0 дауыс
7.1k көрілді
Қыздар қалай әдемі, сәнді әрі арзан киінуге болады?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ресейдің сән әлемінің сәнін келтіріп тұрған Эвелина Хромченконың бұл турасында айтары мол. «Құдай бізге үнемдей алуымыз үшін талғам берді» дейді атақты журналист.

Олай болса, «жаман киінген әйел ешқашан жарқ етер мансапқа жете алмайды» деп есептейтін Эвелинаның нағыз әйелдерге арналған 10 қағидасын оқып көріңіз. Одан бөлек сәнді де әдемі киініп, сөйте тұра қалай үнемдеуге болатыны жайында айтқан Эвелинаның кеңестерін ұсынамыз.

1 ереже: Ешқашан жасыңның нешеде екенін айтпа.

2 ереже: Сырт көзден өзіңнің әдемі аяқтарыңды жасырма.

3 ереже: Тым үлкен сөмке ұстама.

4 ереже: Бойың қысқа болса, биік өкшелі аяқ киімді тастама.

5 ереже: Нейл-артқа қызықпа, тырнақтың табиғи көрінгені әдемі.

6 ереже: Кестесіз, сызықтары, басқа да сәнді дүниелері жоқ дұрыс  джинсы ки!

7 ереже: Негізгі гардеробың болсын (жақсы джинсы, ақ жейде, шағын қара көйлек, классикалық қара шалбар, қара және ақ кофта, иыққа ілінген ақ майка, сарғыш кашемир пальто, қайық-туфли және т.б.)

8 ереже: Бет бояуын артық жақпа!

9 ереже: Сән қуып, сұлулық пен ұятсыздықтың ара жігін ажырата алмастай жағдайға жетпе.

10 ереже: Өзіңді сүй!

Сәнді киініп, қалтаға салмақ салмас үшін, Эвелина қаржыны қай бағытта жұмсау қажеттігін айтады:

Аксессуар киімнен де маңызды, оған ерекше көңіл бөлу қажет

Киім емес, аяқ киім қымбат болсын. Бағалы сөмке, тартымды аяқ киім және әшекей бұйым тағып, қарапайым джинсы шалбар мен аппақ футболканы бірден көз тартатын белбеушемен бірге кисең, нағыз стиль сенде ғана болады.

Киім өзің туралы ақпарат беретінін ұмытпа

Ақшаны күзде киетін пальто, плащ, қыста қажет тон, кеудеше не иленген тері тоны секілді бағалы киімдерден аямаңыз. «Әйелін күйеуінің жейде жағасына қарап сына, ал ерін әйелінің киген тонына қарап сына» дейді.

Өте сапалы матадан тігілген киім ал

Табиғи және синтетикалық талшықтарды біріктіріп жасалған маталар 100 пайыз табиғи немесе 100 пайыз синтетикалық матадан әлдеқайда жақсы.

4.  Винтажды киімдерді де сәнге айналдыруға болады

Заманауи үлгідегі киім мен бұрынғы (винтажды) сәнде болған киімді бірге киіп, сұлу көрінуге болады. Анаңның не әжеңнің гардеробын өз киіміңмен қалай үйлестіруге болатынын ойланып көр. Тіпті, әкеңнің жейдесін шолақ шалбармен киіп, сәнді әшекей тағып та ерекше әдемі көрінуге болады.

Гардеробды бір күнде толтыруға болмайды. Асықпай, әр мезгілде ойланып барып, бір-екі сәнді киімнен ғана алып отырған дұрыс.

Сәнді көрініс  сол адамның талмағының биіктігінен хабар береді. Ал сәнді киімді бір күнде барып сатып алу – барып тұрған ысырап. Өйткені, өзіңе ұнайтын бар дүниені бір күнде алу мүмкін емес.

Егер киім 100 % ұнамаса, күмәнданбай-ақ, сатып алудан бас тарт.

Талғам да адам денесінің бұлшық еті секілді, ал бұлшық етті үнемі жаттықтырып тұру керек. Жүз пайыз ұнамаған киімді бір-екі айдан соң лақтырып тастауың мүмкін.

Гардеробта бар киімді қайта сатып  алма.

Қарапайым киім таңдасаң, қарапайым өмір сүресің.

Бесінші рет жаңа джинс шалбар, үшінші рет қара футболка, кезекті тағы бір қысқа юбка сатып ала берсең, стилің ерекше болмайды. Және бұдан өзің де, өзіңе қараған адам да тез жалығады.

Сіз әмбебап тігінші бола біл, ескіні өңдеп, әрі жаңартып ки.

Сән – бұл қиын математика емес, жай ғана ойын! Және де ол кейбіреулер үшін ғана емес, бәріне ортақ заң!

Кей кездерде ескі киімдерге қайтадан жан бітіруге болады. Мысалы, жейде не көйлегіңнің жағасына әдемі моншақтар не бисерлерді тігіп қойсаң, әлде плащь не пальтоның жеңін келістіріп қысқартып қойсаң, жаңа сәнді, әрі тамаша киім пайда болады.

Егер сізде мүмкіндік болса, шетелде шоппинг жасаңыз.

Шетелдегі шоппинг өз мемлекетімізден әлдеқайда арзан.

Әрбір күнді соңғы күндей өткізу керек. Біз жай дайындыққа келген жоқпыз, біз шынайы өмір сүрудеміз және сол өмір тап бүгін өтіп жатыр. Сондықтан сәнді киінуді келесі дүйсенбіге қалдырмай, бүгіннен бастаймыз!

Ақпарат көзі: http://www.arhar.kz/index.php?id=74

0 дауыс
біріншіден өзіңнің талғамың жақсы болса, екіншіден ұнатпайиын нарсеге емес өзіңе ұнаған киімдер алсаң басқасына ақша шашпайсың және киімді көбіне бір бірімен сәйкес келе беретін қылып алсаң  ауыстырып киуге ыңғайлы болатындай...айтпақшы ең бастысы ыңғайлы болса
...