Бұл сұрақ біздің ата - бабаларымыз үшін маңызды болған. Біздің заманда суды қайнатудың әдістері көп. Бұрынғының адамдары суды ағаш ыдыста қайнату үшін, алдымен тастарды отқа қыздыратын болған. Сосын осы тастарды суға салған. Ағаш жылуды баяу өткізетіндіктен, тастың ыстығы сыртқа шығып кетпей, ыдыс ішіндегі суды қыздыратын болған. Ол үшін "арнайы" тастар пайдаланылған. Бұл тастар ыстықтан үгілмейтін, қызғанда зиянды заттар бөлмейтін тастар болған.