0 дауыс
537 көрілді
Төлеген Тәжібаев жайлы естулерің бар ма?Кім біледі?

1 жауап

0 дауыс
Төлеген Тәжібаев (1910, Сүткент ауылы — 1964, Алматы қаласы) — ғалым, педагогика ғылымы докторы, Қазақстан FA академигі (1954), 1935 ж. Мәскеудегі коммунистік тәрбие академиясын, аталған академияның аспирантурасын бітірген. 1938-40 ж. ҚазПИ-да кафедра меңгерушісі, 1940—44 ж. Халық ағарту комиссары, 1944-57 ж. ҚазКСР-нің Сыртқы істер министрі, 1948—53 ж. ҚазМУ-дың ректоры, 1957—61 ж. КСРО-ның Үндістандағы елшісі, 1961—64 ж. ҚазМУ-да педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ол педагогика ғылымы саласында Қазақстандағы тұңғыш доктор және академик. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі II—IV шақырылымдарының депутаты. "Енбек Қызыл Ту", "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Қожа тоғай ауылында Тәжібаев атында көше бар.

Шығармалары:[өңдеу]

Психология и педагогическая психология К.Д.Ушинского, 1948;
Философские, психологические и педагогические взгляды Абая Кунанбаева, 1957;
Просвещение и школы Казахстана во второй половине XIX в. 1965;
Абай Кунанбаев о воспитании молодежи, 1965;
Педагогическая мысль в Казахстане [1]

Ол Қазақстандағы педогогикалық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуы тақырыбына бірқатар құнды ғылыми еңбектер жариялады. 19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақтың демократ- ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтардың педогогикалық көзқарастарын зерттеп, келелі пікірлер айтты. Абайдың дүниетанымы, педогогика және психология тұжырымдарына тұңғыш рет материалистік тұрғыда талдау жасады. Ақынның айналаны қоршаған орта сырын терең түсінуде адам бойында үш түрлі: бірінші - әр нәрсені үнемі қозғалыста, өзгерісте болады деп қарау, екінші - заттардың өзара айырмашылығын салыстыра отырып, тәжірибе арқылы анықтау, үшінші - ақылмен қорытылған ойды жүрекпен сезіне білу секілді қасиеттің жинақталуы қажет деген қағидасының материалистік мазмұнын нақтылы мысалдармен ашып көрсетті. Тәжібаев адам бес сезім мүшесінің қызметі арқылы қоршаған ортаны танып білетіні туралы Абай ұғымының ғылым талабына сай, ақиқат шындық екенін оның Жиырма жетінші сөзіндегі Сократ пен шәкірті Аристодим арасындағы пікірталасын арқау ете отырып дәлелдеді. Адамның ақыл, сезім, қайрат сияқты психолог қасиеттерінің ерекшеліктерін ақынның ғақлияларында және поэзия тілімен шебер бейнелеуін қазақ халқының педогогика ой-пікірінің қалыптасу тарихындағы үлкен жетістік ретінде жоғары бағалады. Тәжібаевтың тұжырымынша, адам баласының хайуаннан айырмашылығы ақыл-парасатында, логикалық ойлау қызметінде және ақылмен саналы әрекет етуінде, ақылдың қасиеті өткірлігімен, ашықтығымен ерекшеленетіні жөніндегі ақын пікірі педогогика ғылымының методикалық талабымен толық үндес келеді. Тәжібаев Абайдың жүрек туралы түсінігін оның гуманистік ой толғауларының негізі ретінде қарастырды. Ақынның педогогика көзқарастарына талдау жасай келе, адам психологиясының жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отыратындығын және мінез-құлқының қалыптасуы тәрбиеге байланыстылығы жайлы пікірлерінің ғылыми тұрғыда маңызды екенін атап өтті. Тәжібаев ақынның еңбек, оқу-білім, адамгершілік тәрбиесі туралы тұжырымдарының мәнін ашып көрсетті. Абайдың эстетика көзқарастарын да жан-жақты зерттеп, өлең сөздің құдіреті туралы ойларына психологиялық тұрғыда талдау жасады. Тәжібаев ақынның ағартушылық, демократтық ой-пікірлерінің орыстың ойшыл-демократтары Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, В. Г. Белинский т. б. көзқарастарымен идеялық өзектестігін ғылыми тұрғыда терең тұжырымдаған алғашқы зерттеушілердің бірі болды.[2]

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Азазазазаз 19.09.2023 Мектеп сұрақ қойды
...