Журналист болу үшін ең маңызды нәрсе дауыс әдемілігі емес, ең маңызды нәрсе сауатты және қатесіз жазу. Сұрағыңның бастапқы бөлігі қателерге толы екен, сауатты жазуды үйрен. Журналист болу үшін басты пән ретінде "Қазақ әдебиеті" пәнін жақсы білуің керек, ағылшын тілін білуіңніңде пайдасы тиіп қалады. Қазірден журналистікке дайындалғың келсе, массагет http://massaget.kz және айтабер http://aitaber.kz сайттарына тіркеліп жеке блогтарыңды, ойларыңды жазуыңа болады. Твиттерге де http://twitter.com жиі-жиі блогтар жазып тұруыңа болады, вк-да да жас журналистер үшін әр түрлі топтарда конкурстар өтіп тұрады, іздесең табасың. Қазіргі кезде жазба журналистікте жақсы дамыған, журнал-газеттерге, сайттарға журналист ретінде жұмысқа орналасуыңа да болады, вокалдық талантың қатты қажет емес... Сәттілік тілеймін, болашақта жақсы журналист болуыңа тілектеспін.