Пайғамбарымыз Мұхаммет (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:Түс үш түрлі болады:Аллаһтан,Шайтаннан,Тұрмыстық
Аллаһтан - Адам ұйықтаған кезде өзін жақсы сезініп көңілі қуанатындай түс.Түсінде мешітте жүрсе немесе Аллахтын есімдерін айтып жүрген болса,намаз оқып жүрсе т,б бұлар Аллахтан болған түс.Бұл түсті тек жақсы көретін адамыңызға айтсаңыз болады.
Шайтаннан- Адам ұйықтап жатканда қиналса,немесе қорықса,жыласа,жақсы көретін жақын адамы өліп қалған болса,жалпы адам көңіліне қолайсыздық танытса.Бұндай түстерді оянған соң,сол жағыңызга үш рет түкіріп Аллахтан пана сұрау керек және көрген түсіңізді ешкімге айтпауыңыз керек.
Шайтаннан болған түс туралы толығырақ ақпарат төмендегідей
а) Сол жағына үш рет (3 рет) түкіру (мұнда сілекейдің өте аз мөлшерде шығуы немесе түкіру имитациясы меңзеліп тұр).
ә) Шайтаннан, әрі түсінде көрген нәрсенің жамандығынан Аллаһқа сыйынады (3 рет).(яғни "Әъузу бил-Ләһи минәш-шәйтанир-раджим!" Аудармасы: "Таспен қуылған шайтанның азғыруынан Аллаһтан пана тілеймін!" – деп 3 рет айту)
б) Көрген түсін ешкімге айтпайды.
в) Басқа бүйіріне аударылып жатады.|||
Тұрмыстық- Бұл түс күнделікті адамның іс-әрекеттері,адамдармен қарым қатынастары,ойлаған армандары,сағынған адамдары,достарыңызбен сөйлесіп жүрсеңіз т,б бұл тұрмыстық түс.