Сұрақтарың тамаша. Тек әттеңі ұнаған екінші сұрағың жеке өзі сұрақ болып қойылғанда қатып кетер еді. Маған қызықты әрі жауап бергің келетін сұрақ екен.
Алдымен ОЖ қайта орнату немесе жаңадан орнатуға тоқталсақ. Басқа жауаптада достарым көрсеткендей ешқандай айырмашылық жоқ болып келеді. Кәдімгідей компьютерге переустановка істегендей ноутбуктерге де переустановканы компьютерде істегендей іс-әрекет жасаймыз. Алдымен дискаводты бірінші оқитын етіп қоямыз. Ол үшін БИОС-қа кіреміз. Ноутбуктерде Биоска кіру батырмасы F2 болып келеді көбінесе. Немесе Delete батырмасы. Сосын BootMenu -де дискаводты бірінші етіп тағайындаймыз. Ары қарай F10 батырмасын басып баптауларды сақтап шығамыз. Ноутбук автоматты түрде перезагрузка етеді. Қайта қосылғанда ештенкені баспаймыз, сол кезде бірінші дискавод оқылып Установка беті шығуы керек. Сонда біз винчермен жұмыс жасау бөлімінде винчестерді бірнеше дисктерге болеміз. C дискісіне 50-70 Gb кем емес көлем берген дұрыс. Дұрысы 100 Gb берсеңіз жеткілікті. Ары қарай қалағанша бере береміз. Мен өзім 3-ке бөлемін.
Сосын бөліп болған соң C-дискіні таңдап соған орната береміз. Ең бастысы асықпай оқып, интернеттен басқа да ақпараттарды қарап бір жасап үйренсең екіншісінде қиналмай оңай орната беретін боласың.
p.s Тағы бір ескерте кететін жағдай бұл, қазіргі кезде соңғы шығып жатқан ноутбуктерге Windows XP орнатылмайды. Одан Сини экран шығып қала береді. Оның себебі мынау олаған ХП орнатылмау себебі, қазіргі ноутбуктер Windows 7- ге лайықталынып шығарылынып жатыр. Сондықтан Windows 7- орната бергенің дұрыс.
Ал енді Нутбуктерде Reset яғни Қайта жүктеу батырмасы бар бірде-бір ноутбук көрген емеспін. Барлығында тек қосу батырмасы. Перезагрузка жіберудің жолы мынау.
1. Қосу батырмасын 5-7 секунд жібермей Қосу батырмасын басып тұру арқылы өшіріп, қайта қосу.
2. Ноутбуктің арт қаратып, артындағы батарейкасын алып қайта орнына салу.
3. Жоғарыдағы айтылған 1-2-дегі әрекетті тек ноутбук қатты қатып қалған кезде ғана істеген жөн. Былайша рекомендемеймін! :o