0 дауыс
5.5k көрілді
Дәріхана сыртында тостағанды орап алған жылан бейнеленеді. Бұл не жылан? Неліктен ол жылан бейнесі бейнеленеді?
Құрт емес па ?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Медициналық эмблемалар - жалпы медицина кәсібін, оның ішінде кейбір бағыттарын және жекелеген медицина мамандықтарын білдіретін нышандар[1]. Оған факел, шырақ, алақанда ұсталынған жүрек сияқты бейнелер жатады. Негізгі кең тараған медициналық эмблема асатаяққа, тостағанға , шыраққа оратылған жылан бейнесі.

Эмблеманың шығу тарихы және қалыптасуы[өңдеу]

Медицинадағы алғашқы жылан бейнесі (көне дәуірдегі дәрі қорабының суреті)

Алғашқы қоғамда жылан төтемдік (діншілдік және нанымдық әдет- ғұрыппен байланысты) хайуан болған. Жыланға табынушылық пайда болғаннан кейін, оған екі түрлі мағына берген - зұлымдық және мейірімділік: бір жағынан арамдық пен қулықтың, екінші жағынан ақылдылық, білімділік, өлместің мәңгі белгісі ретінде есептелген. Алғашқы кезде жыланның медицина эмблемасы ретінде ешқандай қосымша белгісі болмаған, кейінірек оны басқа заттармен үйлестіре бастаған.

Толық мәліметті оқығыңыз келсе : http://kk.wikipedia.org/wiki/Медициналық_эмблемалар

+1 дауыс
Бұл - сарыбауыр қара шұбар усыз жылан, Elaphe longissima. Ол жыландар отрядының Serpentes түріне, су жыландар тұқымдасының Colubridae түріне жатады. Құйрығын қосқанда денесінің ұзындығы - 1400 мм. Арқасы қоңырқай, жылтыр түске боялып, торша өрнек салынған. Қарны ақшыл, аналықтарында сары түсті болады. Жыланның бұл түрі Испанияның солтүстік - шығысы мен шығысынан орталық және оңтүстік Еуропадан Кіші Азия мен Кавказға дейін таралған.

Ұқсас сұрақтар

...