Өмір маған ақыл айтты...
Өмір маған ақыл айтты сол ізгі,
Қарап тұрсаң.
Өмір — ақыл теңізі.
Өмір айтты: бақытты деп өзгелер,
Күйінбесең — саған рақат тез келер.
Қанағат көр басыңдағы бағыңды.
Аңсар көп жұрт сенің сол бір шағыңды.
Өмір айтты:
«Тоқтала біл ашудан,
Опа таппас бұл дүниеде ашынған,
Сөйлеген жан бұғау салмай тіліне,
Бұғаулатар екі аяғын түбінде».
аударған Қ.Бекхожин
http://kitap.kz/audiobook/5355-abilxasan_rudaki_olenderi/5355-abilxasan_rudaki_olenderi осы жерде аудио өлеңдері бар....