+3 дауыс
696 көрілді
Неге соңғы кезде СЖ сайтында белсендiлiк азайып кеттi? Соңғы кезде жауап беретiн сұрақ та қалмады. Бiр сұраққа 1жауап әрi кетсе 3жауап алынып жүр. Модераторлар да түк жұмыс iстеп жүрген жоқ мүлде. Әлде көбiсi сабақ, емтихан т.б жұмыстармен жүр ме? Админ сосын жаңартуыңыз қашан болады?
"Осы айдың соңына қарай жаңа жаңарту шығатын болады"- деп сайтымыздың администраторы жауап берді.

11 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ұлықбек - бұл жылда қайталанатын қалыпты жағдай. Мамыр айы келе салысымен қолданушылардың өзінің белсенділігін жоғалтуы заңдылық. Оларға ешкім осы сайтқа кіргені үшін айлық төлеп отырған жоқ. Сондықтан олар уақытты тиімді пайдаланып, емтихан, ҰБТ-ға дайындалуға білек сыбанады.
Мойындаймын, менде белсенділігімді жоғалтқаныма 1 айдай уақыт болды. Бұл ісіме түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Модераторлық жұмысымды маусым айынан бастап атқарамын. Оған дейін қолдың босауы екіталай. Әзірге анда-санда сайтқа 1-2 рет кіріп, бақылап кетіп жүрмін.
Иә келiсемiн Марат. Осыдан-ақ сайт құраушыларының көбiсiн, студенттер мен оқушылар құрайтынын көруге болады. Кейда анау-мынау модераторлыққа оны қоймау керек. Ол ештеңе бiлмейдi деп жатады. Қалай болғанда осы сайтты ақпаратпен толықтырушы осы жастар екенiн бiлу керек.
Белгісіз
+1 дауыс
Админ осы айдың сонында жөндеу жұмысы бітіп қалар деп айтқан.Қазіргі кезде бәріне Ұ.Б.Т-ға, емтихандарға дайындалып жүр.Тіпті біреулер диплом қорғап жүр.Жылдың сонында адам өйстіп азаяды ғой.Кейін қайттан көбейеді.Сайтқа уақыт таппай жүр-ау.
Кім маған минус қойған?Дұрыс қой админ солай деді ғой маған  ВК-да!
0 дауыс
Жаңарту болса жақсы болар еді. Қолданушылар сайтқа деген қызығушылықты қайта оятатын.

Мүмкін Админ және Командасы тосын сый дайындап жатқан шығар, мүмкін келесі оқу жылында жаңарту жасайтын шығар...
+3 дауыс
"Алда ҰБТ, соңғы қоңырау дегендер келе жатыр, соларға дайындалып жүрмін" - деп, өтірік айтпай-ақ қояйын. Бірақ, шынымен соларға дайындалып жүрмін, мектептегі соңғы жылым.. Арасында кіріп жүрмін, уақыт болғанда. Басқалар белсенді болмаған соң, белсенді болудың қызығы жоқ екен.. "Белсенді болайық достар" - деп айтайын десем, бұл сұрақты бұрынғы қолданушылар оқымайды, жаңа қолданушыларды танымаймын, өзім таныс емес ортада жүрген сияқтымын.. Қолдарыңнан келгенше, белсенді болыңдарш достар, жаңа қолданушылар) және қазақша әріптермен қатесіз жазуға тырысыңдар!!!
Жерлес, дұрыс айтасын!
+4 дауыс
Айтуың жөн!Неге СЖ бұрыңдай емес?! Оған емтихан, т.б түк қатысы жоқ! СЖ да жеңіл сұрақтар қойылуда, сол себепті өз басым жауап бергім келмейді. Саны барда сапасы жоқ. Аңсайтындары атақ - дәреже, сол бір нан болатындай. Оданша сапалы сұрақ қояйық!
маган Печенье
Дұрыс емес.
0 дауыс
Басында белсенділік танытып жүретін едім. Келе - келе қолданушылардың шектетуінен ( жыны) келетінен көп кірмеймін. Маған бәрі - бір мен талай сұрақтарды өңдеймін ( өңдегенді сақтап қою) - жөндеймін. Қазір сайтта біреу банға кетсе , ай осы Ерасыл1995 деген қолданушы шығар мені банға тыққан деген ойлар , мені қинады.
Бауырым, айып етпе, мен ғой сондай сөздерді айтып жүрген, оның бәрі білместікпен болды, сайтта белсенді болуға шақырамын..
Иә , белсенді болармын.
–1 дауыс
Азаймай қайтсын, форумға ұқсап кеткен ғой... Сұрақтар мен жауаптарда мүлдем сапа жоқ. Өздерi сұрақ қойып, өздерi жауап бередi. Модератор, маман дегендер, сұраққа жауап беруге ат салысудың не қажетi бар. Арнаулы мамандармен Offline- дық жұмыстар жасалмаса....
+1 дауыс
Сайттың белсенділігі не керек, сайтта өңшең сауатсыздар болса?

СЖ-ға өзгеріс енгізу керек, ҚАЗАҚ әріптерін қолданбаған қолданушыларды банға салу керек.

Ұлықбек, сен жақсы көтердің осы мәселені. Иа, шынымен де сайтта көп белсенділік жоқ. Осы айдың соңына қарай, яғни оқушыларға 3 ай демалыста сайтта керемет белсенділік болуына сенемін.
Ұлықбек сенен көңілім қалды. Менің есімімді қате жаздың. Сенде сол "сауатсыздардың" арасына кетіп қалма. Бибарыс емес, Бейбарыс болып жазылады.
Ехх, бұл сайтта қатесіз жазатын қолданушы - жалғыз өзім екенмін ғой :)
Медет, қай мағынада айттың?
Қазақша мағынада.
Әзіл :). Кәдімгі тура мағынада айттым.
Мммм))) Ә Тәк Бәрі Тәщқо)))
Разговор жоқ 99 пайызы сауатсыз, осы сұрақтың ЖЖ белгіленген жауабында да қате бар, жасанды патриоттықтарынды қойындаш))
0 дауыс
ВК дағы пабликтер, группалар қызық болып кетті, сайтта қызық жоқ, түк прогрессия жоқ, өзім бір іліп алатын сұран или жауап таппадым)) Админ қаншама еңбектеніп жасаған сайты ғой, сол үшін ғана сирек кіріп, жауап жазып жүрмін норм сұраққа норм жауап, қуып кеткенге мен де қуып кетем)))
0 дауыс
Meн бұрын oсы сaйтқa бeлсeндiлiкпeн кiрeтiн eдiм. Қaзiр көп кiрмeймiн. Мeнiмeн бiргe тiркeлгeндeрдiң көбiсi қaзiр кiрмeйдi eкeн. Көбiсi жаңа қoлдaнушылар. Менiң ойымшa бeлсeндiлiктiң aзaюынa ВК-ның әсeрi бaр.
0 дауыс
Биология 99 пайыз сауатсыздың ішіне өзің кіріп кетіп жүрмешi. Дәл осы сұрақтың ЖЖ белгіленген жауабында, көзге ұрып тұрған қате жоқ. Бұл сайтта ең бірінші, қазақша әріппен жазып, шама келгенше әріп қатесін жібермей, үтір-нүктеге сауатты болса жетіп жатыр деп ойлаймын. Басқа тыныс белгілері уақыттың тығыздығымен не басқалай себептермен, қойылмай кетіп жатады. Және бұл жерде ешкімнің "Диктант" жазып отырғысы келмейді.
Нұркен, осы сайтта тыныс белгілердің арасында ең көп қате - үтір, нүкте, сызықша т/б тыныс белгілерден кейін бос орын тастамай кету. Сен де сол қатені жібердің.
Медди,мен ноутпен жазатын болғасын,менде тырнақша т.б қателер кетіп жатады,себебі оларды қою үшін мен комп тілін ауыстырып отыруым керек. Сен менің қатемді түземей-ақ қойшы,себебі адам өзгеге ақыл айтпас бұрын өзін түзеу қажет. Мен бір қате жіберсем,сен бадырайтып тұрып екі қате жіберіпсің. Менің атым "Нүркен" болып жазылады сосын "т.б" деген қысқартылған сөзді қай жерден көріп едің  "/" белгісімен жазғанын...
Нағыз қазақша сенің атың "Нұркен" н/е "Нұркең" болып жазылады. Және барлық жерде болмаса да кейбір жерлерде "т/б" деп жазғандарын көргенмін. Саған тағы да айтайын үтірден кейін бос орын қалдырып кет, қазақ грамматикасының ережесі солай.
"Нұркен" деп жазатындар ол документ толтырғанда сауатсыздардың толтырғандығын көрсетеді. Яғни қазақ тілінде "үндестік заңын" білесің, бұл ережеден санаулы ғана сөздер аттап кете алады. Ал "Нұркең" дегенді өмірімде бірінші рет естідім. Жарайды, сөз таластырмай-ақ кояйық енді.
Жарайды сенің атың ғой, өз атыңды қалай жазу дұрыс екенін өзің білесің. Бірақ, нүкте «.» және үтірден «,» кейін бос орын тастап кетуді ұмытпа.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Динара 7.03.2017 Ұялы телефон сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
Белгісіз 22.12.2021 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
...