жауап

+2 дауыс
Витамин–адам мен жануарлардың тіршілігі үшін өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар.Витамин туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функсол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді. Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі.Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды.Сондай-ақ тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді.
0 дауыс
«Витаминдер және олардың маңызы». Витаминдер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық - түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендерді алып отырады. Күнделікті ішіп отыратын тағамдарымыздың кейбіреулерінің құрамында адам организміне аса қажетті дәрумендер жетіспейді. Демек, тағамда дәрумендер жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға жиі шалдығады. Соған қарағанда «Ас дәмімен тәтті» немесе « Ас жүрген жерде ауру тұрмайды» деп жұрт бекерге айтпаған. Дәрумендер адам өмірінің арқауы, онсыз адамның денсаулығы ойдағыдай болмайды, тіпті адам тіршілік ете алуы да мүмкін емес. Олай болса дәрумендерді қарапайым тілмен айтқанда тіршілік нәрі, өмір серігі деуге болады.Жеткілікті тамақтанудың салдарынан туындайтын аурудың себептерін алғаш ашқан орыс дәрігері Н.И.Лунин болды. Ол ал-ғаш рет тағам құрамында дәрумендердің болатындығын 1880 жылы дәлелдейді. Жас ғалым тағам құрамындағы минералды заттардың рөлін зерттейді. Ол кісі тышқандарды зертханалық жолмен алынған жасанды қоспалармен тамақтандырды. Осындай тамақтармен қоректенген тыш-қандар 11-ші күні қырылып қалған. Бұдан соң Н.И. Лунин химиялық таза белок, май қосылған тағамдармен қоректендірілген кезде де тышқандар түгел өлген. Ал сиыр сүтімен қоректендірілген тышқандар ауырмай дұрыс тіршілік ете берген. Тәжірибе нәтижесінде Н.И. Лунин сүттің құрамында май, казеин, қант, тұздардан басқа тіршілікке қажетті бір зат бар деген қорытындыға келеді. 2-Оқушы: Кейінірек Н.И. Луниннің тәжірибесін голландиялық ғалым Пакельхоринг 1904 жылы және ағылшын химигі Гипкинс 1906 қайталайды. 1911 жылы поляк ғалымы Функ күріш қауызынан құрамында амин тобы бар кристалл зат бөліп алады. Осы затқа Функ дәрумен деп ат қояды. Латынша «вита» - тіршілік, ал « амин» - азотты химиялық қосылыс. Кейінірек табиғатта химиялық құрамы әр түрлі дәрумендердің болатындығы кейбірінің құрамында амин тобы болмайтындығы дәлелденді. 1922 жылы ғалым Бессонов венгер Сант- Дьерм мен бірге С дәруменін ашты. Қазір дәрумендердің 30-ға жуық түрі белгілі. Дәрумендерді латын алфавитінің бас әріптерімен А,В,С,Д,Е т.б белгілейді.Дәруменнің жетіспеу- шілігі ол денсаулықтың бұзылуы. Дәрумендер организмге тамақпен бірге түседі, сондықтан да тағамның құрамы сапалы болу керек. Кейбір дәрумендер А, Д, В12 жануартектес азық – түліктерде мол болады. Дәрумендерге қажеттілік балалардың өсу кезінде, ауырған кездерде, стресс жағдайында артады. Кейбір жұқпалы аурудың микроптары дәрумендерді ыдыратады, мысалы: туберкулез таяқшасы В1 дәруменін ыдыратады. Дәрумендердің организмге сіңуі және белсенді формаға айналуы аш ішектің сілекейлі қабықшасына байланысты, себебі көпшілік дәрумендер осы жерде сіңеді, сондықтан да аш ішектің қызметінің бұзылуы авитоминозға әкеліп соғады. Сондықтан да дәрумендік препараттарды үнемі пайдаланып отыру тиімді.Организмді дәрумендердің қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету үшін олардың қандай азық – түлік құрамында мол болатындығын білу жеткіліксіз, сонымен қатар оларды тағам құрамында қалай сақтау жолдарында білуіміз керек. Қайнату, мұздату, кептіру, жарық т.б, факторлар дәрумендерге түрлі әсер етеді. Ең тұрақсызы С дәрумені. 60градусқа қыздырған кезде ыдырай бастайды. Ауа, күн сәулесі, ыл-ғалдылықтың жоғарылауы, бұл дәруменді ыдыратады. А дәрумені жоғары температураға төзімдірек, бірақ ауада оңай тотығады. Дәруменді қышқылдық ортада қайнатуға төзімдірек келеді, ол сілтілік ортада тез ыдырайды. В тобы дәрумендері кулинарлық өңдеу кезінде өте аз бұзылады. Е дәрумені жоғарғы температураға өте төзімді. Ұзақ сақтау, кептіру А,С дәрумендеріне кері әсерін тигізеді, ал Д, Е, В1, В2 дәрумендерге әсері болмайды. Азық – түліктерді ауасыз, жарықсыз. Құрғақ, салқын жерде неғұрлым қысқа мерзімге сақтасақ соғұрлым көбірек құрамындағы дәрумендерде сақталады. Тамақты қақпағы жабық ыдысқа пісіру керек. Қалған тамақты қайта-қайта ысыту, дәрумендерді жояды. Ең негізгі тағамның түрі – сүт тағамдары. Сүт басқа ешқандай азық –түліктерге тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Сүтті қақпағы ашық ыдыста қайнату, оның құрамындағы дәрумендерді (А,С) азайтады.

Ұқсас сұрақтар

...