0 дауыс
18.1k көрілді
Қыз Ұзатуға әпкеме жақсы бір тілек керек еді?

2 жауап

+1 дауыс
Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз - өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының шырайы. Қыз - өмірдің бастауы. Қыз – тіршіліктің тірегі.

Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан-ақ бұлжымастай етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата-ананың болмасын көңілі тоқып, жан тебіренісіне түсері хақ. Сосын өзегін жарып шыққан балапанына: «Құтты орныңа қонып, бағың ашылсын!» деп Жаратқаннан тілек тілеумен болады.



Міне, бүгін қызымыз ата-ана ұясынан ұшып, жүрегінің қалауымен өмірлік серігі ......(аты) қол ұстасып, қызығы мен қиындығы қатар үлкен өмір жолына аттанды. Сөйтіп ата-анасының өрісін кеңейтті.

Отбасын құру – үлкен абыройлы іс. Абыройлы іске биік рух керек. Барған жеріңде бағың ашылсын, шаңырағың биік, босағаң берік болғай! Екеуің қазақтың үлгі тұтар отбасына айналыңдар!

----------------------------
0 дауыс

Барған жеріңе тастай батып, судай сің!

«Жол мұраты — жету, қыз мұраты – кету» дейді. Оны ұғынсақ та, бауыр етінен жұлып алғандай етіп қызын өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емес екен. Дегенмен, теңін тауып, ата-анасының, туған-туыстарының ризашылығымен кетіп бара жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін! Құдай қосқан жарына бақ болып қонсын, қосағымен қоса ағарсын! Құда-жекжаттарымызға айтарым, бір-бірімізге деген жылы ықыласымыз суымай,сыйластығымыз жоғалмай екі жастың қызығына кенелейік. Той сіздерге де құтты болсын! Екі жас бақытты, өмірлері ұзақ болсын!

------------------------------------------------------

Баяғыда Төле би бабамыз жаудан қалған бір жасар баланы тауып алып, оны бір келініне әкеліпті: «Бір жылдан кейін тексеремін, өз балаңа қалай қарасаң, бұл балаға да солай қара» деген екен.
Бір жылдан кейін қараса, келіннің өз баласы топ-томпақ, ал атамыздың қалдырған баласы ап-арық.
Сонда келіні: «Ата, екі баланы бірдей еміздім. Сүтімді тең бөліп бердім. Бірақ неге олай болғанын түсінбей отырмын» дейді.
Сонда Төле би атамыз: «Балаға ең алдымен сүт емес, ананың мейірімі керек. Сен мейіріміңді өз балаңа төккенсің, ал бұл балаға сондай мейіріммен қарамағансың» деген екен.
Сол айтпақшы, сіздер де екі балаға бірдей мейіріммен қарайды деген сенімдеміз. Қызымыздың барған жерінде бағы ашылып, бақытты болсын дейміз.

------------------------------------------------------

Кез-келген әке-шеше ең алдымен ұлын емес, қызын ойлайды. Жақсы жерге барып, барған жерінде бағы ашылса дегендей. Шын мәнінде, қыз баланы ұзату оңай шаруа емес. Қыз деген әрқашан да отбасының берекесін, жақындарының амандығын ойлап жүретін сондай бір жанашыр адам. Ал, қыздың әкеге деген қандай жақын екендігі ол бәрімізге белгілі. Сондықтан отбасында қыздың орны ерекше.
Сондай баланы бауыр етінен жұлып алып, басқа жұртқа аттандыру ол, әрине, қиын жағдай. Дегенмен, өмірдің заңы солай, теңіз бен теңіз, адам мен адам қосылады. Барған жерінде судай сіңіп, тастай батып жатса, нағыз абырой сол емес пе? Сондықтан бүгінгі ұзату тойыңыз құтты болсын. Қытайдың ұлы философы айтқан екен «Мың шақырымдық жол алғашқы қадамнан басталады» деп. Бүгінгі күн қызыңыздың сондай бір бақытты, мазмұнды, ұзақ өмірінің бастауы болсын.

------------------------------------------------------

Жаман келіншектің екі пышағы болады екен: біреуі қолында, біреуі – тілінде. Қолындағысымен нанын турайды, тіліндегісімен жаныңды турайды. Ал, жақсы келіншектің үш белгісі бар: жүзінде күлкі бар, қолында қонақ келгенде нан жаятын оқтауы бар, күйеуіне ашуы келгенде тілінде тоқтауы бар. Тіліне еге болады деген сөз ғой. Сондықтан тілек — екі пышағы бар емес, үш белгісі бар жақсы келіншек бол, айналайын

------------------------------------------------------

Адам беру біреуге оңай емес қашанда, өмір заңы осы ғой – салт-дәстүрден қашам ба?! Өзіміз де қыз болдық, еріп кеттік сезімге – айналайын құрдасым, кетті қыз деп езілме! Барған жерде ашылсын бағы қыздың деп тіле, біздің қызды әкеткен күйеу бала да епті ме? Ұзағынан сүйіндірсін ылайым, жақсы болса күйеу бала – неге бүгін жылайын?!

------------------------------------------------------

Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын! Жүрегі оның түкті болсын, сауған малы сүтті болсын! Өзге елде қадірі арта берсін! Енесі мен анасын бірдей көрсін, көпбалалы ана болып, гүлдей берсін!

------------------------------------------------------

Қадірлі қонақтар. Бүгінгі қуаныш иелері! Ағалар, аналар! Іні-қарындастар! Осы ақ дастархан басында адал ниетпен жиналып отырған құда-жекжаттар! Тойға келіп отырған жаңа құдаларға «төрге шыққандарыңыз құтты болсын!» демекпіз. Құдалықтарың мың жылға ұлассын!
Бала – артта қалған із,
Бақыт – ұзатылған қыз,
Байлық – қолға ұстаған мұз,
Дүниенің қызығы сіз бен біз!
— дегендей, «сіз-біздігіміз» еш уақытта жоғалмасын. Екі жастың бақытын берсін, көре алмаған дұшпанкөз арамыздан кете берсін!

------------------------------------------------------

«Бала бақытын қыздан іздейді, Қыз бақытын түзден іздейді» деген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді. Үлпілдеген үкіміз бізден өтті – сіздерге жетті. «Жібекті түте алмаған жүн етеді», — дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де ендігі жауапкершілік жүгі — өздеріңізде, қадірлі құдалар!

------------------------------------------------------
...