Осы мидағы,өкпе,бауыр,өт т.б жердегі ісік,тас қалай пайда болады?
БӘРІМІЗДІ ондай аурудан АЛЛА сақтасын!
Бірақ олар қалай болады,суықтан н/е тамақтан,неден пайда болады?
Қатерлі ісік қалай пайда болады? Онколог мамандар рак тудырғыш заттардан абай болуды ескертеді: • Сәби кезінде баланың тісіне көңіл бөлу керек. Дұрыс шықпаған немесе ауру тістер ағзада ісіктің пайда болуына бейім келеді; • Артық салмақ қосу; • Бір орында қозғалыссыз ұзақ отыру; • Ішімдікті үнемі және шектен тыс пайдалану; • Ұзақ уақыт шылым шегу; • Дұрыс тамақтанбау, соның ішінде құнарлылығы аз, консервант тағамдарды пайдалану, күйген тамақты жеу (қазанның қаспағы); • Қыстың қамын ойлап, жаз маусымында тұздап сақтаған қияр-қызанақтардың, қайнатылған тосаптардың ұзақ тұрып қалуы; • Сонымен қатар күннен бөлінетін ультракүлгін сәулелер нәтижесінде терінің қатерлі ісігі пайда болады. Сондықтан 17 жасқа дейінгі балаларды күн сәулесіне күйдірмеген абзал. Әсіресе күндізгі сағат 11 мен кешкі сағат 5-6 аралығында ультракүлгін сәулелер көп бөлінеді. Бұл уақыт аралығы тіптен қауіпті. Бүгінде «солярий», яғни ультракүлгін сәулелерінің жасанды түрі шығып жатыр. Оны жас балаларға пайдалануға мүлдем болмайды. Жас ұлғая келе оның зардабынан теріде қатерлі ісік пайда болуы әбден ықтимал.
Дереккөз
128k сұрақ
322k жауап
153k пікір
72.7k қолданушы