Бұл алуан түрлі эмоциялар туғызатын қызықты құбылыс. Оның кемшілікері көп, дегенмен де, артықшылықтары да бар. Оны бірнеше түрге бөлуге болады.
1. Эпистолярлы. Оны әдетте іші пысқан тұрмыстағы ер адамдар, не әйелдер бастайды. Алуан түрлі хаттар жазып, өз құрбанымен ойнайды. Тым алысқа кеткенін сезгенде, мардымсыз себеп тауып, қош айтысады.
2. Сексуалды. Басы біріншідегі секілді. Бірақ, негізгі мақсаты сексуалды оқиғаларды көздейді. Бұл олар үшін көшеде танысқаннан ыңғайлырақ. Ол өз мақсатынан жеткен соң, бірінші кездесуден кейін - ақ аяқталады. Сосын басқаларды іздеуге кіріседі.
3. Ішкі сезімдік. Чаттарға өз қиындықтарымен бөлісу үшін кіреді. Өзіне жақын адамды тауып алып, соған мұңын шағады. Мұндай қарым - қатынастар ұзақ жылдарға созылуы мүмкін. Әдетте, байланысты бұзу қорқынышынан кездеспейді.
4. Кездейсоқ. Сөйлесе отырып, интернетте екі адам жақын араласып кетеді. Мұндай қарым - қатынастар шынайы өмірде де жалғасын табуы мүмкін.
5. Заңдылықты. Бұл жерде екеуінің де мақсаты- өз махаббатын табу.
6. Меркантильды. Ол өз қалтасын толтыру мақсатында басқа адамдарды алдамумен айналысатын адамдар.