0 дауыс
384 көрілді
Өтініш,менің өзім керексіз деп жасырып тастаған сұрақтарымды,қайта ашпай-ақ қойыңдарш.(Админ) Бәрінің өзіндік себебі бар.
Сұрақтың жабылу себебі: жауап бар

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сайтқа тіркелерде сайт қолданушысы сайттың ересін ұстануды мақұлдайды. Яғни сайттың ересін https://surak.baribar.kz/erezhe қолдаймын деп птичканы қойып барып тіркеледі. Сайт ережесі 2.6 пункті қайта оқып шығуға кеңес беремін. Былайша толықтай сайттың ережесін оқып шығуға кеңес беремін.

Сондықтан егер сұрақты қайта жариялауды қажет деп тапсам қайта жариялап қоямын. Себебін түсіндіріп өтейін. Сайтқа әр 5 минут сайын сайт іздеу машиналары келіп сайттағы ақпараттарды алып кетеді. Сосын іздеуде егер осындай ақпарат ізделінсе сол сайттағы сұрақтарды шығарып отырады. Ал егер іздеу сайттары сол ақпаратқа сілтеме беріп отырып, ол сілтеме бетіне өткенде ол сұрақ өшірілген деген ақпараттың саны көбейіп кетсе, іздеу сайттарының көзінше біздің сайт төмендей береді. Яғни сайтты тұтынушылардың саны азаяды деген сөз. Былайша айтқанда ол кезде біздің сайт іздеу сайттарының көзінше орысша айтқанда нелостоверный сайт ретінде қалыптастады. Ал мен оған жол бере алмаймын. Себебі сайтқа кіретін қолданушылардың 90 пайызы іздеу сайттары арқылы кіреді. Сондықтан мен қажет деген сұрақтарды ашып қойып отырамын.

Қазір техникалық ақау бойынша қарапайым қолданушылар өздерінің сұрақтарын, жауаптарын 5 минуттан кейін өшіре алмайтын функция істемей тұр. Оны алдағы осы айдың ішінде шығып қалатын жаңартудан кейін қолға жақсылап аламын. Сайтта қажет емес деген сұрақты тек қана 5 минуттан кейін тек Администратор, Модератор, Редактор ғана жасыра алатын болады. Ал егер сұрақ дұрыс қойылмаса қолданушыға 5 минут уақыт береді сұрақ қойғаннан кейін. Сол уақыт аралығында жасырып үлгере алады.
+1 дауыс
Нұркен олай өзiндiк себебi бар деп жабуға болмайды. Админ, немесе модераторлар қайта ашса демек сайт үшiн пайдалы сұрақтардың бiрi. Егер пайдасыз сұрақ болса, сайтта 1минутта тұрмайды. Тез арада жасырылып, немесе жабылады.
0 дауыс
Қали Нүркеннің сұрақтарының жабуының өзіндік себептері бар шығар,,,
...