0 дауыс
2.2k көрілді
Абай роман эпопеясын оқыған адам болса маған "Жолда" тарауында не болады соны толығырақ айтсаңыздар, өте керек еді. (Үй тапсырмасы)

2 жауап

+2 дауыс

Жолда 


ЖОЛДА
I
Бейуақ еді. Кеш
қараңғылығы қоюланып келеді. Үлкен үйдің бұрыш-бұрышынан қарауытып түн туып,
тұтасып келе жатқан тәрізді.
Жидебайдағы
қыстаудың ең үлкен бөлмесі осы. Кілемді, текеметті, алашалы, көрпелі,
меймандос, мол үй.
Абайдың кәрі
әжесімен, өз шешесімен бірге тұратын үйі осы еді.
Әлі шам жағылған
жоқ, жұрттың көбі тыста мал жайлап жүр. Шыңғыс жаққа қараған терезенің алдында
қос тізерлеп, екі шынтағын терезенің алдына салып, иегін қолдарының үстіне
қойып Абай отыр. Бұдан басқа оң жақта, жер төсектің үстінде бала уатқан Зере
бар. Тізесімен тербетіп отырғаны - Айғыздан туған немере қызы - үш жасар Кәмшат.
Кәрі әже күндегі машығы бойынша бесік жырын айтады. Өте бір өзгеше, ескі жыр.
Абайдың өз әжесінен басқа ешкімнен естімеген жыры. Бірақ кәрі әжесінің өзіндей
соншалық жақын, ыстық, сүйікті жыры. Кішкентай күнінде Абай өзі де кеш сайын
осы жырдың тербеуімен ұйықтайтын. Сол күндерден бір ырғағы ауыспаған, бір сөзі
де өзгермеген, анна жүрегіндей айнымас жыр. Осындай қоңыр кештің қоңыр күйі.
Бейуағына жеткен әженің өмірлік гәй-гөйі. Сырт қарап отырған Абай әженің кейде шерлі,
кейде мейірбан рақым күйін өзін тербетіп отырғандай сезеді. Аяқталмай созыла
түссе екен дейді.
Осы қыстауға
қонғаннан бері, кеш сайын Абай ешкімге білдірмей, елеусіз ғана әжесімен оңаша
қалады.

Толық нұсқасын оқығың келсе: http://www.kazadebiet.kz/node/24474?page=0,2

0 дауыс
Мұны білемін ғой, маған қысқаша жоспар сияқтысы керек еді,
...