+1 дауыс
874 көрілді
Ғалымдардың, танымал адамдардың қандай әзiлдерiн бiлесiз? Мысалы: Есек үшiн кiшкентай құлақ Құлақтарының үлкендiгiмен танымал болған Галилеоға бiреу: — Мырзам, құлақтарыңыз адамға сәл үлкендiк етпей ме?— десе, Галилео: — Менiң құлақтарым адамға үлкен болуы мүмкiн, бiрақ сенiң құлақтарың есекке тым кiшкентай емес пе?— дептi. Үйге кiргiзе алмай жүрмiз... Бiр француз Парижде жұмыс iстеп жүрген бiр түрiктен: — Осы сендердiң әйелдерiңдi үйден шығармайтындарың рас па?— деп сұрапты. — Бұрын солай едi. Қазiр сыртқа шығардық, бiрақ ендi iшке кiргiзе алмай жүрмiз,— дептi. Жоқ нәрсе үшiн соғысады... Напалеон соғыста Испанияны жеңедi. Жеңiлген Испанияның патшасы: — Сендер тек ақша және мал-мүлiк үшiн соғысасыңдар, ал бiз намысымыз, абыройымыз үшiн соғысамыз,— дедi. — Иә, дұрыс, адамдар өзiнде несi кем болса, сол үшiн соғысады,— деп жауап берiптi. Әдiлеттi түрде өлу Сократ өлiм жазасына кесiлгенде әйелi: "Әдiлетсiз түрде өлiм жазасына кесiлiп жатырсың!"— деп жылай бастайды. Сократ сонда: "Не, сонда әдiлеттi түрде өлтiрiлуiм керек пе едi?"— дептi.
ммм приколдар өтті жалпы.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бернард Шоудан бір әйел сұрапты:

- Неге Құдай бірінші еркекті жаратып,  содан кейін барып әйелді жаратқан?

- Өйткені ол еркекті жарату кезінде әйелдің оған ақыл айтқанын қаламаған.

 

Атақты жазушы Томас Маннға жазушылықты жаңадан бастап жүрген жас жазушы жазбасын ұсынып және оған деген лебізін білгісі келіпті.

-  Сіз мүмкіндігіңізше көп оқуыңыз керек - депті Манн, жазбасын қарап отырып.

- Міндетті түрде ме?- деп таңқалыпты әлгі адам.

- Әрине. Сіз қаншалықты көп оқысаңыз, соншалықты жазуға деген уақытыңыз аз болады.

 

Біреу Пушкинді састыру үшін:

- Менімен аспандағы күннің арасында ортақ не бар?- деп сұрапты.

- Сізге де, күнге де тыжыраймай қарау мүмкін емес, - деп тез жауап қайтарыпты ақын.

 

Бірде Россини өте үнемшіл әйелдің үйінде түстеніп, үстелден мүлде аш күйінде тұрыпты. Қоштасып тұр, үй иесі былай депті:

- Өтінемін, тағы да қашан болса да менің үйіме түстенуге келіп тұрыңыз.

- Әрине, қуана-қуана. Қазір болса да!
0 дауыс
Арабиядағы атақты ШЕЙХ Альбани таксимен келе жатады. Ал таксис оның атақты ғалым екенін білмейді. Әлгі таксис музыканы қатты қояады. ШЕЙХ АЛЬБАНИ таксиске музыка тыңдау жағымсыз әдет екенін айтып уағыз айта бастайды. Сонда әлгі таксис: - Не болды соншама Шейх Альбани ғалым ұқсап қоймадың ғой дейді. Шейх Альбани болса енді сол адамбызғо десе. Таксис айтад дид: Онда мен Атақты Ибн Бас деген ғалым шейх болам деп прикол ұстапты
Бұл әзілді қазіргі мұсылмандардың көбісі біледі.
Альхамдуллах мен Мұсылманмын бірақ неге білмеймін бұл әзілді?? Көпшіліктің атынан айтпасай.
Тағы да айтарым, мына әзіліңді түк түсінбедім. Әзіл ма өзі? Не туралы айтылған?
Я кешірерсің көпшіліктің атынан сөйлеу дұрыс емесқо. Байқамадым. Ал таксис " онда мен Ибн Баспын дегенi ол Ибн Бас емесқо жәй Шейх Альбанидің дәл өзі екеніне сенбей издивайтетіп прикол ұстағанығо) бұл маған қатты ұнайды:)
Иә түсіндім енді))
...