uStudy сайтының сұрағына келіспей тұрмын, қазақ тілі пәнінен көмектесе аласыздар ма?

0 дауыс
1.1k қаралым

Қойылған сұрақ былай: 

Әрі сөз тудырушы әрі сөз түрлендіруші жұрнақ арқылы жасалған антонимді қатарды табыңыз.

Дұрыс жауап былай екен:

Әуелей өссін құрма,
Әткеншек оған құрма.

Осыған келіспей тұрмын, көмектесе аласыздар ма?

 

http://SSMaker.ru/3f99c971/

Қазақ тілі

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Егер дұрыс жауабы осы болып тұрса,онда  сұрағында омоним дегенді антоним деп жазып қойған..Егер сұрақта омоним сөздер деп жазылғанда,осы нұсқа сөзсіз дұрыс болар еді.Өйткені бірінші сөйлемде құр-түбірі,-ма етістіктен есім сөз тудырушы жұрнақ,ал екінші сөйлемде құр-түбірі,-ма болымсыз етістіктің жұрнағы.Ал сіз белгілеген нұсқада ешқанлай сөз тудырушы жұрнақ жоқ.
Ақыл беріп жастарға,
Бата алғын кәріден.
Осы жауапты белгілеу себебім:
1)Жас-кәрі = антоним болғандықтан.
2)Кәр+і  = сөз тудырушы, жас + тар = сөз түрлендіруші жұрнақ деп есептегендіктен.
3)Уақыт тығыз болғандықтан.
4)Басқа жауаптардың ешқайсысы сәйкес келмегендіктен.
кәр деген сөз жоқ,кәрі деген түбір сөз,апайыңа көрсетіп алсаңшы.
"Құдайдың кәріне ұшырады" деген сияқты "қаһар" деген мағынаны білдіреді ғой "кәр" деген сөз.
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы