+1 дауыс
32.2k көрілді
Болашаққа хат жазу керек?

3 жауап

+1 дауыс

Серік Қалиев Ағаның ''Болашаққа Хат'' деген терең мағыналы өлеңі...

Ботам-ай, не білесің? 
Жабулап жорға мінгенбіз. 
Жарасып жастар жүргенбіз, 
Жұмыр бұл жердің үстінде, 
Жұмылып өмір сүргенбіз. 
Қандырмай құмар өткенбіз, 
Қалдырмай артқа бір белгі, із. 

Бұзақы деген жандардың 
Пышағына да барғанбыз, 
Қызақы берем дегеннің, 
Құшағынан да қалғанбыз. 
Құрметке бөртіп, бөккенмін, 
Көтере алмай құрметті, 
Орта бір жолда шөккенмін. 
Ой салу үшін жұртыма, 
Өзімді талай сөккенмін. 
Шүкірлік етер күн үшін, 
Шүмектеп терді төккенмін. 
Күлкісін сүйдім көктемнің. 
Жауар деп күттім көктен нұр, 
Ақын да болғым келетін, 
Жүрегіне елдің еккен гүл. 
Ақыннан пақыр көрген соң, 
Одан да безіп кеткенмін. 

Сағынып жұртқа барғанмын, 
Шағылып тауым қалғанмын. 
Бағынып тұрып ешкімге, 
Жағынып күле алмадым. 

Арманым көп ед самғаған, 
Самғаудан қанат талмаған. 
Аңқау да болдым, көрінген 
Ермекке мені алдаған. 
Пенделік бірақ бізді де 
Айналып өте алмаған! 

Тірлікте жұртқа жоқ тыным 
Бұлдайды біреу тоқтығын. 
Өңмендеген көп, өзгеден 
Болсын деп биік шоқтығым. 
Биік пен билік қор болар, 
Еншісі болып ептінің. 
Бұйырмастардан дәметіп, 
Менің де өткен көп күнім. 

Қайтемін айтып елге сын, 
Өзім де ессіз ергесін. 
Белгілі бес күн жалғанға, 
Айналып екі келмесім. 
Келмесім анық. Ал келсем, 
Тілемей Хақтың бермесін, 
Жинар ем жұртты құшаққа, 
Сыйлар ем шаттық көл-көсір. 

Шірене бермей бекерге 
Патшадан туған ұлдай боп, 
Жұртыма қызмет етер ем 
Құлағын кескен құлдай боп. 
Шырқап тек жанның ізгі әнін, 
Құлпыртып құмға, мұзға гүл, 
Әркімге беріп мың сәлем, 
Жылуым болса, жұмсар ем, 
Қатыгез деген жүректің, 
Еріту үшін мұздарын! 

Мұраты мына тірліктің, 
Күн көру деуші ек, күн көру. 
Ұят екен ғой өмірге 
Бітірмей түк те құр келу. 
Жүрекке үлкен қайғы сол – 
Мүйіздену мен сүрлену. 
Иманы әлсіз жандарға, 
Тірлікте оңай сыр беру. 
Тоғышар жасар сәбиден, 
Санаға еппен сіңген у. 
Өзім де білем ол жағын, 
Орындалмайтын арманым – 
Жердегі жебір пендеге, 
Ақиқат айтып үлгеру. 

Солай да солай, ботам-ай, 
Не дермін саған, не дермін? 
Алғыс та қарғыс тіріде, 
Керегі жоқ бізге беделдің. 
Өтпестей болған өмірге, 
Кетпестей болып кеген кім? 
Әнімді тастай жөнелдім, 
Тәнімді құрттар жеген бір. 
Адамдардағы арды оят, 
Мүмкіндік болса егер бір. 

Қадірін білер жан бар ма? 
Тәтті екен өмір балдан да. 
Жалт етіп өтер жалғанға, 
Алданба, ботам, алданба. 
Аждаһа сынды хандар да, 
Ажары айдай ханшалар 
Ажалдан аман қалған ба? 
Аманат жанын Алланың 
Қайтару керек Өзіне, 
Ақ етіп сақтап қардан да.

0 дауыс

Болашаққа хат деп — өзіңізге не сүйіктіңізге не ұрпақтарыңызға немесе тіпті кімге болмасын (танымайтын біреу) арнап $mуақыттан кейін жіберілген хат.

Көз алдыңызға елестетіп көріңіздер: Он жылдан кейін, жасыңыз $n + 10 — да. Кәдімгі қарапайым күндердің бірі. Бәлкім балаларыңызды ойнатып отырған шығарсыз, әлде жұмыста отырған боларсыз, тіпті шет ел асып қыдырып жүрген шығарсыз. Бір кезде электронды почтаңызға шылдыр (сыңғыр, пытырс, шиқ шиқ) етіп бір хат келеді.Сіз оны әдеттегі арықтау жайындағы спам хат шығар деп кетіріп тастайсыз. Ашып қарасаңыз Өзіңіздің он жыл бұрын өзіңізге арнап жазған хатыңыз, сіз оны тіптен ұмытып кеткен едіңіз. Дүрсілдеп соққан жүрегіңізбен хатты оқи бастайсыз. Оқып жатырсыз, оқып жатырсыз. Бір кезде өзіңіздің он жыл бұрын қандай бала болғаныңызды, әдеби, филасофсий, эмоциялы қуып жүргеніңізді біліп еріксіз кеңкілдеп аласыз. Аса сезімталдарыңыз жіләп та үлгерерсіздер. Хатта өзіңіздің армандарыңызды, қалай бәленшені өліп сүйетініңізді, өзіңізді он жылдан кейін қалай елестететініңіз жайында және т.с.с. жазылған екен… Хатты оқып армандарыңыздың қаншалықты орындалғанын байқап бір кереметтей сезімге бөлініп, өмірге деген кұштарлығыңыз артып, он жыл бұрынғы өзіңізге шексіз алғысыңызды айтып қорс қорс жіләп аласыз. немесе керісінше… ну енд ол жағына мен кінәлі емеспін Ощм солай… Керемет емес пе? 

Бұрындары адамдар болашаққа хатты «уақыт капсуласы» арқыды, «теңізге лақтырылған бөтелке» арқылы, тіпті ғарыш кемесі арқылы және т.б. жіберетін. Ал қазір сіз өзіңізге өзіңіз хатты интернет сервистері арқылы кез келген уақытта, кез келген уақытқа жібере аласыз. Ну енді оған да шектеу бар. Жүз жылдан аспау керек. Бұндай сервистің барлығына шолу жасап көп уақытты алмай тек біреуін ғана көрсетіп анықтама беріп кетейін.

Соныыыыыыыыыыыыымен қарсы алыңыздарррррррррр, Алдарыңыздаааааааааааа future-mail.org
[Болашаққа хат]

Бұл сервис арқылы сіз болашаққа бір күннен, жүз жылға дейінгі уақыт аралығына хат жолдай аласыз. Хатқа тіпті 500кб көлеміне дейінгі файлды да қоса жібере аласыз. Ол дегеніңіз мысалы суретіңізді немесе өзіңізе не сүйіктіңізге арнап шығарған өлең, жыр, серенадаңызды диктофонға жазып, хатқа қыстырып жіберуіңізге әбден болады. 
Бірінші рет хат жіберген кезде почтаңызды растау туралы хат келеді. Сілтемеден өту арқылы почтаңызды расталып, сервистен аккаунт ашылады. Интерфейсі интуитивті түсінікті, барлығы қарапайым, артық ештеңесі жоқ. Тіпті ақысын төлесеңіз хаттың уақыты келгенде принтерден шығарып, кәдімгі хат түрінде үйіңізге де әкеліп береді екен. 

пы\сы: Хат жібергенде үнсіз келісім бойынша «Открытое для просмотра» түрі таңдалып тұрады, егер хатыңызды уақыты келгенде сайтта ашық түрде жарияланғаны қаламасаңыз «Личное письмо» дегенді таңдауды ұмытпаңыз

 

«Хатта не жазссам болады» деген сұрақтары туындап қалған қолданушыларға бір екі мысал.

Үш, бес, он жылдан кейін әлемді не өзіңізді қалай елестетесіз сол жайында жазссаңыз болады
Немесе өзіңіздің Үш, бес, он жыл ішінде алға қойған мақсаттарыңызды, армандарыңызды жазыңыз, Үш, бес, он жылдан кейін оқып бір жіләп аласыз (қуаныштан әрине)
Өзіңіздің бақытты кезіңізді, өзіңізді мақтап, өзіңіздің қандай керемет, ақылды, бәріне төзімді мықты екеніңізді жазыңыз. Болашақтағы сіз хатты оқып бір марқайып алсын
ҰБТ тапсырушылар ҰБТ тапсырып болғаннан кейінгі күнге жазыңыз хатты, «жәрәйсің мен, сен өттің, өттің ба? неше балл алдың?» деген сұрақтарды қойып ой бір өзіңіздің нервіңізді қыдықтап алыңыз
Қыркүйектің біріне жазыңыз, қандай оқуға түсуді армандағаныңызды және сол оқуда оқып жатыр ма екенін сұраңыз ))
Өзіңізді туылған күніңізбен құттықтаңыз
Сүйіктіңізге «жаным бүгін бізге бір жыл» деген сияқты (кеңес бермеймін :)
тағысын тағы, фантазияларыңызды қосыңыз....


Бұл сервистер жүз жылдан кейін де жұмыс жасап тұратынына кепілдік жоқ. Бірақ оптимист болайық!
 

Сау болыңыздар!


$m — $m > қазіргі уақыт.
$n = сіздің қазіргі жасыңыз.

Абылай Әділханов

0 дауыс

...Мынау суретіңізге бақсам тәтті қиялдарға көміліп кете беремін. Құлақтың түбінен сыбырлаған ерке үніңізді естігім келетіндей. Әлемнің сұлулығы Мені екі дүниесімен қызықтырды. Бірі қойны- қонышы Мөлдір бұлақтарға толы таулар табиғаты болса, біреуі мен әлі көрмеген, кеудемнен демім шыққанша бауырымды жылытар, идеялымдағы Әйел тәні(Сізде өз идеялымдағы аруға тән белгілер бар екенін айтқанмын). Екеуіне де адал болсаң құшағы суымайтыны анық. Таудың салқын ауасын қаншалықты құштарлықпен жұтқым келсе, Әйелдің де ыстық деміне соншалық құмарлықпен өртеніп кеткім келеді. Дәл қазір көз алдыма елден оқшау, даңғазадан алыс, күнәкар пенделердің табаны тимеген таудағы жалғыз Үй елестейді. Маздата жаққан от, оттан да ыстық қан бойында тулаған екеу... Сізге ғашықпын ба деймін. Бірақ сол сезімді сездірте алар дәрменім жоқ. Дәрменім шынымен де жоқ. Сондықтан күйеммен сүйемді арқалайтын хат та жаза алмаймын. Анығында менде өзім ғашық дүниенің біреусі бар. Ол тау өлкесі. Мен сол тауға күнде барамын. Ағаш үйдің отын күніге маздата жағамын. Тек жылынатын екеу емес, жалғыз мен... Сол үйге екеу боп барсам мүмкін от жағу керек те болмайтын шығар. Мен Әр күні сонда барамын. Тау қойнауы меннен жеріген емес. Келе бер дейді. Келе бер дейді. Қашанғы жалғыз бармақпын онда?... Мені ғашық еткен Әйел жоқ жақын мезгілдеірімде. Ғашық болмақ түгіл, Мынау қыз жақсы жар болады ау деп, сыртынан болса да иемденіп жүрген де кандидат жоқ. Сүйе алмай жүрмін. Сүйе алмағаныма ұялмай жүрмін. Ұяламын- ау. Арман аруымды таба алмай жүрмін. Бүгін де сол таудамын. Сол оңаша жұпыны Үй. Маздаған от. Қып- қызыл шоқ. Пеште емес жүректе. Жоооқ жүрек маздап тұрған жоқ... Қалыш- Қалыш етеді... пеш те, от та, шоқ та пана болар емес... қайдағы отпен пеш, ұйқысыз аунап, жұмарлап тастаған көрпем, көрпем пана болар емес. Қайдан пана болсын, бойым лапылдап жанғанда керек болмай қалып лақтырып тастағаным қашан... Бойыңыз өртеніп жатса ұйқы қашады екен, ұйқы қашса сағыныш ұлғая түспек. Тағы да сізді есіме алдым... аппақ тәніңізді ұйқымен қоса қымтаған көрпеңізден қызғанатындаймын. Көрпе сыртындағы ақ білегіңіз ғана меннен қысылмай ашық жатыр. Нәзік саусақтарыңыздан аялап ұстап, тартып көрем, оянбайсыз. Тұрыңыз, кетейік тауға. Ақ қар басқан пәк өлкеге. Бәрібір оянбайсыз. Мақпал шашыңыздан иіскелеп, құлағыңызға сыбырлаймын. Оянбайсыз... амалсыз жалғыз тарттым тауға. Құшағы кең көркем тау менің сізді күндердің бір күнінде ертіп келетіме сенеді білем. Мені ешқашан аязымен қарыған емес. Қашан барсам үйімнің оты маздап тұрады. Суретіңізге қараймын. Даусыңызды естігім келетіндей... ...Мен таудағы оңаша үйімді ешқашан тапқан емеспін. Ылғида іздеймін. Кейде адасамын. Кейде суққа тоңамын. Таба алмай жүріп таң атады. Жалғыз қалай таппақпын. Тек Әр күні Қиялымда тауып жылынып қайтам. Тау махаббат, тау сезім. Оңаша мекенім Мені қатты сағынған шығар. Сүйгенін қашан ертіп келеді деп... менің тауға деген махаббатым суыған емес. Адалдығымнан да айныған емеспін. Маған сенім артып, көңілімнен шыға білген әйелге сол таудан да биік махаббат арнай алатыныма сенемін...

...