0 дауыс
1.5k көрілді
"Сағынтып шақырдың ба?" деген әнді іздеп жүрмін!  Сөздері кімдікі, әнін кім жазған?!

"Жай ғана тербеледі
Шынардың жапырағы.
Сен жүрген жерге мені
Бір биік шақырады..."  деп басталады. Бар болса сілтемесін жазсаңыздар. Алдын-ала рахмет!

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Нұрлан Албан - Аңсау (сөзі К.Ахметова әні О.Садуакасов)
Рахмет, Болат, бірақ бұл мүлде басқа ән екен!
0 дауыс
Жай ғана тербеледі Шынардың жапырағы. Сен жүрген жерге мені Бір биік шақырады. Жоқ қуған жолаушымын, Іздерім жатыр құмда. Ақ таудың сонау шыңы Сен болын шақырдың ба? Алыстан қол бұлғайды Ақ сағым еркелеген. Көрсем деп сол арайды Оянам ертеменен. Өз сырым - бар айтарым - Шешімі ақылдың да. Сен болып арай таңым Сағынтып шақырдың ба? Жақсымды досқа арнағам, Емеспін жақын мұңға. Жолым боп басталмаған Сен мені шақырдың ба? Үмітті мезгіл жеңсе де, Тәкаппар, асқақ еңсемен, Тағдыр деп танып өзіңді, Жақсылық күтем мен сенен. Жұбату күтем - жыласам, Қолымды созам - құласам. Өзің біл, жаным, аясаң, Өзің біл, жаным, сынасаң. Жылатам десең сен... Мейлің, Сенбеймін бірақ, Сенбеймін. Жамандық жасау ешқашан Қолыңнан сенің келмейді. Сондықтан саған сенем мен. Көзімде мұңға бөленген Өлеңмен, Иә! Өлеңмен Өзіңе ұшып келем мен. Түсінем десең, өзің біл, Түңілтем десең, өзің біл. Түсіме кірмеген сезім - бұл, Түсіндіре алмайтын кезім - бұл! Туған жер топырағында қатар өскен Бала едік. Ол күн қалай кетер естен! Арманым сен ғана деп тұрсың бүгін, Жоқсың ба қалауыңнан қателескен? Шын шешім жүрегіңмен етеріңде, Ескер менің шартым бар екенін де. Жаның - жомарт, мақсатың - өр болса екен Қазақтың қасиетті мекеніндей. Адал бол, азаймасын бірақта айбын, Айбынды жігіт көңілін құлатпаймын. Таулардың паңдығына қызығам мен, Ұсақ, жеңіл жандарды ұнатпаймын. Білмеппін жүрегіңде барын мұнша ән, Бұлаңдаған осынау шағым бір сән. Өзіңнен қалай алыс кете алармын, Тамаша қасиеттермен табындырсаң... 1963 ж. Өткен іске өкініш жоқ дей тұра, Өткен дәурен, келер уақыт - екі күш. Албырт жылдар ала кеткен бейкүнә Балалық шақ оралмасы - өкініш. Бүгін таңда көңілі толмай жатқандар Болса-дағы келер күннен үміткер, Өткен күнді сағынатын шақтар бар Келешектің жетегінде жүріп те.

Ұқсас сұрақтар

...