+2 дауыс
2.2k көрілді
Өзімнен жасы үлкен адамдармен (20-30 жас) "қалайсыз" деп амандасу дұрыс па? "Қалайсыз" деп амандассам өзіммен жастылармен амандасқандай боламын. "Сәлеметсіз бе!" десем араларымыз алшақтап кеткендей болады? Не қылсам екен а?!

13 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Ол адам сізге қандай көзқараста? дос ретінде болса жараса беред. Аға немесе оданда үлкен кісі болса "сәлеметсізбе " деген дұрыс.
"Сәлеметсіз бе!" десем өзіме оғаштау көрінеді. Басқа да амандасудың түрлері жоқпеді? Себебі бір әпшем "қалайсыз" деп амандаспа, "сәлеметсіз бе"деп айт деген болатын, өзім де бір түрлі болып қалдым, тілім үйренбеген ба? Негізі көбінесе "Сәлеметсіз бе!" деп мұғалімдерге, сосын өзім онша-мұнша тани бермейтін туысқандарыма айтушы ем.........
Сіз апшеңізге "Сәлеметсіз бе!" деп айтыңыз онда. Мен мысалы жасы үлкен достарыма "қалайсыз" дим олай жараса береді достар арасында, ал ага немесе оданда үлкен кісілерге "Сәлеметсіз бе!" деп айтам. өйткені өзіңізден үлкен. құрмет көрсету керек.
+3 дауыс
Әрине "сәлеметсіз" бе деп амандасқан дұрыс, бірақ мен ондай жақын кісілерге "сәлем" деп амандасам немесе "сәлем бердік" деуге де болады ғой
+2 дауыс
Жақсы аралсып жүрген адамдар арасын да бола береді,өзім мән бермеймін.Қайта еркін пікір алмасуға жақсы сияқты.Маған қалай болса,солай сөйлей беріңдер,Адамдар арасында түрлі шектеулер(барьер)көбейген сайын,солғұрлым қарым - қатынас қиындай береді.Соларды азайтуға тырысайық,әрине шектен шықпай,әдептен озбай.
+1 дауыс
Калайсыз?деген ынгайсыздау болса,онда Калай жагдайыныз?деу керек! Улкендерге,апаларга арманыз?деймин.  Ал улкен жастагы,бирак кари еместерге,салеметсизбе? Калай жагдайыныз?деймин.
+2 дауыс
/Сәлеметқалайсың/ - деп амандасып көр :o
+1 дауыс
Сәлеметсіз бе? - деген дұрыс. Өз басымнан өткен.
+1 дауыс
Жасы үлкен адамдарға - Ассалаумағалейкум деп амандасу керек қой. Мен үнемі Ассалаумағалейкум деп амандасамын. Ал тәтелерге: Сәлеметсіз бе деймін.
Қыздарға  Ассалаумағалейкум  деп айту сәл оғаштау көрінетін сияқты(hi)
айтып тұрмын ғой тәтелерге: Сәлеметсіз бе деймін
+1 дауыс
Аccалаyмагалейкyм деп амандаcкан еpкектеpге жаpаcады. Ал cалеметciз калайcыз деп айел адамдаpмен амандаcкан жон. Еpкек еpкекке cаламатcыз калайcыз деп тypcа ынгайcызгой.
0 дауыс
"Қалайсыз" деп айтқан ыңғайлы сияқты. Онда тұрған ештеңе жоқ.  "қалайсыз" деп айтқан әдемі естілетін секілді.
рахмет, әрине)
–1 дауыс
Болатын жығар !!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
ия ия жығар,
0 дауыс
салам братан деп амандас респект!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
хахах, өзіңіз амандаса беріңіз братандарыңызбен...
0 дауыс
дұрыс қалайсыз дегеннің  несі бар жақсы ғой,қалайсыз деп(handshake) керек
0 дауыс
Жалпы қалайсыз деп амандасуға қарсымын. Қалайсыз деген сөз ауырып жатқан адамға айтылатындай көрінеді. Осы, "қалайсыз" деп амандасу соңғы кездерде пайда болды-ау. Осыдан 10 жыл бұрын "қалайсыз" деп амандаспайтын едік, қазір етіміз үйреніп бара жатыр.  Амандасудың түрі көп қой: Амансыз ба, Саламатсыз ба, Қал-жағдайыңыз қалай, т.б.
...