0 дауыс
14.9k көрілді
"Қыз Жібек" фильмінде "Гәкку" әнін кім орындайды?

5 жауап

0 дауыс
Гәкку – арман, Гәкку – тағдыр, Гәкку – қазақ өнерінің сөнбес жұлдызы. Гәкку 1934 жылы (либреттосын Ғабит Мүсірепов жазған) Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсындағы Жібектің ариясы болып жарқ етті. Бұл ария бүкіл операның музыкалық негізгі әуенін, басты сарынын құрады. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігінде Жібектің рөлінде ойнаған бұлбұл үнді Күләш Байсейітова “Гәккуді” бірінші рет орындап, КСРО халық әртісі атанды. Гәкку деген ән жұлдызы мен Күләш деген әншіліктің жұлдызы қатар жанды. Күләштің де, “Гәк­кудің” де атақтары айға жеткендей ұлттық өнер өрісі кеңейді. Қазақ деген өз атын жаңа иемденген халықтың әні — “Гәкку” әлемдік өнердің биік өресіне көтерілді.
Халық ақыны, Үкілі Ыбырайдың төл шәкірті, тамаша әнші Молдахмет Тырбиев “Гәккуді” айтқанда ерекше толғанатын. Әсіресе, қайырмасын қырық құбылтқанда естір жанды естен танғандай балқытып әкететін де, атақты ұстазының әншілік әлеміне апаратын.
0 дауыс
Күләш Байсейтова айтады
0 дауыс
Әйгілі «Қыз Жібек» көркем фильмінде «Гәкку» әнін актриса Меруерт ӨТЕКЕШОВА емес, көп жылдан бері Атырауда  тұратын опера әншісі Мүнира ИЖАНОВАНЫҢ орындағанын көп ешкім біле бермейді.
Енді ? Одан маған келіп кетер бірдеңе барма ?
0 дауыс
мен тек баскалар білсін деп айтып отырмын!!!
0 дауыс
Мунира Ижанова "Қыз Жібек" көркем фильмінде "Гәкку" әнін орындаған
...