Мен осы жылы ҰБТ тапсыратын түлектердің бірімін, сол ҰБТ-да керекті баллды ала алмай қалсам, оқу оқымай-ақ мынадай кәсіп ашпақшы едім: бір компания, сайт т/б нәрселердің жабдықтарын жасайтын кішкене кәсіпорын, мысалыға футболкасын, календарь, қол дәптер т/б жасап шығаратын кәсіпорын ашу ойымда бар, өз қаламдағы адамдардан, компаниялардан тапсырыстар алсам, осы сайт жайлыда сондай нәрселер жасап шығарсам, солай-солай кәсібімді өздігімнен дамытсам деп ойлап жүрмін. Сондай кәсіп ашу үшін шамамен қанша қаржы жұмсау керек? Қалай бастауға болады? Неден бастау керек? Жалғыз ашып дамытуға бола ма н/е 3-4 адам болып ашу керек па? Неше адам жұмыс істеу керек? Қажетті құрал-жабдықтарға қанша қаржы кетеді? Ондай кәсіп қалай аталады? Тағы да сол сияқты қандай кәсіптер бар? Немесе басқа да бастауға оңайлау не бар? Жас кәсіпкерлер үшін мемлекет жеңілдік жасап, көмек бере ма? ::: Білетін тәжірибелі адамдар жауап берсінші, өз ойыңызбен ғана, сілтемесіз, толығырақ жауап берсеңіз. Жас қолданушылар жауап жазбай-ақ қойыңдаршы өтініш. Жауап күтем, тезірек!