0 дауыс
1.2k көрілді
Әзілмен жауап беріңіздерші жайдарманға: жұмыртқа ма әлде тауық па? Қайсысы бірінші пайда болған?

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Алайда бұл сұрақтың жауабын әлі ешкім таба алған жоқ. Дегенмен, жуырда ғана генетик-ғалым, философия майталманы және құс фермасының қожайыны – үш саланың өкілі бірігіп, бұл сұрақтың жауабын тауыпты. Олардың шешімі бойынша, дүниеде бірінші болып жұмыртқа пайда болыпты. Ноттингем университетінің эволюциялық генетика маманы Джон Брукфилдтің айтуынша, жануардың гендік құраушысы өмір сүру барысында еш өзгеріссіз қалады. Бұдан шығатыны, қазір біздің тауық деп жүрген құсымызға айналған ең алғашқы құс алдымен жұмыртқаның ішінде эмбрион түрінде болған. Өйткені жұмыртқа ішіндегі тірі ағзаның ДНК-сы сол жұмыртқаны жарып шыққан құстың ДНК-сымен бірдей құрылымда. Осы тұжырымдарды зерттей келе, ол эволюциялық мағына бойынша алдымен жұмыртқа болды деген шешімге келген.

Бұл пікірмен Лондон колледжінің профессор-философы Дэвид Папино мен құс фермасының иесі Чарльз Боурнс та келіскен. Дэвид Папино бұл сұраққа бас қатырмай былай ғана жауап берген: ең алғашқы балапан жұмыртқадан шыққан, яғни жұмыртқа балапаннан бұрын пайда болды деген сөз.

+1 дауыс
Бұл сұрақтың жауабын таба алмай талай ғалымдар ішіп кеткен. Жалпы өзіме өтті қақа.
0 дауыс
менимше тауык себебі тауык баска кустардын будандасуы аркылы жана дамыган турше болады.Ал жумыртканы тауык туып дамыткан)))
ааа.                            .
+1 дауыс
Не басын ауыртып жүргенiн түсiнбеймiн. Барша адамзатты Аллах жаратты, онымен қоса жан-жануарлар, құстар, жәндiктер, құрт-құмырсқалар, балықтар бәрiн-бәрiн теңдессiз құдiретi күштi Аллах жаратты. Бұған ешкiм де қарсы пiкiр айта алмайды.
+1 дауыс
Екеуінде АЛЛА жаратты.Осы сұрақты қарап көріңіз-https://surak.baribar.kz/7426/
0 дауыс
бірінші Әтеш пайда болды
0 дауыс
Адам ата(а.с.) сәби болып жаратылмаған болса,өйткені Алла туушы емес жаратушы,сәби болса туылады,сәби болмаса жаратылады,тауық бірінші жаратылған болуы керек
...