0 дауыс
27.0k көрілді
Әр бір пернетақтадағы перненің атқаратын қызметі керек еді? Қазақша түсініктемесі болса. Екі пернені қатар басу арқылы орындалатын командалар

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Пернетақта пернелері атқаратын қызметіне қатысты келесідей топтарға бөлінеді:

• Енгізу пернелері(алфабиттік-цифрлық) - мұнда қарапайым баспа машинасында болатын пернелер жинақталады, яғни әріптік, сандық және символдық пернелер.

• Басқару пернелері – бұл пернелер жеке түрінде немесе басқа пернелермен бірге басыла отырып нақты әрекеттерді орындайды. Көбінесе CTRL, ALT, Windows белгісі бар перне и ESC қолданылады..

• Функционалдық пернелер – арнайы тапсырмаларды орындау үшін қолданылады. Олар F1, F2, F3 және ары қарай F12 дейінгі пернелер тізбегінен тұрады. Түрлі бағдарламаларға қатысты бұл пернелердің қызметтері әр түрлі болып келеді.

• Орын ауыстыру пернелері - бұл пернелер құжаттарда, веб-беттерде және тексті түзетуде орын ауыстыру үшін қолданылады. Оларға бағыттауыш пернелер,сондай-ақ, HOME, END, PAGE UP, PAGE DOWN, DELETE және INSERT пернелері жатады.

• Сандық пернетақта – бұл пернетақта сандарды тез енгізу үшін өте ыңғайлы. Ондағы пернелер қарапайым калькулятор немесе есептеу машинасына сәйкес топталып жинақталған.


Енгізу пернелері

Деректерді енгізу пернелеріне негізгі алфабиттік-цифрлық және символдық пернелер еніп, сондай-ақ төмендегідей пернелерді қамтиды:

SHIFT - Бас әріптерді енгізу үшін қолданылады

CAPS LOCK - Бір рет басу арқылы бас әріптерді енгізу режиміне көшеміз, ал екінші рет басқан кезде ол қасиеті өшіріледі. Бұл перненің қосып/өшірілуі пернетақтада түстік индикатормен көрсетілуі мүмкін.

TAB - Курсорды бірнеше бос орынға(абзац) жылжыту үшін қолданылады.

ENTER - Жаңа жолға өту үшін қолданады.Сұқбаттық терезелерде белгіленген батырманы таңдау үшін қолданылады.

БОС ОРЫН - Курсорды бір бос орынға жылжыту үшін қолданады..

BACKSPACE - Курсордың алдындағы символды немесе белгіленген тексті өшіру үшін қолданады.

Функционалдық пернелер

F1 Анықтаманы шақыру F2 Белгіленген элементтің атын өзгерту F3 Файл немесе бумаларды іздеу

F4 Windows жетектегішінде (проводник) адрестік жолдар тізімін көрсету F5 Белсенді терезені жаңарту F6 Жұмыс үстелі немесе терезе экранындағы элементтер арасында жылжу F10 Ағымдағы бағдарлама мәзірі жолына көшіп, белсенді ету F11 Белсенді терезені үлкейту және кішірейту F12 Құжатты сақтау сұхбаттық терезесін ашу


Орын ауыстыру пернелері

Пернелер Әрекеттер Бағыттауыш пернелер - Құжат ішінде немесе тексті түзету кезінде курсорды оңға,солға, алға, артқа жылжыту үшін қолданылады. HOME - Курсорды жолдың басына немесе веб-бетте беттің басына апарады. END - Курсорды жолдың соңына немесе веб-бетте беттің соңына апарады CTRL+HOME - Құжаттың басына ауысу CTRL+END - Құжаттың cоңына ауысу PAGE UP - Курсорды немесе бетті бір экран жоғары көтереді. PAGE DOWN - Курсорды немесе бетті бір экран төмен түсіреді. DELETE - Курсордан кейінгі символды немесе белгіленген тексті өшіреді; Windows-та белгіленген элементті жою немесе себетке(корзина) орналастыру үшін қолданылады. INSERT - Қою режимін қосу/өшіру үшін қолданылады. Қосулы кезінде терілетін текст орналасқан курсор орындарында теріледі, ал өшірілуі кезінде сол символдардың арасында теріледі.

Сандық пернетақта.

Цифрлық пернетақта 0-ден 9-ға дейінгі сандардан, +(қосу),-(алу),*(көбейту), /(бөлу), сондай-ақ, ондық бөлшектік үтірден тұрады. Бұл символдар басқа пернелерде орналасқан болса да, цифрлық пернетақтада сандарды және математикалық амалдарды тез, бір қолмен енгізу мүмкіндігі бар. Цифрлық пернетақта NUM LOCK пернесі арқылы қосылып/өшіріліп отырады. Көптеген қазіргі пернетақталарда NUM LOCK режимі түстік индикатормен көрсетіліп тұрады. NUM LOCK өшірілуі болған қалпында цифрлық пернетақта орын ауыстыру пернелері ретінде қолданылады.

Үш негізгі қосымша пернелер

PRTSCN (или PRINT SCREEN) – экран бетін суретке түсіріп, оны компьютер жадысындағы алмасу буферіне көшіреді. Оны Microsoft Paint немесе басқа бағдарламаға сурет ретінде қойып(CTRL+V), сол бағдарлама арқылы баспаға беруге болады.

Пернелер Орындалатын әрекеттер Alt+PrintScreen Белсенді болып тұрған терезені ғана суретке түсіреді Shift+PrintScreen Экранды баспаға беру

SCRLK (или SCROLL LOCK) – бұл пернені басу көптеген бағдарламаларға әсер етпейді. Бірақ кейбір бағдарламаларда оны басу бағыттауыш пернелердің, PAGE UP және PAGE DOWN әрекетін өзгертеді; бұл пернелерді басу белгіленген фрагмент немесе курсор қалпын өзгертпестен құжатты айналдыру мүмкіндігін береді. Пернетақтада бұл перненің қосып/өшірілуі түстік индикатормен көрсетіледі.

PAUSE/BREAK – бұл перне көп қолдана бермейді. Кейбір ескі бағдарламаларда бұл пернені басу бағдарламаны тоқтатады немесе CTRL –мен бірге басу оның орындалуын тоқтатады.

Ең негізгі қолданылатын пернелер жиынтығы

Пернелер Орындалатын әрекеттер SHIFT+CTRL,SHIFT+ALT Пернетақтадағы баспа әріптер ретін өзгерту CTRL+C Белгіленген элементті көшіру CTRL+X Белгіленген элементті қиып алу CTRL+V Белгіленген элементті қою CTRL+Z Әрекетті кері қайтару CTRL+Y Әрекетті қайталау CTRL+S Ағымдағы файлды немесе құжатты сақтау DELETE Белгіленген элементті жойып, «Себетке» орналастыру SHIFT+DELETE Белгіленген элементті «Себетке» орналастырмастан жою CTRL + оң жақ бағыттауыш (→) Курсорды келесі сөздің басына орналастыру CTRL + сол жақ бағыттауыш (←) Курсорды алдыңғы сөздің басына орналастыру CTRL + төмен жақ бағыттауыш (↓) Курсорды келесі абзацтың басына орналастыру CTRL + жоғарғы жақ бағыттауыш (↑) Курсорды алдыңғы абзацтың басына орналастыру CTRL+SHIFT + бағытшалары бар пернелер Текст фрагменттерін белгілеу SHIFT + бағытшалары бар кез-келген перне Жұмыс үстелінде немесе терезеде бірнеше элементтерді белгілеу, сондай-ақ, құжатта тексті белгілеу CTRL + бағытшалары бар кез-келген перне + БОС ОРЫН Жұмыс үстелінде немесе терезеде бірнеше жеке элементтерді белгілеу CTRL басып тұрып , тышқан көрсеткіші арқылы таңдау Бірнеше элементтерді еркін түрде таңдау SHIFT басып тұрып , тышқан көрсеткіші арқылы таңдау Бірнеше элементтерді жұмыла таңдау CTRL+A Терезедегі немесе құжаттағы барлық элементтерді белгілеу ALT+F4, CTRL+W Ағымдағы терезені жабу немесе белсенді болып тұрған бағдарламадан шығу ALT + БОС ОРЫН Белсенді болып тұрған терезенінің қосымша мәзірін ашу CTRL+F4 Белсенді болып тұрған құжатты жабу(біруақытта бірнеше құжаттарды ашатын бағдарламаларда қолданылады) ALT+TAB Бір элементтен келесі элементке көшу CTRL+ALT+TAB Бағыттауыш пернелерді қолдану арқылы бір элементтен басқа элементке көшу CTRL + тышқанның айналма жүгірткіші Жұмыс үстеліндегі белгішелер өлшемін өзгерту ALT+ESC Элементтерді ашылған реті бойынша циклді түрде ашып, алмастыру SHIFT+F10 Белгіленген элементтің қосымша мәзірін ашу CTRL+ESC «Бастау»(«Пуск») мәзірін ашу ALT + көрсетілген әріп Сәйкес менюді көрсету ALT + жоғарғы бағытталған перне Windows жетектегішінде бір дәреже жоғары тұрған буманы қарап шығу ESC Ағымдағы тапсырманы кері қайтару CTRL+SHIFT+ESC, CTRL+ ALT+ DELETE Тапсырмалар диспетчерін ашу Компакт-дискті қойған кезде SHIFT пернесін басу Компакт-дискіні автоматты түрде ойнату режиміне көшу


Windows белгісі бар пернемен бірге басылатын пернелер жиынтығы Пернелер Орындалатын әрекеттер Windows белгісі бар перне

«Бастау»(«Пуск») мәзірін ашу және жабу

Windows белгісі бар перне +PAUSE Операциялық жүйенің қасиеттері туралы терезені ашу Windows белгісі бар перне +D Жұмыс үстелін көрсету Windows белгісі бар перне +M Барлық терезелерді жинақтау(Свертывание) Windows белгісі бар перне +SHIFT+M Жұмыс үстеліндегі барлық жинақталған терезелерді қалпына келтіру. Windows белгісі бар перне +E

«Менің компьютерім» белгісін ашу

Windows белгісі бар перне +F Файлдар мен бумаларды іздеу CTRL+ Windows белгісі бар перне +F Компьютерлерді іздеу (желіге қосылған жағдайда) Windows белгісі бар перне +L Компьютерді құлыптау немесе қолданушыларды алмастыру Windows белгісі бар перне +R «Орындау»( «Выполнить») сұхбат терезесін ашу Windows белгісі бар перне +U Арнайы мүмкіндіктер орталығын(Центра специальных возможностей) ашу

Windows жетектегішінде бірге басылатын пернелер жиынтығы

Келесі кестеде Windows жетектегішінде бумалармен, терезелермен жұмыс істеуде қолданылатын пернелер үйлесімділігі көрсетілген: Пернелер Орындалатын әркеттер CTRL+N Жаңа терезе ашу CTRL+SHIFT+N Жаңа бума құру END Белсенді терезенің төменгі жағына көшу HOME Белсенді терезенің жоғарғы жағына көшу ALT+ENTER Белгіленген элементтің қасиеті туралы сұхбат терезені ашу ALT + Сол жақтағы бағыттауыш «←» Алдыңғы буманы қарап шығу ALT + Оң жақтағы бағыттауыш «→» Кейінгі буманы қарап шығу CTRL+E Іздеу жолын таңдау Win+Shift+әріптер Басылған әріптен басталатын бума немесе файлды белгілеу

Shift+Enter Белгіленген буманы жаңа терезеде ашу

Сұхбаттық терезеде қолданылатын пернелер үйлесімділігі

Пернелер Орындалатын әрекеттер TAB Параметрлер бойынша алға жылжу SHIFT+TAB Параметрлер бойынша артқа жылжу ENTER Көп бұйрықтарда тышқаннның орнына қолданылады БОС ОРЫН Жалауша қою немесе алып тастау(белсенді болған жағдайда ) Бағыттауыш пернелер Батырмаларды таңдау(белсенді болған жағдайда ) F4 Белсенді тізімдегі элементтерді бейнелеу BACKSPACE «Сохранить как» және «Открыть» терезелерінде бумадан бір дәреже жоғары тұрған буманы ашу


Символдарды түзету

Пернелер Орындалатын әрекеттер

CTRL+SHIFT+F Шрифтты таңдау CTRL+SHIFT+P Шрифт өлшемін таңдау CTRL+D Шрифттарды өзгерту терезесін ашу SHIFT+F3 Әріптер регистрін өзгерту
CTRL+B Символдарды қалың шрифтпен(жирный) жазу CTRL+U Символдарды асты сызылған шрифтпен(подчеркнутый) жазу CTRL+SHIFT+W Символдардың астын сызу, бірақ бос орындар сызылмайды CTRL+SHIFT+D Символдардың астын екі сызықпен сызу CTRL+SHIFT+H Жасырын текстке айналдыру
CTRL+I Символдарды курсивті шрифтпен жазу CTRL+SHIFT+K Барлық әріптерді кіші әріппен жазу немесе бұрынғы қалпына келтіру CTRL+"=" (тең белгісі) Жоғарғы индекске айналдыру
CTRL+ПРОБЕЛ Белгіленген символдардан қосымша форматтауды алып тастау CTRL+SHIFT+Q Белгіленген символдарды Symbol шрифтімен форматтау SHIFT+F1 Символдар форматтары туралы ақпаратты шығару CTRL+SHIFT+C Форматтауды көшіру CTRL+SHIFT+V Форматтауды қою
Абзацтарды форматтау Пернелер Орындалатын әрекеттер CTRL+0 (нөл) Ағымдағы абзацтағы мәтінді бір жол төмен түсіру немесе қалпына келтіру. CTRL+E Абзацты ортасы бойынша(по центру) түзету CTRL+J Абзацты ені бойынша(по ширине) түзету CTRL+L Абзацты сол жақ бойынша(по левому краю) түзету CTRL+R Абзацты оң жақ бойынша(по правому краю) түзету CTRL+M Сол жақтан шегініс(бос орын) тастау CTRL+SHIFT+M Сол жақтағы шегіністі(бос орын) жою CTRL+T Аралық (выступ) тастау CTRL+SHIFT+T Аралықты азайту CTRL+Q Белгіленген абзацтардан қосымша форматтауды алап тастау CTRL+SHIFT+S Стильді қолдану CTRL+SHIFT+N <Обычный> стилін қолдану CTRL+SHIFT+L <Список> стилін қолдану Құжаттармен жұмыс істеу

Пернелер Орындалатын әрекеттер

CTRL+N Жаңа құжат құру CTRL+O Құжаттарды ашу CTRL+W, CTRL+F4 Құжаттарды жабу ALT+CTRL+S Құжат терезесін бөлу CTRL+S, SHIFT+F12 Құжатты сақтау CTRL+P Құжатты баспаға беру

Жақсы Жауап. Қай сайттан алдың сілтемесін жазшы?
http://kk.wikipedia.org/wiki/Пернетақта_және_ондағы_пернелердің_қызметі
Белгісіз
сж сайтынды жаңа қолданушылар пайда болып жатырған сияқты
Белгісіз
0 дауыс
Браузеріңнің адресной строкасына "секреты клавиатуры" деп жаза сал, Копировать "СtrI+c","Вставить CtrI+v" етте сақтап қой.
...