0 дауыс
655 көрілді
Қазақстан футболы дамуы мүмкін бе?Мен сенбеймін, ортада тұрып  допты қақпаға тебеді, шеттерінен симмулян...
Сұағың дұрыс қойылмаған. "Қазақстан фудболы дамуы мүмкін бе?". Олай емес былай қоясың: Қазақстан(ның) фудболы дамуы мүмкін бе?"- деп қоясың! )
Ха не айырмашылығы бар?Сосын фудбол емес, футбол болады ғой, өзін өңдеп ал енді!)

10 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Дамыса да,дамымаса да маған бәрібір шыны керек. Қазақстан футболын мүлде қарамаймын,жеңіліп қалад,босқа жүйкеңді тауысып. Одан да бокс қарағанды ұнатам,жеңістеріне қуанып отырасың. Бізде Футболдың дамымауының бірден-бір себебі,біздің қазақ халқының табиғаты келмейді.
"Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар,
Бәрінен де қой бағып көтен жеген озар" деген халықтан қандай футболист шықсын.
Неге олай ойлайсың? Аллаһ қаласа әлі біз талай жеңеске жетеміз, бірақ фудболға ат үсті қарамай дұрыстап мән беруіміз керек сонда ғана жетеміз. Бірақ бізді Португалия, Испания мен салыстыруға келмейді. Олардың фудболдары 1800 жылдан бастап дамыды, ал бізше?, ол уақытта не істеп жүрдік, фудболдың өзі енді келдіғо.
Чат істемей қалған ба?
Нүркен, қисық сұраққа қисық жауап. Өте керемет жауап бердің.
Ақтөре бізде футболға дұрыс мән берілмей жатыр деп ойлайсыңба? Жоқ олай емес,футболдан Қазақстанды алға шығару үшін қолынан келгенін бәрін жасап жатыр.Тек әрбір елдің оң жамбасына келетін спорт түрлері болады.Мен бір мысал айтайын сен айтқан Футболдан алдына жан салмайтын елдер Португалия,Испания Бокстан Қазақстанның шаңына да ілесе алмайды. Басқасын айтпағанда олимпиада да ең үздік боксшыға берілетін Баркер кубогын тәуелсіздік алғалы біз 3рет алдық. Яғни 96,2004,2012 басқа олимпиадада біз алмаған себебіміз 2 олимпиада қатарынан Баркер кубогі бір елге берілмейді. Португалия,Испаниядан бір де бір Вел баркер иесі шыққан жоқ білсем. Сондықтан бізде бар бокс,оларға жетпей қалды кеш дамыды деп айта алмас едім.Футболда да солай.
0 дауыс
Дамиды. Шетелден футболшылар сатып алуды доғару қажет...
+1 дауыс
Мен айтар едім ешкім фудболға мән бермейді. Кемінде әр ауылдан 3-4 жақсы жігіттер шығады ғо. Ал жоғарыдағылар Қазаққа биттейде жаны ашымайтын негрлермен орыстарды әкеп ойнатады, ойыншыларды қойш құдайдың жаттықтырушының өзі айдаладағы Голандиядан кеп жатса өзің ойлайбер, 3 емес -30000 рет ұйықтасаңда түсіңдеде болмайды.:(( бұдан соң қайтып дамиды қайтып қалай айтыңдарша.а.а.а :о
0 дауыс
Ауылдық жердегі қара домалақ , футболға құштар , футболшыларды алу қажет.
0 дауыс
Дамиды. Күте тұрайық тағы 10-15 жыл.
Күткеннен не пайда өзгермесе, менің берген жауабымды жоғарыларға жеткізетін адам барма :((
0 дауыс
Шыныменде азиаттықтардың доп тебуге икемдері келмейтін сияқты.
0 дауыс
Дамуы әбден мүмкін бірақ қаржы жағынан қысылып тұрған шығар!
0 дауыс
Бiрден-бiр себеп, бiзде тәжiрибе аздығы. Бiзге яғни Қазақстанға да Арсен Венгер, Хосеп Гвардиола, Херардо Мартино сияқты бiрақ Қазақ футболдан көзi ағарған, әрi қу, тренерлер керек. Мысалы алпауыт командалар Барселона, Бавария, Челси, Реал Мадрид т.б тренерлерi бiр-бiрлерiнiң, осал тұстарын зерттейдi. Көпшіліктің кіндік қаны тамған жері-ауыл екенін баршамыз білеміз. Ал егер сол ауылдарды араласаңыздар анау Криштиану Роналду мен Мессилерден кем ойнамайтын жастарымыз бар. Неге сол жастарға қалаға ауысуға жағдай жасамасқа? Кезінде Мессиді де сондай бір ауылдан тауып алғаны да есімізде. Әй бірақ іздемейді ғой біздікілер. Іздеп, тауып, елге паш ету біздің қанымызда жоқ дейді кейбіреулер. Біздікілер қалада өскен Саша мен Диманы тапқанына қуанады. Олар, қаланың мәдениетті жастарының бірі деп те қояды әлгілер. Сашаң мен Димаңның дене бітімі футбол ойнауға келмесе де, аттары нағыз Қазақстан құрамасының ойыншыларының аттарындай екен ғой. Жастарымыздың қарсылас құрамалардан ұтыла беруінің басты себебі неде екенін білесіздер ме? Бұған себеп-жолдастық кездесулердің аздығында деп білуіміз керек. Әлемнің мен деген құрамаларының жастары жылына 20-дан астам кездесу өткізсе, біздің жастар ары кеткенде 3-4 ойыннан аса алмайды. Байқадыңыздар ма? Айырмашылық қандай, ә? Айырмашылық жер мен көктей… Баршамызды Қазақстан футболының болашағы бей-жәй қалдырмайды. Әрқашанда болашаққа сеніммен қарау үшін әр нәрсенің өткені болу керек екені анық. Үйді де салғанда ең бірінші фундаменттен бастаймыз, және сол үйдің кейін нық, әдемі, әр нәрсеге төтеп бере алуы да сол фундаментке байланысты. Ал біздің елдің аяқ добының болашағы бар ма? Әлде… Егер біз бір тұстан қарастырар болсақ, әрине, жоқ. Қазақстан футболының фундаменті қаланбаған деп пайымдауымыз мүмкін. Бірақ біздің елдің футболының фундаменті қаланған. Біз жоғарыда ең басты дүние тастап кеттік. Сол үйдің болашақта қаншалықты жақсы салынғаны сол үйді кім салғанына байланысты емес пе? Көз алдыларыңызға елестетіңіздерші, сіздің үйді басқа елден келген арзанқол, өз ісінің маманы емес бір жасақ келіп салып кетті. Ондай үйдің болашақта бір керемет болып кетуіне сенесіз бе? Әрине, сенімнен гөрі күмән көп. Ал енді сол үйді өзіңіз салсаңыз қалай болар еді? Өзің салсаң бар ынтаңды, бар жігеріңді салатының рас қой, ә? Сонда келетін шешім қандай? Үйдің фундаментін өзіміз салғанымыз дұрыс па, әлде келімсектерге салғызғанымыз дұрыс па? Ойланатын мәселе емес пе? Біздің футболшылардың патриоттық сенімі! Біздің құрамада өңкей өзге ұлт өкілдері ойнайды! Олардан гөрі не себепті тек қазақ жастарынан ғана құралған топ болмасқа?! Бәрінің бойына патриоттық сенім, өзінің елі үшін, жері үшін, ойнауға сенім отын ұялату керек. Ал егерде патриоттық сенім болмаса қанша ойнасада нәтижие болмайтыны анық. Мысалға алып қарасақ: Бразилия, Италия, Испания сияқты топ жарып тұрған құрамалардың ойыншыларының бойындағы рухты байқап көріңдер…Қандай ә?! Олар сол футболда жеңіп шығуға еш нәрседен аянбай ойнауда, ал жеңілген жағдайда жылауға дайын, ойыннан соң интервью бере де алмайды. Себебі жеңілген үшін, өздерін кінәлап қалай интервью берерін де білмейді! Ал біздікілер 10 допты өздерінің қақпасына жіберіп алсада ұялмай келіп : » Бұйырмады» деп қана жауап қайтады! Сонда бұл қалай болғаны?! Мүлдем патриоттық сенім деген жоқ!!! Сол себепті біздің ойыншылардың қатарын жаңарту керек (тек ҚАЗАҚ ойыншыларынан құралу керек), Ойынға аса көңілмен қарау керек, көбірек жаттықтырып достық кездесулер ұйымдастыру керек айта берсе жетпейтін жайттар көп!
0 дауыс
Азия құрлығында ойнасақ мүмкіндік жоғары. Қай жағынанда алып қарасақта Қазақстан Азияда жақсы өнер көрсетеді. Әлемдік жарысқа шығар еді
0 дауыс
Азия құрлығына қайта қайтайық сонда бір мәнісі болады. Азия құрлығында жақсы ойнадыққой бұрын.
...