0 дауыс
3.1k көрілді
"Меннен айып іздемегін" ("Қыз мұны" әнінен)

Үміт үзбей зейтұлар, таңдап сол бір жақұтты,
Оңы алыстан іздемегін, жүректен тап - бақытты
(Мақатаев)

"Іздеме" мағынасын беретіні түсінікті, алайда "гін", "ғын" жұрнақтары етістікпен қосылғында өтініш я кеңес мағынасын бере ме деп қызығып отырмы

3 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Салеметсіз бе? Мұндағы  - ғын, -гін жұрнақтары етістіктің жұрнақтары, 2-жақ, бұйрық райын білдіріп тұр.
+1 дауыс
Иа етістіктің 2-жақта бірақ,менің ойымша іздемедеген сөз оған -гін- жұрнағын жалғасақ,іздемігін сөзінің астарына босқа,текке деген сөз жасырын тұрған сияқты.
+3 дауыс
Менің ойымша бұл жерде " іздеме"- түбір сөзінің өзі бұйрық райында,ал "гін"- жұрнағы арқылы сол  бұйрық райындағы сөзді жұмсартып,сөз бағытталған адамның сезіміне ауыр тимейтіндей дәрежеге келтіріп қолданып отыр ау деймін. Осының өзі біздің қазақтың тілінің күрделілігін,тереңдігін,кереметтігін көрсетсе керек. Егер де осы ойды,мағананы орыс тілінде жеткізу керек болса міндетті түрде"пожалуйста"-деген шұбалыңқы сөзді қолданар еді.Ол сөздің қызметін біздің қазақ тілінде бір ғана жұрнақ атқарып тұрғандай емес пе,керемет қой байқасақ.
...