+1 дауыс
51.8k көрілді
7 сыныптың кітабында Сайын Мұратбековтың Жусан иісі деген әңгіме бар сол әңгімеде Аян деген бала бар сол Аян деген баланың бейнесін жазу керек маган көмектесе аласыздар ма?
Керемет повест. Барлықтарыңызға қуға кеңес беремін. Шын қызыға алсаңыз оқу жылдамдығыңызға байланысты аз уақытта бітіп тастайсыз.

9 жауап

+2 дауыс
Ол бала туралы кеше 08.04.2014те Қазақстан телеарнасында "Айтуға оңай" бағдарламасында көрсетті.

Сол жерде айтылған пiкiр мiнездемелердi қорытып, бiрiктiрiп жазып ал.
+4 дауыс
http://ras.kz/?p=2891 Мына жерде Жусан иiсi повестi толық жазылған. Осы жерден оқып, образын жазып ал.
Бәріңізге көп-көп рахмет.
Аян туралы мінездеме ма? Әлде басқа ма?
Әрине мінездеме.
0 дауыс
Жусан иісі - соғыстың кезінде жарық көрген повесть. Авторы Сайын Мұратбеков. Араб тіліндегі нұсқасы бар.



Мына қысқашан жазбаны оқысаң Аянның қандай екенін  өзің-ақ түсінетін боласың.

I бөлім:

Кішкентай Аян жастайынан шешесінен айырылып, әжесімен бірге бір ауылға көшіп келеді. Осы ауылдың балалары ойнап жүріп жаңа баланы кездестіреді. Балалар Аянмен тез достасып, Аян екінші атаман атанады. Ол ақкөңіл,ақылды бала болған. Негізі ол ешкіммен төбелеспейтін бала еді. Бірақ бір күні Есікбай Аянға өзі тиісіп, төбелесе бастады. Бәрібір соңында Аян барлық күшін жинап, жеңді. Аян мектепте де өзінің зеректілігін бірінші күннен бастап көрсетеді. Ол ең бірінші хат танып, балаларға көмектескен. Бірде Аян өрісте мал қайырып жүріп тобығы тайып, одан кейін аяғы тайғыш болып қалды.

II бөлім:

Бұл бөлімде Аянның әжесінен айырылғаны, ертегілері баяндалады. Әжесі қайтыс болғаннан кейін оны Бапай атты туысы асырап алады. Бірақ оған дұрыс күтім жасамайды. Әжесі өмірден кетсе де, баланың қамықпауы бәрін таң қалдырады. Балалар күнде оның ертегісін тыңдауды әдет қылдырған. Ауа райы суық болса да Аянның ертегісін өткізуге болмайды. Ол күнде бір ертегі ойлап тауып, күннің батқанын күтіп, бәріне айтып береді. Оның ертегісінің қызық болғаны соншалық, оның ертегісін тыңдаған балалар ертегіге кіріп кетеді. Бұл кезде олар соғыстағы аға-әкелерін естеріне түсіріп, оларды тауып алып, бірге соғысуды армандайды.

III бөлім:

Аянның мінезі өте қызық еді. Бірде ол тұйық мінезді, бірде өзін мүлде танымай қаласың. Ол көп ойынға араласа бермеуші еді. Бірақ осы кеште ол бәрін таң қалдырады. Оның шанасына қанат біткендей болады. Осыны көріп Сайын Мұратбеков онымен бірге шана тепкісі келеді. Ол үйде шанасын іздеп жатқанда, әжесі оны ұстап алып, төсегіне жатқызады. Осы кештен кейін Аян дағдылы шана тебетін болды. Ол балаларға ертегісін айтып, тәмәмдаған соң, біреуімізден шана сұрап, сырғанақта жападан жалғыз түнге дейін ойнайтын болды. Бір күні барлық ауыл балалары Аянның ертегісін тыңдауға жиналғанда, Аян көкесінің, өзінің киімінен жусанның иісі шығатынын айта бастады. Оның көңіл- күйі өте жақсы еді. Одан соң балалар Аянға шана беру кімнің кезегі жөнінде килігеді. Аян осы түні ерекше қызықты: бір көзді дәу туралы ертегісін бастайды. Барлық балалардың үрейлері ұшады. Сөйтіп отырғанда шөптің арғы жағынан өрт шығады. Балалардың барлығы қора үстінен секіріп, қаша жөнеледі. Ең соңында Аян қалып қойып, қора үстінен секіріп жатқанда аяғын ауыртып алады. Осы кезде ауыл бригадирі Тұржан келіп, Аянды соққыға жығады. Ауыл адамдары Тұржанға наразылық білдіреді. Осыдан кейін Аян аяғынан тұра алмай төсек тартып, жатып қалады. Біраз уақыт өткеннен кейін Аян жазыла бастайды, бірақ ол енді бұрынғыдай мүлде ойнамайтын болады.

IV бөлім:

Бөлімнің басында, әжесі қайтыс болып, Бапайдың қолына түскен Аянға, оның досы келеді. Аян қуанып өз ертегісін бастайды. Ертегісі «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталушы еді. Бапай да, оның әжесі де олардың әңгімесіне құлақ салмайтын. Бірақ бусанған қарт рақаттана кекіріп қоятын да «Енелеріңді ұрайын, осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен, ә. Қыз алып қашқалы ақылдасып жүргеннен саусыңдар ма-ей?!» деп әзілдейді. Бір күні балалар екіге бөлініп қар атқыласып ойнамақ болды. Бұл ойынға Аян да қатысқысы келген. Лезде жүгіре алмайтындығынан атаманның екеуі де оны алудан бас тартты. Бұған ашуланған Аян Асылбек шалдан тобығын салып беруді сұрайды. Асылбек шал баланың өтінішін орындайды. Бірақ, амал не, Аян мұнан кейін де тобығын тайдырып алады. Бұл – көктем кезі еді. Сонда Аян өгіз айдап өгізден домалап түскен кезде тобығы тағы тайды. Кейін Аянды балалар үйіне жібереді. Аян халықпен қоштасып «Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын» деп кетеді.
0 дауыс

Бұған жазып іздегенше осы интернетке Сайын Мұратбеков "Жусан иісі" деп жазып кейіпкерлерге мінездеме дегенді 

0 дауыс
Шынямен мен екі сағатта оқып бітіріп тастадым көзімді алмай оқыдым
0 дауыс
қоңырқай жүзі тершіп, маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашы бар. Ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейді. Әңгімеде өжет, қайсар, зерек, өте ақ көңіл, мейірімді, ақылды және де жетім бала болып суреттеледі. Тобығын шығарып алып, сол аяғын сүйретіп жүретін,шілбиген ақсақ қара бала. Өз ойынан балаларды таңғалдыратын ертегілер шығарады. Өте мейірімді бала. Сонымен қатар өте тапқыр, ақылды, білімді, зерек және ақ көңіл бала.
0 дауыс
Аян -қоңырқай жүзі тершіп, маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашы бар. Ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейді. Әңгімеде өжет, қайсар, зерек, өте ақ көңіл, мейірімді, ақылды және де жетім бала болып суреттеледі. Тобығын шығарып алып, сол аяғын сүйретіп жүретін,шілбиген ақсақ қара бала. Өз ойынан балаларды таңғалдыратын ертегілер шығарады. Өте мейірімді бала. Сонымен қатар өте тапқыр, ақылды, білімді, зерек және ақ көңіл бала.
0 дауыс
Жусан иісіндегі Аяннын ертегісін қалай жалғастырса болады өтініш керек болып тұр
0 дауыс
Аян ата-анасынан ерте айырылған балалардың бірі.
Ол өте ақылды, мейірімді және өзге балалар секілді ешкіммен төбелеспейтін еді. Себебі, төбелессе әжесі ұрыса ма деп қорқатын. Аян балалар мен дос болу үшін күніге олар ертегі ойлап тауып, айтып беретін еді. Аянның ең жақын досы-Сайын(автор). Сайын Аянға көмек кезде қол ұшын берген жанның бірі.
...