0 дауыс
6.4k көрілді
Мен балгерге бардым. Бәрiн дұрыс айтты, бiрақ сенуге бола ма? Өздерiң көрiңдершi қиналғанда көмектесе ала ма? Номерiне бiрiншi 500бiрлiк салады. Сосын ол телефонмен бал ашып бередi. Cенi көрмесе картамен ашады.

6 жауап

0 дауыс
Жоқ мүлде сенуге болмайды. Балгерге барып оның айтқандарына сену Пайғамбырмыз с.ғ.с мен Аллах Тағалаға қарсы шығу. Себебi Аллах-Тағала құранда, ал пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с хадистерiнде ескерткен. Сенi тiптi гипноздауы да мүмкiн балгерлер. Балгерлер шайтанмен тiкелей байланысады. Сондықтан олар адамды өзiне тартып тұрады. Ендi, ешқашан балгерлерге жолама Айка.
0 дауыс
Балгерге сену - Аллах Тағалаға серік қосумен тең. Ол өте үлкен күнә. Ақша үшін балгерлер барлық нәрсені істей береді. Адамның тағдырын, болашағын бір Аллахтан басқа ешкім білмейді. Балгерге сенбегеніңіз дұрыс.
0 дауыс
Сенесің бе, сенбейсің бе ол өз шаруаң, өткен заттарды тап басып айтқан балгерлерді талай көрдім (оның еш құпиясы жоқ әрбір адамның, әрбір заттың айналасында информация жинақталады, кейбір адамдар оны көреді), болашақты да шамалап айтады (Мысли материализуются деген ұғым бар керісінше олардың айтқаны орындалатын болса). Қысқасы мен ештеңеге де сенбеймін
0 дауыс
КВН де жақсы әзіл бар еді. Ақымақ балгер өткенді болжайды деген. Алдыңғы жауаптың бәріне қосыламын. Ол Аллах пен Пайғамбарымызға (с.а.с.) серік қосу. Ол исламдағы ең ауыр 1 күнә.
0 дауыс
Жоғарыдағылардың барлығы дұрыс,бірақ...Кейбір арқалы адамдардың,бақсы-балгерлердің болашақты болжайтыны ақиқат.Бірақ ал өтірік айтатын болса,азын-шоғын арқасын пайдаланып балгерсымақ болып ақша тапқысы келетіндер. Яғни Шаншардың әзілдеріндегідей,
-сен қай жылы мектеп бітірдің
-2009
-Сен 91 жылғысың демекші
Күнә болсада,бақсы балгерлердің болашақты болжайтыны,адамға дуа салатыны,яғни көп нәрсені істей алады олар. Болашағым қандай,қалай жұмыс табам,жігітім кім болад,қызым кім болад,болама,болмайма деп бақсыға бару,жалпы бақсы-балгерге бару шариғат бойынша тиым салынған ширк күнәсі. Ал қатты күнің түскен жағдайда мысалы біреу сені дуаласа,оны қайтарудың басқа жолы жоқ болса,Удың бетін у қайтарады деп ол жағдайда ойлануға тура келетін шығар.
0 дауыс
Олардың білетіні шындық. Оның күнә болуының басты себебі өтірік айтатындығында емес, Аллаһтан басқаның құдыретіне сенуінде. Олар шыныменде біледі. Оған даже сахабалар да таңқалып, пайғамбардан(с.ғ.с) себебін сұраған. Пайғамбар(с.ғ.с) олардың жындармен байланысу арқылы көп нәрседен хабарлары болатынын, оның үстіне аямай өз өтіріктерін де қосатынын айтып берген. Олардың өздері жындардың арбауында жүр. Сондықтан саған жәрдем берместен бұрын, өздері емделіп алулары керек.
Күнә бола ма жоқ па оны білмеймін, бірақ мен ештеңеге сенбеймін, (арабтың саудагеріне де). Сосын мына жерге діни сұрақтар қойылмау керек деген ереже бар (ондай сұрақтарды мен сияқтылар жауап жазып бәрін бүлдіреді)
Арабтың саудагері дегенің не немесе кім?
nurken911, кім дегені несі, Мұхаммед пайғамбарымызды танымайсың ба не?
Естімеген елде көп,бірінші рет естіп тұр екенмін,Мұхаммед пайғампарды арабтың саудагері дегенді.Олай деуің қателік қо енді.Арабияда өмірге келмегеніңе шүкір де,айтпесе сен бұлай айтпас едің,айтсаң басың кетер еді. Есіңде болсын кейбір мұсылман елдерінде адамзаттың асылы Мұхаммед пайғампарға тіл тигізген адамға өлім жазасы беріледі,ол ақиқат. Біліп жүр,тектен-тек өліп кетпе деп жатқаным ғо...
Мен ешқандай тіл тигізген жоқпын, Мұхаммедтің өмірбаянын оқымап па едің
Нұркен, ислам дініне, Мұхаммед(С.Ғ.С) пайғамбарға сөз тигізгендерді өлім жазасына кеседі дегенді бірінші рет естіп тұрмын, ислам діні ондай қатал емес, меніңше ол сияқты жазаларды исламды дұрыс білмейтін адамдар жасаса керек.
сол арабтың саудагері болмағанда қазір жер бетінде мейрімділік, жақсылық деген нәрселер қалар ма екен?
...