0 дауыс
494 көрілді
Телевизорды компьютерге экран ретiнде қалай қолданады? Үйде осындай телевизор бар едi. Осы жарайды ма компьютерге экран ретiнде? Яғни телевизорды экран ретiнде пайдаланып, копьютердегi футболды үлкен экранда ойнайын деп едiм. Оған қандай шнур алу керек?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Телевизорың мен компьютеріңде HDMI, DVI, VGA разъемдері болса, осы үшеуінің біреуі болса да қосуға болады деп ойлаймын. Онда да екеуі сәйкес келсе, яғни компьютерің мен телевизорыңда бірдей разъемдер болса. Ең танымалы HDMI. Онымен Тв-ға смартфондарды да қосады. Мен өзім осының ешқайсысын қосып көрген жоқпын. Бірақ, ең оңайы VGA деп ойлаймын. Ол кез келген видеокартада болады. Ол үшін кәдімгі VGA кабель керек. Монитордан суырып алып, телевизорыңа қыстыра саласың, егер қолдаса.
дурыс айтасын HDMI кабель аркылы косылсан дыбыста телевизордан шыгып туратын болады менде телевизорга HDMI кабель арқылы қосып алғам
0 дауыс
VGA разъем арқылы болады. VGA разъемнің басын компьтерге тық, ал екінші жағын теледидарға тығасың. Ал футбол ойнасан көзің ауырып кетеді. Менде ойнап көргенмін...
...