Мен өзім осы пікірлердің арасынан Х МАНның пікірін қолдаймын және осы әрекетіммен Админнің дін туралы санатты алып тастауына қосылатынымды білдіремін.Дін мәселесі бүгінгі таңда өте қырағы қарауды қажет етіп отырған өзекті мәселе.Егер ол санатты қойсақ сайт сыпайылап айтқанда таласқа,форумға айналып кету кауіпі бар.Қазірдің өзінде кейбір сәттерде дін жайындағы сұрақтар қойылып қалады.Бірақ соны аңғарып қарасаң сол сұрақтың көбі бірнәрсені түсінбегендіктен,не болмаса білсем деген мақсатта емес,талас тудыру,арандату мақсатында берілетін сұрақтарға көбірек ұқсайды.Міне осындай жайттардан сақтану және дәл қазіргі дін тақырыбының бүкіл Евразия материгін алаңдатып отырған мәселе болғанына байланысты,айқайға аттан қоспай бұл мәселемен арнайы заңды мекемелер(муфтият,мешіт және арнайы сайттар)айналысқаны дұрыс.Шын пейілімен,ақ ниетімен дін туралы түсінбегенін білгісі келетін азаматтарға,дұрыс сауал қойылса "Сұрақ-жауап" сайты керекті мәлімет алатын сайттардың сілтемесін беруге қарсы болмайды деп білемін.Ал бұл шара "Сұрақ - жауап"тың да,оның модераторлары мен тұрақты қолданушыларының да дінге еш қарсы емес екенін,қайта Дін тазалығына ат салысыуы деп түсініулеріңізді сұранамын.
Ал көптен кірмей кеткен қолданушылар жайында не айтуға болады,ол адамның уақытына, болмаса түрлі жағдайларына(проблема) байланысты ғой енді.Ал сұрақтар сапасына келсек,сапасы төмен сұрақтардың бары рас.Сайттың бір жасын жақында ғана атап өттік қой.Қазақта:
-"Көш жүре түзеледі"- деген дана мақал бар емес па,жылдар өте келе,сұрақтар екшелене келе бұл сайтта үлкен Энциколопедияға айналар.Сол кезде мен де іргесін қалауға атсалысқанмын деп айта жүресің,МАЙРОШ.