Модератор болу үшін не керек және не істеу керек?

+1 дауыс
1.3k қаралым
Осы сайтта қалай модератор болуға болады екен?
• Санаты: Жалпы сұрақ

3 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Модератор болу үшін:

1.Төмендегі ережемен танысып шығыңыз.

2. Белсенді болуың керек.

3. Ұқыпты, сауатты болу керек.

4.Жақсы жауабың 60-тан асуы керек.

12. Модератор деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар? Атқаратын қызметтері қандай?

Модератор дәрежесіндегі қолданушылар жоғарыда айтылып кеткен барлық мүмкіндіктерге ие, және сонымен қоса қойылған сұраққа жақсы жауап таңдай алады, және қолданушылардың IP-адресін көре алады. Модераторлардың жалпы атқаруға тиісті міндеттеріңіз: Сұрақтарды сайт ережесіне сай өңдеп, ережеге сайт келмейтіндерін жасырып отырады. Қолданушыға тиісінде ескертулер беріп отырады, нәтиже шығармаған қолданушыны сайттан белгілі бір уақыт аралығында құлыптауқа құқылы. Сонымен қоса қойылған сұраққа жақсы жауап таңдап отырады. Сайттағы сұрақтардың мағынасына үлкен мән беруі қажет.

Модераторлар сайт әкімшілігінің негізгі бөлімін құрайтын болғандықтан сайтқа байланысты маңызды шешім қабылданар алдында модераторлар өзара дауысқа салу арқылы қабылданады. Модераторлар қолданушыларды Редактор не модератор дәрежесіне ұсынар алдында өзара дауысқа салып, шешім қабылдау қажет.

Ескерту: модератор не супер модератор дәрежесіндегі қолданушы сайтта белсенділігін азайтып, 1 ай ішінде сайтқа сұрақ не жауап жазбаған жағдайда және ешқандай сұрақ не жауаптарды өңдемеген жағдайда сайт әкімшілігі қолданушыны редактор дәрежесіне төмендетуге құқылы. Және модератор дәрежесіндегі қолданушы кез-келген уақытта өзінің дәрежесінен бас тарта алады.
Үлкен рахмет!
Оқасы жоқ. Және айта кетерлік жайт. Модератор болу үшін тағы да, маман, редактор дәрежелеріне жетуің керек.
0 дауыс
Ережені оқы. Барлығы айдан анық жазылып тұр. Ең әуелі маман болып алу қажет.
Жасылып емес жазылып шығар?
Модератордың өзі қатемен жазса, қарапайым қолданушыларға айтар сынымыз жоқ.
+3 дауыс
Маман, редактор, модератор болып атақ жинап не қыласың? Дұрысы сұрақ қойып, жауап алып жүре берсей, осы сайттағы атағың кімге керек? Модератор болып уақыт өткізгенше, жұмыс істеген артық.
Белгісіз
Жақсы жауап! Тек қазақшаны сақтаңыз.
Шындығында ақиқаты сол,тек қызығушылық қой бәрінікі

Ұқсас сұрақтар

–1 дауыс
3 жауап
127,812 сұрақ
322,409 жауап
153,154 пікір
72,854 қолданушы