Көк жөтел әнінің шығу тарихы қалай?

+2 дауыс
4.9k қаралым
Көк жөтел әнінің шығу тарихы қалай? Әдемі ән, ол әннің өзіндік тарихы бар екенінін білемін, соны анықтап алайын деп едім?
• Санаты: Қазақша ән

2 жауап

+1 дауыс
Әннің авторы шын мәнінде туберкулезбен ауырған деген сыбыс бар.Енді содан сон шығарған шығар...
+2 дауыс

"Халық әні" деп авторы ұмыт болған әндерді айтады. Рахат бауырым дұрыс айтып отыр. Бұл Хамит Өскенбаевтің - "Қыздар-ай" деген әні. Хамит атақты Маңғыстаудың жеті қайқысының бірі - Өскенбай Қалмамбетұлының баласы. Ағасы Мұрат Өскенбаев әкесінің жолын қуып күйші-домбырашы, жыршы, ақын, сазгер болған. Бұл әнінің шығуы өкпесіне салқын тиіп ауырып жүрген кезімен байланыстырылады. Сол күндердің бірінде серуендеп жүргенде, бірақ ауруынан толық айықпаған кезі болса керек, бір топ қызға тап болыпты. Сонда қыздар бұны тани кетіп, ат үстіндегі Хамиттен: " Хамит, даусыңды сағындық қой, бір ән айтып берші" деп қолқа салыпты. Айтайын десе, ауру, күркілдеген көкжөтел, сәт сайын келіп қалатын жөтелі ән айтқыза ма?! Айтпайын десе қыздардың көңілін қимайды... Өлеңінің бір жерінде :"Отқа салды-ай тар жерде қыз дегенін" деп сол себепті айтса керек... Әннің шығу тарихы осылай дейді біреулер. Солардан естігенім. Хамит өмірі туралы дерек аз..." - дейді, мына жерде:

http://massaget.kz/blog/2834

 

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
21.01.2016 • Санаты: Қоғам Белгісіз сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
127,761 сұрақ
322,327 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы