+1 дауыс
763 көрілді
адамдар мен достар, таныстар арасында. қадірлі болу үшін нені ескеру керек, не істеуге болады?

3 жауап

+1 дауыс
Жалпы шынайылылығыңды сақтау керек. Ойдан, сыртқа әдемi көрiну үшiн образ жасап, керек емес. Достарыңның арасында шыншыл бол. Өтiрiк айтпа. Бiр жерге қыдыратын болып, немесе туған күндер болатын болса, қалып қойма. Бiрге барып, өз активтiлiгiңдi көрсет. Жалпы осылай ортада көп аралассаң, көп нәрсенi үйренесiң. Кiмнiң қандай адам екенiн бiлесiң.
+1 дауыс
1"Адам сыйлағанның құлы" екенін ұмытпа,өзгені сыйла.
2Барлығының жақсы жағын көруге тырыс,және өзіңе қадірлі адамдарға бір мақтау сөз айтып қойсаң ештеңең кетпейді,сол арқылы барлығының жүрегіне жол таба аласың.
3Әрқашанда өзіңді өзгелер сыйласын десең ең алдымен өзіңді өзің сыйла. Сонда барлығы сені сыйлайтын болады.
+1 дауыс
Қазақта "Көзден таса-көңілден болады ұмыт" деген нақыл сөз бар. Әрине, бұл досқа арналмаған, айналадағы алыс-жақын таныстарға арналған мәтел. Күнделікті қарым-қатынас жасап жүрген адамдардың басқа қызметке ауысып, не басқа жаққа кетіп қалса, біраздан кейін сен оны ұмытып кетесің. Алғашқы кезде оны ауызға алып жүрсең де, бара-бара біржола естен шығарасың. Тек қана ата мен ана алыстағы баласын естен шығармайды, адал дос досын ғана ойында сақтайды. Досты дос қарама-қарсы отырғанда, жақында жүргенде ғана емес, қиыр шет, алыста жүргенде де көкейінде ұстайды. Кейбір адамдар, тіпті, өлген достарын да ұмытпайды...

   Көп жұрт дос болғаннан кейін достың үйіне қайта-қайта барып, ішіп-жеу керек, достың дастарқаны әрқашан да қайысып тұруы тиіс деп ойлайды. Дос келгенде дос қарызданып-қауғаланып болса да, ағыл-тегіл етуі парыз, құстың сүтін, құланның етін табуға міндетті деп есептейді. Осыдан кейін "досыңның асын дұшпаныңдай же" деген бар емес пе дегенді және желеу етеді... Бұл дұрыс емес. Өйткені жан қияр дос досынан ешқашан да ас аямайды. Сондықтан сен оның табағына емес, қабағына қара. Дастарқанында барын місе тұт, жоғына өзің көмектес. Досыңның көңілінде кірбің болса, соны кетіруге асық. Ол бақытсыздыққа ұшыраса- барыңмен бөліс. Ауруға шалдықса-көңіліңмен  демеу бол. Ауырып жатқан достың маңдайын алақаныңмен бір сипағаның өзінде қанша қуат бар екенін ескер. Ол ашулы отырса, ақылыңды айтып, алдын теже. Адал достың бір-бірімен қарым-қатынасы тек қана осылай болуы абзал. Ал қарын тойдыру қиын емес. Ол үшін асхана бар, мейрамхана бар... Досты қинағаның - өзіңді қинағаның, оны сыйлағаның - өзіңді сыйлағаның!..

Ә.Нұршайықов "Автопортрет"
...