+2 дауыс
65.8k көрілді
Бауыр, татулық туралы шығарма керек болып тұр?

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Тамыры тереңге жайылған татулық тірегінің ордасына айналған Қазақ елінің бірлігі мен берекесі тарқаған емес. Ұлт пен ұлыстың татулығы бүгінде елдегі қоғамдық ынтымақтастықты сақтап отыр. Байтақ елде жалпақ жұрттың бірлігі бұзылмай, татулығы тарқамай өмір сүріп жатқандығы үлкен мақтаныш. Бір шаңырақ астында ұлттың ұйытқы­сына себеп болып отырған сараб­дал саясатымыз мен Ата заңымыздың аясында атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі екендігі белгілі. Әлемде ұлтаралық бірлігімен, татулығымен ерекшеленетін ұлт екенімізді ескер­сек, тұрақтылық пен бейбітшілік үйлесім тапқан елміз. Сонымен қатар халықтардың өзара түсінушілігі мен бере­кесін тапқан бірлігінің арқасында да татулық діңгегі ажыраған емес.Осымен шығармам Тәмәм!
Шығармаңыз қысқада нұсқа екен, есесіне шығарма шығармадан туады, мына сіздің шығармаңызддан көлемді шығарма жазуға болады
саясатмыз мен емес бен болады
кушті сайт кіріндер
0 дауыс
Бүгінде егемен елімізді мекендеген 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті өмір кешіп келеді. Осындай бірлік пен достықтың арқасында Қазақстан әлем алдында беделді елге айналды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 17-сес­сия­сында сөйлеген сөзінде «Біз жүз жылға татитын жиырма жылда ортақ жа­уап­кершілік жолын жүріп өттік, биік белестерді бірге бағындыра білдік. Бауыры бүтін бірлігімізбен елдікті еселеп, мызғымас емлекетімізді бекемдей түстік. Тұрақтылықтың бірегей үлгісін танытып, дамудың қазақстандық жолын айқындадық» деп айтқандай, осы жылдар ішінде еліміздің дамуына татулық пен бірліктің бесігі болған Қазақстан халқы Ассамблеясының қосқан үлесінің зор болғанын ерекше атаған еді. Айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы күннен-күнге жанданып, түрлі этномәдени шаралардың ұйытқысына айналып келеді. Ассамблея қарамағындағы 16 қалалық және облыстық кіші Ассамблеялардың жұмыстары да ауыз толтырып айтарлықтай болып отыр. Соның бірі – Қызылорда облыстық Қазақстан Халықтары Кіші Ассамблеясы.

Бұл Кіші Ассамблеяның негізгі жұмысы аймақтағы қоғамдық саяси тұрақтылықты, ұлтаралық татулық пен келісімді қамтамасыз етуге және этникалық ұлттардың салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтауға бағытталған. Қазіргі уақытта облыста оннан астам ұлттық мәдени бірлестіктер жұмыс жасайды. Олар: «Понтийцы» грек ұлттық мәдени орталығы, Түрік ұлттық мәдени орталығы, Татар ұлттық мәдени орталығы, «Вайнах» шешен ұлттық мәдени орталығы, «Lev ami» еврей ұлттық мәдени орталығы, Қазақстан кәрістерінің Қауымдастығы облыстық филиалы, Өзбек ұлттық мәдени орталығы, «Wiedergeburt» неміс ұлттық мәдени орталығы, «Славяне» ұлттық мәдени орталығы, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» Қызылорда филиалы және жуырда ғана шаңырақ көтерген Қырғыз ұлттық мәдени орталығы. Аталған ұлттық мәдени орталықтардың басшылары мен мүшелері мемлекеттік ұлт саясатының белсенді насихаттаушылары десек, артық айтқандық емес. Себебі мәдени орталықтардың өкілдері облыс көлемінде ұйымдастырылатын кең көлемді шараларға белсене қатысып қана қоймай, өз тараптарынан да шаралар ұйымдастыруды жолға қойған. «Мемлекеттік тілді білу – парызың» атты өзге ұлт өкілдерінің арасында облыстық олимпиада, «Мақсаттар бірлігі – рух бірлігі» атты облыстық этномәдени дәстүрлер фестивалі секілді көптеген шаралар оған нақты дәлел бола алады. Ұйымдастырылған шаралар барысында ұлтаралық келісімді нығайту, бірлік пен татулық идеялары мен патриотизмді насихаттауға көп мән беріледі. Сонымен қатар өзінің ділін, ана тілі мен мәдениетін сақтау – ұлттық мәдени орталықтардың қызметінің мәні. Қызылорда облыс әкімдігі және облыстық ішкі саясат басқармасы және өзге де тиісті құрылымдар жыл бойы ұлттық мәдени орталықтармен ұлтаралық қатынастарды сақтау және олардың салт-дәстүрін жетілдіруге бағытталған жұмыстарды бірге атқарады.

Атап айтсақ: Ұлыстың ұлы күні Нау­рыз мерекесі, «Рождество» мерекесі, «Масленница» «Остерн» (Пасха) мерекесі, «Сабантой», шығыс күнтізбесі бойынша мерекеленетін Жаңа жыл сияқты ұлттық мерекелер ешқашан назардан тыс қалған емес. Бұл мерекелердің барлығы облыс тұрғындары үшін дәстүрге айналған. Олар осындай ұлттық мерекелердің арқасында келешек ұрпаққа өздерінің салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыптарын кеңінен насихаттауға да мүмкіндік алады. Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Қазақстан халықтарының тілдері күні, Тәуелсіздік мерекесі секілді мемлекеттік деңгейдегі мерекелер де ұлттық мәдени орталықтардың қатысуынсыз өтпейді. Қазіргі таңда Сыр өңіріндегі 11 ұлттық этномәдени орталық елдің дамуына өзіндік үлестерін қосып, бірлік пен өзара түсіністік жағдайында жақсы нәтижелерге жетуде. Яғни бұл дегеніміз біздегі ұлттар мен ұлыстардың өзара татулығын білдіреді.

Баршаға белгілі, ұлтаралық келісім – экономикалық және саяси реформалардың алға жылжуына, демократияның одан әрі дамуына және қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің шешілуіне септігін тигізеді. Сондықтан ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері бейбітшілік пен достық, ұлтаралық келісім болуы үшін облыстың қоғамдық-саяси өміріне бұдан ары қарай да белсене араласа бермек. «Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады» деген атам қазақ. Демек, жүзі басқа – жүрегі бір, тілі басқа – тілегі бір ұлттар арасындағы татулықтың арқасында Сыр өңірінде әлі де талай тындырымды шаралардың шымылдығы түріліп, тұсауы кесілері сөзсіз.

Жібек Қуанышқызы
0 дауыс
Бейбіт сүйгіш қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тарихында аты аңызға айналған ел бастаған хандар мен билері, батырлары елдің амандығын, тыныштығын сақтауға мол үлесін қосқаны мәлім. Осы игі үрдіс қазіргі жаңа ғасырда да өз жалғасын тауып, әлем алдында Қазақстан досқа қамқор, дұшпанға кешірімді, көршілерге мейірімді ел екендігін дәлелдеп келеді. Осы аяулы арман, асыл мұраттың аясында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарапынан ауқымды саяси қадам-дар жасалып, бейбітшілік пен достықты нығайтудың жарасымды үлгісі қаланып жатыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев биылғы жылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы се-німді нығайтуға тиіспіз! Бір-бі-рімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім – ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады – біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды», – деді.

Бүгінде Қазақстан – бірлігі жарасқан, мейманасы тасқан, атағы әлемге асқан мемлекет. Жүз отыз ұлт баласы қазақ шаңырағының астында жиналып, дүрдараз болмай, дүрлікпей, бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Татулық, бірлік, береке, ынтымақ әр елде бола бермейді. Оны әлемнің әр тарапынан ақпарат жеткізіп отырған көк сандықтан көріп отырмыз. Қазақ елі осындай игіліктерге толы жұрт. Кей кездері бір әулеттің балалары сөзге келіп, біріне-бірі өкпе артып жатады. Діні бөлек, ділі басқа халықтарды бір мемлекетте ұйытып отырудың өзі үлкен күш. Бір-бірімен тіл табыстырып, алакөз қылмай, достықты сақтап қалу үшін қазақ билігі талай ауқымды шараларды, беделді бастамаларды қолға алды. Осынау көп ұлтты тұрғындардың «Қазақстан» атты бір шаңырақ астына топтасуы ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сұңғыла саясаткерлігі һәм тәуелсіз елімізді әлемдегі дамыған, өркениетті елдердің қатарына қосу жолындағы сындарлы қадамдары жағдайында мүмкін болып отыр.

«Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Мен «Жастар – біздің болашағымыздың тірегі» дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыз-дың күш-жігер жұмсап, құлаш сер-мейтін тұсы осы!», – деді Елбасы Жолдауында. Шындығында, бү-гінгі күні көпұлтты тәуелсіз Қазақ еліне дүниежүзіндегі көптеген елдер қызыға да қызғана қарауда. Себебі жүзден астам ұлт пен ұлыстардың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастыра білген ел әлемде кемде-кем. Өзара ынтымақ пен татулыққа, сүйіспеншілік пен қолғабыс көрсетуге шақырып, бөлінушілік пен дұшпандықтан сақтандыратын Ислам сияқты дін жоқ. Құран мен Пайғамбарымыз-дың (с.ғ.с.) хадистері мұның айқын дәлелі. Мәселен, Ұлы Алла Құран Кәрімде бізді бірлік пен ынтымаққа шақыра отырып, былай дейді: «Барлықтарың Алланың жібіне (дініне) жармасыңдар, сондай-ақ өзара бөлінбеңдер» («Әли Ғимран» сүресі, 103-аят). Ал сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.): «Мүміндер кірпіштерден қаланған бір ғима-рат іспеттес», – дей отырып біздер үшін бірлік пен ынтымақ-тың қаншалықты маңызды екендігін білдірген.

«Алдағы жылы біз Консти-туцияны қабылдаудың және Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығын сал-танатты түрде атап өтеміз. Осы даталарды атап өте отырып, бізге қазақстандықтарды рухани тұрғыда бұрынғыдан да гөрі күштірек, топтасқан және бұрынғыдан да бетер тағатты ету маңызды. «Қазақстан, тек алға!» атты біздің басты қағидатымыз тарихтың жаңа жауапкершілікті орамында жаңаша үн мен неғұрлым терең мағынаға ие болатынына менің сенімім мол. Баршаларыңызға біздің Отанымызды бұрынғыдан да зор биікке көтеретін жаңа шыңдарға қол жеткізуде табыстар тілеймін!», – деді Елбасы. Біз мұны терең ұғы-нып, әрбіріміз өзімізге жүктелген міндетті адал атқарып, Елбасы Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» идеясына бірігуіміз қажет. Қазіргі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы 470 ұлттық-мәдени орталықты біріктіріп отыр. Бұл – елімізде жүргізіліп отырған сындарлы саясаттың нақты нәтижесі.
0 дауыс
Тақырыбы: Тату доспыз бәріміз. (әңгіме құрату)
Мақсаты: Достыққа, татулыққа, бауырмашыл болып өсуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сурет үлгілері, мақал - мәтел, бейне таспа.
Әдіс тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгіме түсіндіру.

I. Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- (Балалар жауабы) Сәлеметпіз.
- Қазір бізде көркем әдебиет сабағы. Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды алып оқушы ережеге сай отырамыз.
Психологиялық сәт.
Қайырлы күн! Әрқашан күн сөнбесін.
Күн нұрындай жылуын төге берсін.
Күндей жарық, көңілді күй кешейік.
Бәріміз тату дос боп өсейік.
Кіріспе әңгіме.
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,» - дегендей адамдардың берік бірлігі, ынтымағы, сыйласымдылығы бір - біріне қамқорлық танытуынан татулықты байқауға болады. Адамдар арасындағы татулық, жақсы сыйластық пен келісімді бірліктің көрінісі ретінде достық қарым - қатынасқа ұласады.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Мұнда әр түрлі халықтар мен ұлттар өкілдері тұрады. Олар бір – бірімен туыс, дос, бауыр, жолдас. Біздің елімізде 1 МАМЫР ынтымақтастық, достық, бейбітшілік мерекесі болып саналады.
Ынтымақ бар жерде бақыт бар.
Әрбір ұлттың өз тілі – ана тілі. Адам өмірге келген күннен бастап анасының айналып, толғанған даусын естіп, жақсы қасиеттерді бойына жияды. Сондықтан да анамыз сөйлеген тілді ана тілі дейміз.

Сурет бойынша әңгіме құрату.

Өлең оқып беру.
С. Оспанов "Тілегіміз - бейбіт күн".
Тілегіміз — бейбіт күн.
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір қалада тұрамыз,
Бір мектепке барамыз.
Ақ, қара деп бөлмейміз,
Бір жыл туған төлдейміз.
Туысқанбыз, татумыз,
Биіктерге өрлейміз.
С. Оспанов
Сұрақ – жауап.
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Сендер өзге ұлт балаларымен бірге ойнайсыңдар ма?
- Бір қалада, бір көшеде бірге тұрып, үйлеріне барасыңдар ма?
- Сендердің көршілерің қандай ұлттың азаматы?
- Біздің қаламызда әр түрлі ұлттар тұрады, ал сендер осы ұлттарды атап бере аласыңдар ма?
- Біздің ол ұлттармен қарым - қатынасымыз қандай?
- Өз мектебіміздің ішінде қандай ұлттың тілін меңгеріп жатырмыз.
- Осы меңгеріп жатқан тілімізден өлең айтып бере аласыңдар ма?
- Оқушылар ағылшын тілінде тақпақтар айтады.

Сөзі Ә. Дүйсенбаевтікі
Әні М. Әубәкіровтікі
Жақсылыққа бақытқа,
Талпынған өр уақытта.
Бала біткен дос - бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Ақпыз, қара, сарымыз Ағайынбыз бәріміз.

Қорытынды.
0 дауыс

Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге этнос өкілдері «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» дегенді ұранға айналдырған. Ұлтаралық татулықты нығайтуға Қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың өкілі келешек ұрпағымыз үшін этносаралық достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауына еңбек етіп, атсалысады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тұрақтылықты сақтаудың алғы шарты ретінде бірінші экономиканы өркендетудің қажеттілігін алға қойған. Сол себепті, «Алдымен экономикаға» қағидасын ұстана отырып, экономиканың әр саласында білек сыбана қызмет істеп жүрген барлық этностың басын қосып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құруы – өзге халықтарға үлгі-өнеге бола білді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті – достықты нығайту ғана емес, оған қоса әр ұлттың тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағытында түрлі іс-шаралар өткізу болып табылады. Елбасымыздың телеранттылық ұстанымына сәйкес өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, дәстүрін жете білуі керек. Дегенмен, олар өз ұлтының құндылықтырын еркін меңгеріп өсіп келеді. Қиын-қыстау заманда қазақ елін паналап, қамқорлығын, жақсылығын, кеңпейілділігін, адамгершілігін, қонақжайлылығын көрген өзге этнос өкілдері қазақ халқын жоғары бағалап, құрметтейді. Өзге ұлт өкілдері қоныстанған аймақтарда, сол ұлттың тілінде балабақша, мектеп көптеген ұйымдар өз міндеттерін атқарады. Өз тілдерінде еркін сөйлеп, өз ойларымен биік шыңдарды бағындырып жүргендері де бар. Бұл қазақ елінің жомарттығының айқын дәлелі.

2012 жылғы 14 ақпанда Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев : «Жаһандану дәуірі көп ұлтты мемлекеттер дәуірі. Бұл – әлемдік үрдіс. Еліміздің дамуына барша ұлт бірге үлес қосты. Ендеше, Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт.»,- деп айтып өткен.
Тәуелсіз елімізде, этносаралық татулықтың, достықтың, конфессияаралық бірліктің де берік негізі қаланды. Ендігі біздің мақсатымыз – елдегі тұрақтылықты сақтап, экономикалық өркендеуді дамыта отырып, өз Отанымыздың ертеңгі кемелді келешегі үшін, баянды болашағы үшін адал қызмет ету.

Еңлік САҒЫНДЫҚОВА.
Талапты ауылы.
 

0 дауыс
Бауыр ини туралы керек болып

Ұқсас сұрақтар

...