+1 дауыс
5.4k көрілді
Қай жерде және қалай алғашқы несеп түзіледі және оның химиялық құрамы?

1 жауап

0 дауыс
Ыдырау өнімдерін шығарудың маңызы. Ағза енді қайта пайдаланбайтын зат алмасудың соңғы өнімдерін ыдырау өнімдері дейміз. Ағзаға сырттан келген бөгде заттар да (улы заттаржәне т.б.) ыдырау өнімдері болып саналады. Осы заттардың барлығы ыдырау өнімдерін шығару мүшелерінің көмегімен ағзадан сыртқа шығарылады. Ыдырау өнімдерін шығару - ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қалдық (қажетсіз) заттардың дер кезінде ағзадан шығарылмауы адам үшін өте қауіпті.

Ыдырау өнімдерін шығаруға қатысатын мүшелерге - бүйрек, өкпе, тері, тер бездері, ішек жатады.

Зәршығару жуйесіне: 2 бүйрек, 2 несепағар, бір куық және бір зәршығару өзегі жатады.

Мазмұны

  [жасыру]

1 Бүйректің құрылысы
2 Бүйректің қызметі
3 Несепағардың құрылысы
4 Қуықтың құрылысы
5 Дереккөздер

Бүйректің құрылысы[өңдеу]

Бүйрек

Бүйрек - үрмебұршақ пішінді жұп мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері орналасқан. Бүйрек үсті бездері мен бүйрек сыртынан май капсуласымен жабылған.Адам бүйрегінің массасы 150 грамм. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабпаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады. Ыдырау өнімдерін шығарудың негізгі мүшесі - бүйрек. Ағзадан зат алмасусоңғы өнімдерінің 75%-ы бүйрек арқылы шығарады. Бүйрек құрсақ қуысында 1-2- бел омыртқаның екі жағында орналасқан. Олүрмебұршақ пішінді қызғылт-қоңыр түсті. Оң жақтағы бүйрек сол жақтағы бүйректен сәл төменірек орналасады. Өйткені оң жақ бүйрекке үстіндегі бауырдың салмағы түседі. Бүйректің сыртқы жиегі дөңес, ішкі жиегі ойыс. Ойыс жағы омыртқа жотасына қарай бағытталған. Ойыс жағында бүйрек артерия тамырлары, бүйрек вена тамырлары, жүйке талшықтары мен несепағар жолдары болады. Бүйректің бұл жері бүйрек қақпасы деп аталады.

Әрбір бүйректің салмағы шамамен 150 г. Бүйректің сыртын қалың май қабаты қаптайды. Бүйрек қоңырқай түсті сырты қыртысты және іші бозғылт түсті милы заттан түзілген. Бүйректің ойыс жағында шағын қуысы болады, оны бүйректің астаушасы дейді. Бүйректің құрылысы өте күрделі. Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі - нефрон (гр. nefron -бүйрек) деп аталады. Әрбір бүйректе 1 миллионнан астам нефрон болады. Нефронның өзі екі бөлімнен тұрады. Сыртынан қоршап жатқан бөлімі — бүйрекденешігі деп аталады, ол қыртысты затта орналасқан. Екінші бөлімі — нефрон өзекшелер, олар бүйректің иір-иір болып шумақталып, боз затқа орналасады. Нефрон өзекшелері иректеліп әрі өзара қосылып жинағыш түтікшелерді құрайды. Олар тікелей пирамидалармен байланысқан.

Бүйректе артерия қантамырлары 2 рет қылтамырлар шумағын құрайды. Адам денесіндегі басқа мүшелерде ұсақ қантамырлар бір-ақ рет қылтамырлар шумағын құрайды.

Бүйректің қызметі[өңдеу]

Ағзадағы қан әрбір 5 минут сайын бүйрек арқылы өтеді. Қан ағзаның жасушаларынан жиналған зиянды заттарды бүйрекке әкеледі. Керексіз заттардан қанды тазартатын - бүйрек.

Бүйректің ең негізгі қызметі - сүзгіштік. Қанмен келген улы заттар, тұздар, артық су бүйректе бөгеліп сүзіліп калады. Сүзіліп тазарған қан вена қантамырларымен жүрекке карай ағады.
Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді.
Бүйректе зәр (несеп) түзіледі.
Ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды.
Су мен тұздың мөлшерін реттейді.
Қандағы тұз концентрациясы мен жасушалардан ағып өтетін сұйықтықтардың осмостық қысымын реттейді. Дене сұйықтығындағы тұздың концентрациясы жасуша ішіндегі концентрациясынан артық болса, су жасушадан шығып, жасуша бүрісіп калады.

Несепағардың құрылысы[өңдеу]

Несепағар - қабырғасы қалың бұлшықетті түтікше пішінді жұп мүше. Ересек адамдар да оның диаметрі 6-8 мм, үзындығы 25-30 см. Несепағар бүйректі қуықпен жалғастырады.

Қуықтың құрылысы[өңдеу]

Қуық - жамбас шоңқимасының (малый таз) қуысындағы тік ішектің алдыңғы жағында орналасқан бұлшықетті мүше. Қуықта зәр уақытша жиналады. Ол ересек адамда кабырғасы қалың бұлшықеттен түзілген. Несепағардың да, қуықтың да кабырғасындағы бұлшықет талшықтары бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Қуықтың бұлшықеті жиырылғанда жиналғанзәр зәр-шығару өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Ересек адамда қуықтың сыйымдылығы шамамен 500 мл. Қуық бос тұрғанда ішкі сілемейлі кабығы қатпарлы болады. Зәрге (несепке) толғанда қатпарлары жазылып тегістеледі. Қуықтың қабырғасындағы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналаскан.

Зәршығару өзегінің құрылысы ер адамдар мен әйел адамдарда бірдей емес. Әйелдердің зәршығару өзегінің ұзындығы 3-3,5 см. Зәршығару өзегінің сыртқа ашылатын тесігі қынаптың алдыңғы тұсында қатарласа орналасады. Зәршығару өзегінің ішкі сілемейлі қабығы ұзын қатпарлы болады. Үрпі жолы зәршығару тесігімен аяқталады.

Ер адамның зәршығару өзегінің пішіні түтікше тәрізді, ұзындығы шамамен 18 см. Ол қуықтан басталып, жыныс мүшесінің ұшына дейін созылып жатады. Ер адамдардың зәршығаруөзегі 2 түрлі қызмет атқарады: зәр және жыныс жасушалары (спермалар) сыртқа шығарылады.[1]
...