0 дауыс
647 көрілді
Ең кедей Нобель сыйлығының иегері кім? Нобель сыйлығын алса да кедей болып өмір сүрген ғалым бар ма екен?

1 жауап

0 дауыс

1901 жылы алғаш рет тапсырылған Нобель сыйлығы өз иегері Анри Дюанға ол швейцариялық қалашық Хейдендегі кедейлер панасында болған кезінде жеткен. Ол мұнда ауру және кедей болғандықтане түскен. Ол 1828 жылы ауқатты отбасында дүниеге келіп, есейген соң Францияның Алжирдегі жерлерінде кәсібін бастап, ауқаттылыққа қол жеткізген. Алайда, 1859 жылы Сольферинодағы қанды шайқастан соң оның көзқарастары түбегейлі өзгерген. Шайқас барысында жаралы адамдарға ешқандай көмек көрсетілмегені оны қатты қынжылтқан. Көрген оқиғасынан соң ол "Сольферино туралы естеліктер" кітабын жазып, туында 1862 жылы жарық көрген. Кітабында Дюан жарақат алған адамдарға көмек көрсетудің жолдарын іздестірген. Сонымен қатар, соғыс құрбандарына көмек көрсететін халықаралық ұйым құруды ұсынған. Соның нәтижесінде Қызыл Крест ұйымы құрылған.

Сілтеме тастауды ұмыттың http://otvety.nur.kz/science/148109-en-kedej-nobel-sijlifinin-iegeri-kim
Қатесін дұрыстап көшірмейсің бе?!
...