0 дауыс
88.3k көрілді
Простатит деген қандай ауру?

Ғаламторда отырсам болды,не оң жақтан не сол жақтан лечение простатита деп шыға береді бір түрлі сурет шығып.

Ол қандай ауру,қауіпті сияқты атына қарасан?

Сол ауру туралы мәлемет,қалай пайда болады,неден,алдын алу т.б!

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Простатит – қуық асты безінің (простата) қабынуы. Ол ер адамдар арасында жиі кездесетін урологиялық кесел. Дерт 30-дан асқан еркектерде пайда бола бастайды. Соңғы кездері простатиттің "жасаруы” байқалады.  
30 жастан соң еркектердің 30%-і, 40 жастан соң 40%-і, 50 жастан соң 50%-і және с.с. простатиттен жапа шегеді деп есептеледі. Дегенмен нақты науқастылық тіркелгеннен анағұрлым жоғары. Бұл диагностикалау ерекшеліктерімен және кеселдің жасырын өту мүмкіндігімен түсіндіріледі. Аталық без (простата) ұрық сұйығымен араласып, сперматозоидтардың белсенділігін және олардың әр түрлі жағымсыз жағдайларға тұрақтылығын арттыратын секрет бөліп шығарады.  
Аталық без қабынуында (простатитте) зәр бөліп шығаруға байланысты көптеген пролемалар туындайды және эректильдік функция бұзылады. Ең қауіптісі сауатты ем болмағанда шамамен науқастардың 40 пайызында бедеулік дамуының қауіпі бар. Өйткені аталық без одан әрі сперматозоидтардың жылжымалылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде сапалы секрет бөліп шығара алмайды. Алайда мұндай симптомдардың тек простатитте ғана емес, сондай-ақ аталық без аденомасында және қатерлі ісігінде болатынын есте ұстау маңызды.
Простатиттің негізгі 4 формасы болады:
- жедел бактериалды простатит;
- созылмалы бактериалды простатит;
- бактериясыз простатит;
- простатодиния.
35 жастан кіші тұлғаларда простатит әдетте жедел бактериалды простатит түрінде өтеді. Егер жұқпа болуының зертханалық нақтылануы болса ғана бактериалды простатит деп атайды. Көбіне бұл инфекциялар - хламидиоз, трихомониаз, гарднереллез немесе соз (гонорея). Жұқпа аталық безге кіші жамбастың қан тамырлары мен лимфа тамырлары бойымен зәр шығару түтігінен, қуықтан, тік ішектен түседі. Бактериясыз простатитте бактерияны бөліп алудың сәті түспейді, дегенмен бұл оның жоқтығын білдірмейді.
Ересектеу жастағы пациенттерде кеселдің созылмалы түрлері жиі диагностикаланады. Проастатодинияда простатиттің клиникалық суреті, қабынусыз простата тінінің тығыздалуы болады. Простатит белгілерінің үш топқа бөлініп қарастырылуы мүмкін:
- зәрлік аппарат тарапынан бұзылыстар (зәрге жиі ауыртпалы шығу, қуықтың толық емес босау сезімі), құрсақтың төменгі бөлігіндегі ауырсыну;
- жыныстық қызмет бұзылыстары (эякуляция кезіндегі зәр шығару түтігінің бойындағы және тік ішектегі ауырсыну, әлсіз эрекция, мезгілінен ерте эякуляция, оргазмды жоғалту және с.с.);
- науқастардың өз жай-күйіне жете үңілуінен туындайтын жоғары мазасыздану және жүйке жұқаруы.
Жедел простатит әдетте 39-40° С дейін қызбамен бірге дене қызуының көтерілуінен басталады. Зәрге шығу қиындайды және ауырады. Зәрге шығу жедел кідірісін шақыратын аталық без ісінуі дамиды.  Созылмалы простатит мейлінше тыныш өтеді, бірақ жағымсыз факторлардан кез-келген сәтте асқынуы мүмкін. Симптомсыз ағым иелену де ықтимал.
Дер кезінде терапия жүргізілмесе, мынадай асқынулардың болуы мүмкін:
- жедел простатиттің созылмалыға ауысуы;
- жедел зәр кідірісімен бірге хирургиялық емді талап ететін қуық обструкциясы;
- еркек бедеулігінің дамуы;
- рецидивті цистит;
- пиелонефрит және бүйректің басқа зақымданулары;
- хирургиялық араласуды қажет ететін аталық без абсцессі (іріңдігі).
Өмірге қауіпті сепсис көбіне иммунитеті төмен тұлғаларда дамиды (қант диабеті, бүйрек тапшылығы бар пациенттер).
Профессионалка  қыздарға барсаң 1 аптада жазып береді эротикалық массаждың түр-түрін жасап, болмаса, ұялам десең,  көбірек атқа мініп серуенде, жазылып кетесің.
0 дауыс
Салам мен прастатитт енеке жагымсыз асерин тигизиптт турама соол жак енек созылып салбырап турад
0 дауыс
Салеметсиздерме Менин куйеумде простатит бар екен жане онын мужской жагы ауырады ол не ушин ауырады???
0 дауыс
енектерим солкылдап каксайды жане сол    жак ишимди ауыртады ол не? сол енек каксайды кобинесе
0 дауыс
Сол жак енек искен жане ауырады киши даретке коп шыгам
0 дауыс
салеметсиз бе ! менде мынандай жагдай болып жатыр  бир кызбен болып едим, одан сон  еки уш куннен сон тасактын басынан сары урык сиякты акты тамшылап ол не? содан сон оз кызым мен болган едим кан сиякты урык акты арине презервативпен . Маган айтасыз ба бул не ауру? дос балаларыма айтсам сен трипак устап калдын дейди!
http://anamenbala.kz/3738/ Мұқият оқы
0 дауыс
Простатит, уретрит, аденома, белсиздик, импотенция мазалап журсе 8727-972-17-22, 778 00 717 22, 776 00 717 22 номерлеринен тегин акпарат жане емделу жолдарын сурасаныз болады
0 дауыс
Тез ағып кетудің себебі неде?
...