0 дауыс
44.7k көрілді
Шыңғыс хан төрт ұлына жерді қалай бөліп берді? Толығырақ жазсаңыздар жақсы болар еді...

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Басып алынған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді де, ұлдарына үлестіріп берді. Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий мен Арал төңірегіне дейінгі жерлер, Орта Азиядағы иеліктерінен Солтүстік Хорезм мен Сырдарияаймағы, Шағатайға Мауераннахр, Жетісу, Қашқария, Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Төле әкесінің ұлысы Моңғолияны мұраға алды.
Оо.Дұрыс болды)
Тағы оңай сұрақ қойшы.
0 дауыс
Шыңғыс хан әулеті – Шыңғыс ханның үрім-бұтағы, Шыңғыс хан империясының құрамында болған Орта Азия мен Иран, Алтын Орда, Юань Қытайы, тағы басқа мемлекеттердегі моңғол билеушілері. Шыңғыс хан империясы тарағаннан кейін бұл мемлекеттер дербес өмір сүрді, дегенмен Шыңғыс хан әулеті билікті өз қолдарында сақтап қалды. Олар Шыңғыс ханның бәйбішесі Бөртеден туған 4 ұлдан тарады ұлдан тарады және “Алтын ұрпақ” (“Алтын ұруғ”) деп аталып, түркі-моңғол ақсүйектерінің ішінде ерекше құрметке бөленді, мұрагерлік жолмен хан тағына отыруға және елдегі билікке араласуға құқылы болды. Шыңғыс ханның басқа әйелдерінен тараған ұрпақтары мұндай құрметке бөленген жоқ. Шыңғыс хан көзінің тірісінде өзіне бағынған жерлерді 4 ұлына бөліп берді. Шыңғыс ханның төртінші ұлы Төлеге 1227 ж. әкесінің қара шаңырағы – Моңғолия жері иелікке тиді. Бірақ Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін оның орнына отырған Үгедейдің ұрпақтары ұлы тақты өздерінде сақтап қалу үшін Төле тұқымымен кескілескен ұрыстар жүргізді. Осыған байланысты көп ұзамай Шыңғыс хан әулеті арасында өзара әскери қақтығыстар жиілеп кетті. Тақтан мұрагерлер өздерінің қол астындағы ұлыстарға сүйенді. Соған байланысты империя бірте-бірте құлдырай бастады. Орталықтан бөлініп шыққан ұлыстар жеке мемлекеттерге айналып, оларды Шыңғыс хан әулетінен шыққан билеушілер басқарды. Тіпті бұл әулетті биліктен ығыстырып, тақты өз қолдарына алған билеушілердің өздері (Әмір Темір, т.б.) Шыңғыс хан әулетіне туыс екендіктерін (күйеу, жиен, т.б.) баса көрсетіп отырды.
0 дауыс
Шыңғысхан ұлдарына жерлерін бөліп берді.

Үлкен ұлы Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий мен Арал төңірігіне дейінгі жерлер, Орта Азиядағы шеліктерінен Солтүстік Хорезм мен Сырдариядағы жерлерді берді
Ал екінші ұлы Шағатайға Мауераннахр, Жетісу, Қашқария деген жерлерді берді сосын.

Үшінші ұлі Өгедейге Батыс Монғолия мен Тарбағатай аймағы берілді.

Әкесінің кенже ұлы Төлеге Монғолияны мұраға берді.
0 дауыс
Басып алынған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді де ұлдарына үлестерін берді. Жошыға Ертістен Орал тауына одан оңтүстікке қарай Каспий мен Арал төңірегіне дейінгі жерьер Орта Азиядағы иеліктеріне Солтүстік Хорезм мен Сырдария аймағы Шағатайға Мауераннахр Жетісу, Қашқария, Үгедейге Батыс Моңғолиямен Тарбағатай аумағы  берілді. Төле әкесінің ұлысы Моңғолиямен мұраға алды.
...